Меню KDT
МЕНЮ

«№56 мектеп-лицей»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

logo.png?_=1509509150

№56 мектеп-лицей сайтына қош келдіңіз!
Меню школы





Мектеп кітапханасын пайдаланудың жалпы ережелері
  • Орта білім беретін ұйымның кітапханасын (әрі қарай мектеп кітапханасын) пайдаланудың үлгі қағидалары орта білім беретін ұйымның кітапханасы туралы үлгі ереже негізінде әзірленді.
  • Мектеп кітапханасын пайдалану қағидалары – оқырманның кітапханамен өзара қарым-қатынасын бекітетін құжат және оқырмандарға қызмет көрсетуді ұйымдастырудың жалпы тәртібін, кітапхана қорына қолжетімділік тәртібін, оқырмандар мен кітапхананың құқықтары мен міндеттерін белгілейді.
  • Кітапхана білім беру үдерісінің барлық қатысушылары – мектеп әкімшілігіне, педагогика ұжымына, оқушылар мен ата-аналарға (әрі қарай оқырмандарға) жеке және өздігінен білім алу жұмысы үшін кітапхана және ақпарат-библиографиялық қызмет көрсетудің дәстүрлі нысандары мен әдістерін пайдалана отырып білім беру және педагогикалық ақпаратқа еркін қолжетімділікті ұсынады.
  • Кітапхананың жұмыс режімін орта білім беретін ұйымның ішкі еңбек тәртібі қағидаларына сәйкес мектеп директоры белгілейді.
  • Оқырман-оқушыларға қызмет көрсетудің саралы тәсілін қамтамасыз ету үшін оқушылардың жекелеген топтарына сыныптарымен белгілі бір күндерді (сағаттарды) бөлу арқылы кітапхананың жұмыс кестесі әзірленеді.

Кітапхананы пайдалану тәртібі

  • Кітапхана оқырмандарға абонементте және оқу залында қызмет көрсетеді.
  • Оқырмандар қызметіне кітапхана қорларын салалық құрамы әмбебап, дәстүрлі (кітаптар, мерзімді басылымдар) және электронды ақпарат тасығыштағы (CD-ROM, мультимедиа): оқу, көркем, анықтама, ғылыми-көпшілік, ғылыми-педагогикалық және әдістеме әдебиетінің қоры ұсынылады.
  • Оқырмандарды кітапханаға жазу абонементте жүргізіледі:
  • оқушылар – жекелеген ретпен сыныптар (топтар) тізімі бойынша;
  • педагогтар, мектеп қызметкерлері мен ата-аналар – жеке куәлігі бойынша.
  • Әрбір оқырманға кітапхананы пайдалануға құқық беретін белгілі бір үлгідегі оқырман формуляры толтырылады.
  • Кітапханаға жазылар кезде оқырмандар кітапхананы пайдалану қағидаларымен танысып, оларды орындайтыны туралы міндеттемені оқырман формулярына қол қоюмен растауы тиіс.
  • Оқырман және кітап формуляры оқырманға кітапхана қорынан құжаттардың берілгені мен оларды кітапханашының қабылдап алу фактісі мен берілген күнін тіркейді.


Оқу залын пайдалану тәртібі.

  • Оқу залында пайдалануға арналған құжаттар үйге берілмейді.
  • Энциклопедиялар, анықтамалық, сирек және құнды басылымдар, сондай-ақ мерзімді басылымдар тек оқу залында жұмыс істеу үшін ғана беріледі.
  • Оқырманның оқу залында жұмыс істейтін құжаттарының саны шектелмейді.
  • Оқырмандар (1-2 сыныптар оқушыларынан басқасы) басылымдардың әрбір данасы үшін оқырман формулярына қол қояды, құжаттардың қайтарылуы кітапханашының қолымен расталады.

Құжаттарды пайдалану мерзімі бітуіне қарай кітапханашы оқырманға құжаттарды он күн мерзімінде қайтару қажеттігі туралы ескертеді. Егер құжаттар осы мерзімде кітапханаға қайтарылмаса кітапханашы оқушының ата-анасына (немесе олардың орнындағы адамдарға) оларды қайтару немесе жоғалтқан жағдайда екі айдың ішінде мазмұны мен құны бірдей құжаттармен алмастыру туралы жазбаша талап хат жібереді.                                                                                                                                       

Оқырмандардың құқықтары, міндеттері:

  • Кітапхананы пайдалану қағидаларын сақтауға.
  • Жыл сайын оқу жылының басында қайта тіркеуден өтуге.
  • Кітапханада тыныштық пен тәртіпті сақтауға, кітапхана бөлмесіне үлкен портфельдер мен сөмкелерді алып кірмеуге.
  • Кітапхана қорынан алынған құжаттарға (онда белгілер жасамауға, сызбауға, жыртпауға, беттерін бүктемеуге және т.т.),  құрал-жабдықтар мен саймандарға ұқыппен қарауға.
  • Кітапхана бөлмесінен оқырман формулярына жазылмаған құжаттарды алып шықпауға.
  • Оқу залының қорын тек кітапхана бөлмесінде ғана пайдалануға.
  • Еркін қолжетімді қордағы әдебиеттердің орналасуы тәртібін бұзбауға, каталогтар мен картотекалардан кәртішкелерді суырмауға, кітапханашының рұқсатынсыз қызмет бөлмесі мен кітап қоймасына кірмеуге.
  • Кітапхананың баспа құжаттарын алар кезде оқырман онда ақаудың (жыртылған беттерінің, құжатта жазудың және т.б.) жоқ екеніне көз жеткізуге және ақаулар табылған жағдайда ол туралы кітапханашыға хабарлауға тиіс, ол құжатта тиісті белгілер соғуға міндетті. Өткізілетін құжаттардан табылған ақаулар үшін соңғы тапсырушы жауап береді.
  • Әрбір алынған құжат үшін оқырман және кітап формулярына қол қоюға (бастауыш сыныптар оқушыларынан басқасы).
  • Кітапханаға құжаттарды белгіленген мерзімде қайтаруға.
  • Құжаттарды жоғалтқан немесе бүлдірген жағдайда оларды сондай немесе олардың көшірмелерімен немесе кітапхананың құны бірдей деп таныған басылымдарымен алмастыруға, айырбастау мүмкін болмаған жағдайда – құжаттардың шынайы нарықтық құнын өтеуге міндетті. Жоғалған, бүлінген құжаттардың құнын кітапхана меңгерушісі (кітапханашы) кітапхананың есеп құжаттарында көрсетілген бағаларға сүйеніп, кітапхана қорларын қайта бағалау коэффициентін қолдана отырып белгілейді.
  • Кәмелетке толмаған оқырман-оқушының кітапхана қорынан құжаттар жоғалтқан немесе оған орны толмас залал келтірген жағдайда ата-аналары (немесе олардың орнындағы адамдар) жауапкершілікке тартылады.
  • Оқырман мектептен кеткен жағдайда өзіне жазылған құжаттарды кітапханаға қайтаруы тиіс.
  • Мұғалімдер мен мектеп қызметкерлері кеткен жағдайда кітапханада өзінің кету парағын белгілеуге, кетіп бара жатқан оқушылардың жеке істері кітапханашының тиісті белгісінен кейін беріледі.


 

Список пуст
sim1.jpg?_=1573112953 sim2.png?_=1519383953 sim3.png?_=1519384080

Послание
Президента

blog1.jpg?_=1510120441

Біздің сайтқа баға беріңіз ???

Дауыс беру

Статистика

  • Осы айда : 1458
  • Осы аптада : 59
  • Кеше : 9
  • Бүгін : 6
  • Желіде : 0