Меню KDT
МЕНЮ

«№56 мектеп-лицей»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

logo.png?_=1509509150

№56 мектеп-лицей сайтына қош келдіңіз!
Меню школы

Кітап - білім бұлағы


30.01.2020

Нұр-Сұлтан қаласы №56 мектеп-лицейінде  қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына сәйкес  кітапхана меңгерушісі Қ.Т.Қозыбаева және мектеп мұғалімдері Г.Б.Орынбаева, Ф.Б.Қылышбек және Д.З.Сейтжанның ұйымдастыруымен  5-6 сынып оқушыларының арасында «Сен білесің бе?» интеллектуалды ойыны болып өтті.  Интеллектуалды ойынның өткізілу мақсаты ақынның  өмір жолы мен шығармашылығын, өлеңдерін, қара сөздерін насихаттау арқылы өскелең ұрпақты адамгершілікке баулу болып табылады. Ойын Жекпе-жек, Қызықты алаң, Бәйге, Құпиялы хат кезеңдерінен тұрды. Ойын барысында оқушылар ақынның өлеңін оқып, өмір жолы және шығармашылығынай байланысты сұрақтарға жауап берді.  Оқушылар қызығушылық танытып, белсенді қатысты. Ойын соңында оқушылар ақынның «Көзімнің қарасы» өлеңімен аяқтап, мақтау қағаздарымен марапатталды.

    

Нұр-Сұлтан қаласы № 56 мектеп - лицей кітапханасының «Рәміздерді құрметтеу - халықты құрметтеу» атты өткізілген көрмесі

Мақсаты: Қазақстан Республикасының рәміздерін оқып үйрену. Әрбір белгісін түсіндіру, мағынасын ашу. Оқушыларды ел рәміздерін қастерлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында мектеп  кітапханасында

«Қазақстан менің отаным» атты көрме  ұйымдастырылды.

Көрмеге  қойылған  кітаптар:

Н.Ә.Назарбаевтың  кітаптары,  буклеттер, Қ.Р. конститутциясы,  Қазақтың Ата – Заңы,  Қ.Р.Рәміздері,

Адам құқықтары туралы  және  газет – журналдан  алынған  мәліметтер.

    

№56 мектеп-лицей кітапханасында Тұңғыш Президент   күніне орай "Елбасы ел-тірегі" тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Елбасының өмір жолын топтық жұмыс жасалып өз ойларын ортаға салды.


№56 мектеп –лицей кітапханасында  Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына байланысты «Поэзия падишасы- Фариза» тақырыбында көрме жасалып,позэзия сағаты, сахналық қойылым  өткізілді.




    
№ 56мектеп -лицейінде 28 қараша күні ағылшын тілі апталығында Кітапханамен бірлескен "Treasure hunt" (Квест) жарысы болды.    Оқушылар 2 топқа бөлінді "Теңізшілер" және "Солдаттар " қолдарына  берілген карта арқылы қазынаны олар кітапханада "My traeasure map" арқылы өз карталарын жасап кітапханадан қазынаны тапты. "Теңізшілер"  жеңіске  жетті өте қызықты аяқталы.





  
  
  
 

«Кім жылдам?» «BOOK BINGO» шапшаң ойындары 7 «В» сынып оқушыларымен ойнатылды  ТОЛЫҒЫРАҚ >>>>>>>>>>>>>>




  
 



 
 
  
 



 
 


 
 
 


 


27.02.2017ж.
 



 

Послание
Президента

blog1.jpg?_=1510120441

Біздің сайтқа баға беріңіз ???

Дауыс беру

Статистика

  • Осы айда : 1454
  • Осы аптада : 55
  • Кеше : 9
  • Бүгін : 2
  • Желіде : 0

Полезные ссылки