Меню KDT
МЕНЮ

«№56 мектеп-лицей»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

logo.png

 Сәлеметсіз бе! №56 мектеп-лицей сайтына қош келдіңіз!
Меню школы

Психолог кеңесі

Мектеп психологтары

Жаппашева Айгуль  Рахимжанқызы 

Бітірген жоғарғы оқу орны:  Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Университеті, Оңтүстік Казақстан Педагогикалық университеті. Толығырақ>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>

Басылымға шыққан мақалалары: Мектепгі психология журналына «Мұғалім мен оқушы арасындағы жағымды психологиялық қарым-қатынас орнату» тақырыбында мақаласы жарияланды.«Білім менеджері» журналына «Жасөспірімдердің өтпелі кезеңі» мақаласы жарық көрді. Сонымен қатар, «Қазақстан әйелдері» журналына «Балаңыздың бабын табыңыз» тақырыбында мақала баспа бетіне шықты.



 
ТОЛЫҒЫРАҚ >>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>










14.12.2017ж.


«Асыл қазынам» әжелер қауымдастығы, «Алтын тұғыр» отбасы мектебімен жүргізілген іс-шаралар


 Жалпы ата – аналар жиналысы

 

Тақырыбы: Рухани  жаңғыру – білім әлемінде.

Мақсаты: 2017-2018   оқу жылындағы жаңадан келген оқушылардың  ата-аналарына психологиялық кеңес  беру, ата-аналар комитетінің  жұмыс жоспарымен таныстыру.

 16- қыркүйекте  №56 мектеп-лицейінде жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Күн тәртібі  бойынша  бірінші мәселеде  мектебіміздің тәрбие - ісінің меңгерушісі Кемелбекова Ж.С  «Болашаққа  бағдар: рухани  жаңғыру» баяндамасын оқыды. Бескіндік оқу жүйесін  оқу ісінің  меңгерушісі Апуова С.Н  таныстырды.   Мектебіміздің психологы Жаппашева А.Р жаңадан келген оқушылардың алынған сауалнамасымен таныстырып,    ата-аналарына психологиялық кеңес  берілді. 2017-2018 оқу жылында ата-аналар комитетінің жұмыс жоспарымен таныстырылды. Өткен жылда істелінген жоспарлы жұмыстардың қорытындысмен  таныстырды.


Шешімі:

      1. «Болашаққа  бағдар – рухани жаңғыру  идеясы бойынша  жүргізілетін  жұмыстар пән  мұғалімдері мен сынып жетекшілері тарапынан жандандырылсын»

  1. мектеп-лицейі толық көщкендіктен, сенбі күнгі факультатив сабақтарға оқушылардың қарастырылуы сынып жетекшілері  мен ата-аналарға жүктелсін.
  2. жұмыс сынып жетекшілеріне, ата-аналар кеңесіне  жіне мектеп психологына жүктелсін.
  3. Оқушылардың  бос уақытының  ұйымдастырылуы мақсатында жүргізілетін жұмыстар ата-аналар мен  сынып жетекшілеріне жүктелсін.

      5.  Сыныптардағы ата-аналар кеңесінің жұмысын  бақылау және  жандандыру мектепішілік ата-аналар кеңесіне жүктелсін.


 

1-сыныптарға  арналаған   ата-аналар жиналысы.

Тақырыбы:  Мектепке дайындығыныз қандай ?

   Мақсаты:оқушылардан алынған әдістеменің қортындысымен таныстыру, 1 сынып оқушыларына психологиялық кеңес беру.

      2017 жылдың қыркүйектің 16 жұлдызында № 56 мектеп-лицейінің 2017-18 оқу жылында қабылданған 1 сыныптардың ата-аналарына арналған психологиялық зерттеулердің нәтижесін таныстыру мақсатында жиналыс өтті.

      Жиналыс барысында ата-аналардың бір-бірімен ұжымдағы қарым-қатынасты        жақсарту және бір-бірін жақынырақ тану танысу үшін  «Менің көршім» атты тренинг жүргізілді.Сонымен қатар төмендегідей психологиялық кеңес берілді.

  1. тамағын ішпей жатып ұрыс-керіс ұйымдастырмаңыз;
  2. Егер балаңыз сабақтан кешігетіндей болып жатса, онда «Бол да болдың!» астына алып айғаламаңыз. Оны ертерек оятпаған  өзіңіз кінәлісіз
  3. Есіктен кірмей жатып, «Бүгін қандай баға алдың?» деп бас салып балыңызды сұрақтың астына алмаңыз. Мектептен келген балаңызды көңілді қарсы алыңыз, оның сабақтан шаршап келгенін ескеріңіз;

  4. Егер бала әлденеге ренжіп келсе, бірдеңені айтпақшы болса, «сені тындауға уақытым жоқ» демей, арнайы көңіл бөліп, мұқият тыңдаңыз;
  5. Балаңыз ашуланып жүрсе, үндемеңіз. Сабасына түскен соң, ол болған жайды өзі-ақ айтады;
  6. үшін мұғалім  шақыртса, өзара әңгімеге баланы қатыстырмаңыз;



Шешім:

  1. Бейімделу кезінде қиындықтар ата-аналар мен қарым –қатынастағы  мәселелер сапалы жүргізілуі мектеп психологына  жүктелсін.
  2. Сабаққа кешікпей әкелу, мектептің ішікі ережелерін сақтау, сынып жетекшілерімен ата-аналарына жүктелсін. 





№56 мектеп лицейінде  28-29  қаңтар аралығында Бастауыштан орта буынға бейімделу заңдылықтары тақырыбында 5- сынып ата-аналары , пән мұғалімдері,  сынып жетекшілері ,бастауыштағы сынып жетекшілері, қазіргі 4- сынып мұғалімдері мектеп әкімшілігі түгел қамтылған      педагогикалық консилиум   болды.

Педагогикалық консилиум    мақсаты.1. Әрбір жеке тұлғаны тереңірек танып білу. 2. Оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда жіберілген кемшіліктер мен ол қылықтарды түзету. 3. Ортақ психологиялық – педагогикалық ұстаныммен жеке тұлғаны дамыту..

Күн тәртібінде

Сынып жетекшілердің сынып туралы сараптамасы

Ата-аналардың есебін тыңдау

Пән мұғалімдердің пәндік сараптамасы

Психологиялық , әлеуметтік,  медициналық сараптамасы




Ата – аналар жиналысы

Тақырыбы: Әлеуметтік желілерге тәуелділіктің жасөспірім психологиясына  кері әсері.

Мақсаты: Ата-аналарға әлеуметтік желілердің  кері әсері туралы мағлұмат беру және оны алдын – алу.

23 – қаңтар күні №56  мектеп лицейінде «Әлеуметтік желілерге тәуелділіктің жасөспірім психологиясына  кері әсері»  атты тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Күн тәртібіндегі 1-мәселе бойынша мектеп психологы А.Р.Жаппашева  «әлеуметтік желілердің жасөспірім психологиясына  кері әсері  1.Есте сақтауға қабілетінің  төмендеуі,білімге деген мотивациясы  жоғалуы,уақытты  дұрыс үнемдемеуі,ұйқы режимінің  бұзылуы,ішкі агрессияның қозуы,шынайы  өмірден алшақ кетуі,ерте жыныстық  жетілуі,физиологиясына кері әсері (салмақ, іс – әрекет, көз),аутодеструктивті мінез-құлық  қадамдарына  ықпал ету,айналасына зейінді болуы  төмендейді.

Көптеген оқушылар қазіргі таңда әлеуметтік желілерге тәуелді екенін жасырмайды. Ата-аналармен   бірлесе отырып әлеуметтік желіні  пайдалану ережелері қарастырылды.

 «Қазақтелеком» АҚ-мы қызметкерлері келіп, интернет  желісінің пайдасыз сайттарды жабық тосқауыл (закрытый доступ) қоюға кеңес берді.

 Шешім қабылданды: ата-аналар тарапынынан оқушылар мобильдік интернет жоқ телефон қолдануды ұсынды.







2-3 сынып  оқушыларына  арналған    «Әлеуметтік  ортадағы  менің  мінез - құлқым»  тренинг.

Мақсаты: оқушалардың  әлеуметтік ортада тез бейімделуін  қалыптастыру.




Бастауыш сынып мұғалімдердің жиналысының ақпараттық анықтамасы

Мақсаты: Тұйықталған, шеттетілген  оқушылардың  мүмкіндіктерін  ашуға  арналған психологиялық  бағыт беру. 

Әдістеменің  тәжірибелік  бөлімі, дұрыс сұрақ  қоя білу,  оқушыларды қолдау, психологиялық  дұрыс  кеңес беруге үйрету.

№ 56 мектеп-лицейіне 2015-16 оқу жылындағы жаңадан келген оқушылардың бейімделуі жайлы психологиялық мәлімет. Жете қарау>>>



№ 56 мектеп-лицейіне 2015-16 оқу жылының қыркүйек айында өткізілген 
ата – аналар жиналысының ақпарттық анықтамасы

Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі ата – ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіну.Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық, қарым –қатынасты қалыптастыру.Балалардың физиологиялық тұрғыда ақпарат беру. Балалардың мектепке бейімделуі жайлы ақпараттармен таныстыру.Жете қарау>>>

 
Астана қаласында №56 мектеп лицейінде 18.09.2015 жылы «Отбасы бақыт мекені»  тақырыбында мектепішілік байқау өткізілді. Байқауға іріктелген отбасылар қатысты.

Мақсаты:  1. Қазіргі таңдағы отбасылар мәселелерінде тиімді шешу.Жете қарау>>>

                    

"Әрбір ата-ананың парызы- ұрпағының парасатты болуына қамқор болу"

Әлемді өзгерту - өзіңнен басталады

Оқушылардың өзін-өзі тану бойынша шығармашылық жұмыстары

1. Шрайманов Бекзат- "Алынбайтын асу жоқ" жүктеу>>>


2. Кенжебек Сымбат- "Махаббат-өмір көркі" жүктеу>>>

 


Бақытты болу өнері. Толығырақ>>>

Біз өмірді таңдаймыз. Толығырақ>>>


«Бастауыштан орта буынға бейімделу»
(Педагогикалық-психологиялық консилиум)
«Бастауыштан орта буынға» тақырыбында педагогикалық-психологиялық консилиум

 

Педконсилиумның негізгі мақсаты: 
1. Әрбір жеке тұлғаны тереңірек танып білу.
2. Оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда жіберілген кемшіліктер мен олқылықтарды түзету.
3. Ортақ психологиялық – педагогикалық ұстаныммен жеке тұлғаны дамыту.
Міндеті:
1. 5-сынып оқушыларының психологиялық, әлеуметтік, медициналық зерттеу нәтижелерімен таныстыру
2. Оқу жүйесіндегі оқушылардың мүмкіндіктерін талқылау.
3. Зерттеу қорытындыларынан ортақ шешім қабылдау.

Күн тәртібінде мына мәселелер қаралды.

• 1. Консилиум мақсат-міндеттерімен таныстыру.

• 2. Пән мұғалім, сынып жетекшілерінің бағалауы

• 3. Психологиялық, әлеуметтік, медициналық зерттеу нәтижелерімен таныстыру.

• 4. “Менің сүйікті ұстазым!” марапаттау кезеңі

• 5. Қорытындылау


Педконсилиум барысында әрбір 5-сыныптың сынып жетекшілері сыныпқа мінездеме берді

Пән мұғалімдері төмендегі параметрлер бойынша сынып оқушыларын бағалады

1. Жаңа тақырыпты меңгеруі

2. Сабақтағы тәртібі

3. Тақтадағы жауабы

4. Бақылау, тест жұмыстары

5. Оқу-дағдысы

6. Үй жұмысы

Оқу ісінің меңгерушілері 5-сынып оқушыларының білім деңгейін бастауыш сыныптағы білім деңгейлерімен салыстырмалы түрде көрсетті.

Тәрбие ісінің меңгерушілері тәрбиелік деңгейін, мектеп социологтары әлеуметтік жағдайын, медбике денсаулық жағдайын, мектеп психологтары оқушылардың психологиялық жағдайын (қобалжу деңгейі, интеллект деңгейі, отбасылық жағдайы, сынып жетекшімен қарым-қатынасы, сынып оқушыларының бір-бірімен қарым-қатынасы) пән мұғалімдері мен сынып жетекшілерге таныстырды

 “Менің сүйікті ұстазым!” марапаттау кезеңі

Оқушылардың сауалнамаларының қорытындысы бойынша

1. «Ең үздік сынып жетекші» номинациясын

5 «а» сынып жетекшісі Ахетова Светлана Абдрайханқызы

2.“Сынып жетекшім - менің екінші анам” номинациясын

5 «в» сынып жетекшісі Сүлкеева Арай Жанатқызы

3. «Сынып жетекшім – менің үлкен досым” номинациясын

5 «ә» сынып жетекшісі Ахтанбекова Әсем Амангелдіқызы

4. «Ең интелектісі жоғары сынып» номинациясын

5 «б» сынып жетекшісі Ибраева Ұлбосын Өмірзаққызы иеленді.

“Менің сүйікті ұстазым” номинациясы

I орын Ошақбаева Зүбайра Игілікқызына,
II орын Тугусова Күлзипа Ракишқызына, 
III орын Омаралина Меруерт Атарқызына берілді.

Қорытынды

Педконсилиумның шешімі
1. Пән мұғалімдері 5-сынып оқушыларының педагогикалық-психологиялық дамуындағы ерекшеліктерін ескере отырып, сынып жетекші, ата-ана, бастауыш сыныптағы жетекшілерімен өзара сабақтастықты жүйелі түрде жүргізсін.
2. «Бастауыштан орта буынға бейімделу заңдылықтары» тақырыбындағы пед.консилиум өте жақсы деңгейде деп табылсын.
3. Анықталған кемшіліктер бойынша алдағы уақытта оқу-тәрбие процесі жандандырылсын.

 



«Өзімді не үшін білуім керек?» 
(тренинг)

Сынып:8-9
Мақсаты:
Оқушылардың өзін-өзі тану себептерін туындату. 
Өзін-өзі тануға және рефлексияға жетуге дағдыландыру.
Құрал-жабдықтар:

Дәптер, қалам, қарындаш, түрлі-түсті кесіндісі бар қораптар, 6 түрлі-түсті жолақпен желімделген болуы керек.

Сабақтың мазмұны:

1. Сабаққа бағыттау.

«Түстер көңіл-күйі» жаттығуы.

- Әрбір қатысушы өзінің дәл қазіргі көңіл-күйінің түсін таңдайды және картонды төртбұрышты сол түске келетін ұяға тастайды.

Психолог қорапты ашып хабарлайды: (түстердің түрін және оның дәл санын айтпайды), бүгінгі сабаққа балалардың қандай көңіл-күймен келгендерін айтады. Сосын осы айтылған қорытындының олардың көңіл-күйімен сәйкес келген-келмегенін сұрап, анықтайды.

«Мен сенімен қарым-қатынас жасауға қуаныштымын» жаттығуы.

Психолог: Қазір мынандай тапсырманы орындайсындар, жанында тұрған адамға мына сөзді айтып қолды созасың « Мен сенімен қарым-қатынас жасауға қуаныштымын», « Ал сіз ше?» деп қолын созған адам әрі қарай осы сөзді айтып, келесі адамға қолын созады. Осылай тізілу арқылы бір-бірін қолын ұстап шеңбер құрады.

2. Үйге берген тапсырманы талқылау.

Психолог: « Сенімен қарым-қатынас жасау ұнамды» әдістемесі бойынша неше пайыз алғандарыңды білгілерін келеме?

Психолог максимальды пайызды атайды.

Психолог: Сендер қалай ойласындар сыныптастардың ойын өзгертуге бола ма? Оны қалай жасау керек?

Байқағандарындай, әр түрлі адаммен сендер әр түрлі қарым-қатынас жасайсындар.

Ал кім өзін жақсы біледі?

Өзіңдегінің бәрі өзіңе ұнай ма?

Біздің басқалардан айырмашылығымыз қандай?

Өзіңді білу қажет пе?

3. Тақырыппен жұмыс.

Өздік талдау жасау: « Мен кіммін? мен қандаймын?»

Психолог: жазбаша үш сөйлемді жазып, ойларыңды жалғастырыңдар:

Мен ойлаймын, себебі мен ...

Басқалар ойлайды, себебі...

Менің болғым келеді, себебі ...

Ескерту: Әрбір сөйлемге оқушыларға плакаттағы сұрақтарға жауап беруге көмек ретінде берілген сөздер тізімінен алуға болады.

Сөздер тізімі: Әдемі, босаң, сүйкімді, қолапайсыз, әділ, мақтаншақ, еңбексүйгіш, көңілсіз, ақылды, батыл, сараң, күлкілі, шыдамды, сенімді, ұнамсыз, ойлы, жақсы дені сау, ілтипатты, ұяң, адал, ақымақ, жалғыздық, әсем, күрт, нәзік, күшті, пәлеқор, өтірікші, ақылды, достықты сүйетін.

Жаттығу « Ыстық орындық »

Психолог: Қазір әрқайсың өздеріңнің сыныптастарыңның ой-пікірі сенің өзіңнің ой-пікіріңмен сәйкес келетіндігін тексеруге болады.

Әркім (кезекпен) ортадағы тұрған орындықтан орын алады және сұраққа жауап береді: «Ол қандай?» Ол үшін олар сөздер тізімінен бірнеше сөзді таңдап алады (жоғарыда көрсетілген). Ортада отырған адам оның ой-пікірімен сәйкес келген сөздерді (белгілейді) атайды. ( Мен ойлаймын, себебі мен) Сәйкес келген сөздер саны саналады.

4. Сабақты талдау.

Психолог: Кәнеки, өздеріңнің сабақтарыңды бағалайық. Өздеріңнің бағаларыңды қойыңдар. «Үш» деген санды атағанда қажетті деп санаған саусақтың санын көрсетіңдер. Не ұнайды?

Қандай қиындықты өткердіңдер?

Кімді бағалау қиын өзіңді ме, әлде басқаны ма?

5. Үйге тапсырма: Үйде мынандай тапсырманы орындайсындар. «Күннің көзі аясында» деген тақырыпта сурет саласыңдар. Шеңберді сызып, ортасына «Мен» деп жазыңдар. Шеңбердің шекарасында күннің шапағын салыңдар: Күннің шапағының саны өздеріңнің мінездеріңнің бағалаған санындай болу керек. Сәйкес келген жақсы сапаларды қызылмен бояу, ал кері жағдайларда көкпен бояу қажет.

sim1.png sim2.png sim3.png

Послание
Президента

blog1.jpg
Мектеп директоры:
Жұмағазы Әзенұлы Әлпішев
Біздің сайтқа баға беріңіз ???

Дауыс беру

Статистика

  • Осы айда : 805
  • Осы аптада : 193
  • Кеше : 18
  • Бүгін : 23
  • Желіде : 0

Полезные ссылки