Меню KDT
МЕНЮ

«№56 мектеп-лицей»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

logo.png

 Сәлеметсіз бе! №56 мектеп-лицей сайтына қош келдіңіз!
Меню школы

Қазақ тілі мен әдебиеті

 Апталықтың соңғы күні 17 қарашада мұғалімдер арасында «Кіл мықты да кім мықты?» атты интеллектуалдық сайыс өтті. Сайыс 3 турдан тұрды.

         Ойынға ағылшын, тарих, математика, орыс тілі бірлестіктерінің мұғалімдері белсене қатысты. Екі-екіден 3 топқа бөлініп, сайысқа түсті.

         Сайыс 3 турдан тұрды.

         І турда қазақтың мақал-мәтелдері суреттер арқылы жасырылынып берілді.

Суреттерде мақалдың мағынасына апаратын кілт суреттер таңдалды. Яғни, мұғалімдер суреттердегі детальдарды талдай отырып,  дұрыс жауапты болжады. Бұл турда 3 топ та белсенділік танытты.

ІІ турда 1 суретті, 3 мәтінді сұрақтар берілді. Сұрақтар ұстаздардың сыни ойлау дағдыларын дамытуға бағытталып құрылды. Сонымен қатар, командада бірлесе жұмыс істеу дағдыларына негізделді.

ІІІ турда қазақ ақындары мен жазушыларының танымал шығармаларын суреттер арқылы тауып алу қажет болды. Бұл турда да мұғалімдерді терең ойлануға жетелейтін, білімін белсендіретін сұрақтар болды

         Сулкеева Арай Жанатқызы, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі:

         Сайыс мен үшін тартысты өтті. Өзіміздің ұлтымыздың мақал-мәтелдерін еске түсірдік. Мақалдарды суреттер арқылы тауып алу әрі қызықты, әрі әсерлі болды.

         Жанбекова Гүлжанар Сәлемқызы, математика пәнінің мұғалімі:

         Апталыққа басқа бірлестіктерді де жұмылдыра білген қазақ тілі пәндерінің бірлестігіне алғыс айтамын. Расында да, ойын біз үшін өте қызықты болды. Әріптесеріммен сайысқа түсіп, бала кезде әдебиет пәнінен алған білімімізбен бірге бала күндерімізді де жаңғыртқандай болдық. Тапсырмалар бірлесіп талқылауға құрылған. Логиканы талап етеді. Сонысымен де тартымды болды.





          Астана қаласындағы  №56 мектеп-лицейіндегі «Қазақ тілі мен әдебиеті» мұғалімдері Б.Ү.Абламбаева  мен                      Г.Ж. Узденбаеваның ұйымдастыруымен 2018 жылы қараша айының  15 -  жұлдызында мектепішілік  «ӘКЕММЕН  ӘДЕБИЕТ  ӘЛЕМІНДЕМІН» атты байқауөтті.

        Байқауға қатысуға мектеп-лицейдің 4-5-сынып оқушылары мен ата-аналары шақырылды.

 Мақсаты: мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру, лицей оқушыларының рухани бай болып қалыптасуына жол ашу

                 «100 кітап оқу» жобасын ата-аналар мен оқушылар арасында  насихаттау, ата-аналармен тығыз қарым-қатынас орнату.

Міндеттері:

    -оқушыларға  «100 кітап оқу» жобасының басты идеясын насихаттау;

    -оқушылардың шығармашылық әлеуетін қалыптастыру;

    Байқау 2 кезеңнен тұрды.

     1.«Тіршілік тілі-ӘКЕЛЕР» атты поэзиялық  туындылар конкурсы.

      2.«Әкелердің орны бөлек...»атты проза жанрындағы шығармалар конкурсы.     Бұл номинациялар бойынша - байқауға қатысушы ата-аналар мен білім алушылар қазақ әдебиетіндегі классикалық туындылар мен қазіргі заман әдебиетінің көрнекті тұлғаларының шығармаларын мәнерлеп оқыды.

Әділқазылар алқасында : Директордың ғылыми істер жөніндегі орынбасары С.А. Үйсімбаева, мектеп психологы А.Р. Жаппашева, директордың ақпараттық істер жөніндегі орынбасары Г.Қ.Қасиетова, Абай –Шакәрім клубының жетекшісі Р.Ғ. Халесова болды.  Байқау барысында ата-аналармен оқушылар дайындықтарының ерекше екенін байқатты . Топ жарып бас жүлдені иеленген Тойшыбековтер отбасы болса , І орын Қадырхановтар отбасы , ІІ орын Байтуха отбасы,Бекежановтар  отбасы, ІІІ орынды Есеневтер, Сейтжановтар, Нұрмұхановтар отбасы иеленді.

     Осы шараға отбасыларды ұйымдастыруға атсалысқан 4-5 сынып жетекшілеріне алғысымызды білдіреміз.
 

 

13 қарашада қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Б.Ү.Абламбаеваның ұйымдастыруымен  латын әліпбиін меңгеру деңгейін анықтау мақсатында 5-сыныптар арасында кіші олимпиада өтті. Сайыс 4 кезеңнен тұрды:

  1. Таныстыру кезеңі
  2. Кім жылдам? Кезеңі (сұрақтың жауабын латын әліпбиі арқылы жазып беру)
  3. Диктант жазу
  4. Латын әрпінде берілген мәтінді оқу

Сайысқа 4 жұп қатысты: 1-жұп  Бухпанова Амина мен Асқарқызы Ақерке, 2-жұп- Жанабергенов Тамерлан мен Таутаев Нурали, 3-жұп Булатова Сания мен Айбекова Кәусар, 4-жұп- Исмагулова Саяжан мен Ибрагимова Айғаным. 5 сынып оқушылары «Латын әліпбиі» мектепішілік жобаға қазан айынан бастап қатысуда. Оқушылар әліпбиді меңгергендіктерін жұмыс барысында көрсете білді. Олимпиадаға қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері Д.Қ. Жүнісов, Г.С.Хамзина, Б.Қ. Қайранова төрелік етті. Нәтижесінде І орынды Бухпанова мен Асқарқызы, ІІ орынды Исмагулова Сания мен Ибрагимова Айғаным иеленсе,  ІІІ орынды Булатова Сания мен Айбекова  Кәусар және Жанабергенов Тамерлан мен Таутаев Нурали алды.  Кіші олимпиада тартымды, қызықты өтті.



Латын әліпбиіне көшу — тіліміз үшін жасалған игі қадам

           Жазу — барлық халыққа ортақ, мәдениеттерді  жалғастырушы, байланыстырушы  құндылықтардың бірі. Халықтың ғасырлар бойы игерген барлық жетістіктері жазу мұрасы арқылы танылады. Мемлекет басшысы «Біз алдағы уақытта да мемлекеттік тілді дамыту бағытындағы кешенді жобаларды жүзеге асыруды табандылықпен жалғастыра береміз.  Қазақ алфавитін 2025 жылға қарай латын графикасына көшіруге дайындық жұмысын осы бастан қолға алу қажет. Бұл қазақ тілін жаңғыртып қана қоймай, оны осы заманғы ақпараттың тіліне айналдырады» - деді өз Жолдауында.Бұл мәселені жан-жақты талқылау мақсатында республика көлемінде әрбір мекеме, ұйымдарда іс-шаралар ұйымдастырылуда.

           Биылғы оқу жылынан бастап  №56 мектеп лицейінде 5-сыныптардан құралған алғашқы топ латын әліпбиін үйренуді бастап кетті. 5 «Ә» сынып оқушылары Бухпанова Амина, Асқарқызы Ақерке, Айбекова Кәусар, Таутаев Нурали, Жанабергенов Тамерлан, Исагулова Айғаным, Ибрагимова Саяжан, Булатова Сания алғашқылардың бірі болып осы бастамаға қызығушылық танытты. Алғашқы сабақтарда  оқушылар өз аттарын жазу, әліпбидің ерекшеліктерімен танысса, қазіргі таңда сөздер мен сөз тіркестерін латын графикасында көшіріп  жазу, отбасы тақырыбына жазған қысқаша мәтіндерді жазып үйренуде. «Кім жылдам?» ойыны арқылы  қате жазылған сөздерді тексеру жұмыстары жүргізілуде.

                                  
                                                                  Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі:Абламбаева Б.Ү.

                               



  Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің  Музейінде

   №56 мектеп-лицейінің 8-В сыныбы оқушылары «Туған жерге тағзым» бағдарламасы аясында    Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің  Музейінде болып қайтты. Олар  Қазақстанның жаңа тарихының  осы Музейден басталғанын түсінді. Оқушылар Музей  қызметкерлері  таныстырған экспозицияларынан  республиканың мемлекеттік егемендікке қол жеткізуі мен оның Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың тәуелсіз демократиялық мемлекет құрудағы тарихи рөліне қызығушылық танытты.  Мемлекет Басшысы жұмыс атқарған кезеңдегі жұмыс кабинеттері мен залдардың интерьері мен жабдықтары сол күйі өзгертілмей сақталғанына таң қалғандарын  да  жасыра алмады.  
   Оларға «Атамекен» залындағы  Тұңғыш Президенттің жас кезең өмірімен таныстыратын экспозициялар да қатты ұнады. Бұл залдан сәндік – көркемдік өнер туындыларын тамашалады. Үй тұрмыстық заттары, фотосуреттер мен мұрағаттық құжаттар Н.Ә.Назарбаевтың туған жері, жанұясы, балалық шағы, мектеп жылдарынан сыр шертетін экспозицияны тамашалаған олар «Мектептерде  елбасытану сабақтары  неге жүрмейді?» деген сияқты сұрақтар  да қойып жатты . Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өткізілген залда Елбасымызға сый ретінде ұсынылған қару – жарақтың әр түрімен танысты. Олардың ішінде саптық, аңшылыққа арналған, қорғау және оқ ататын қарулардың бірнеше  үлгілері бар.  
Музейдің түрлі тақырыптағы  залдарын аралай отырып, Болашаққа ұмтылған Қазақстанды, оның көреген басшысын көргендей болдық . Жаңадан келген оқушылармен толыққан сынып оқушыларының  танымдық  сағаты өте жақсы әсер қалдырды.  Президент мұражайы  жас ұрпаққа  ағартушылық қызмет аясында  осындай мұражайлық сабақтарды ұйымдастырып, алдағы уақытта да  мектеп ұжымдарымен байланыста  бола береді деген сенімдеміз. 

                                                                                         қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі:  Роза ХАЛЕСОВА



                                     









15.09.2016ж.



13.02.2016ж

Астана қаласы №56 мектеп- лицейінде қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің апталығы аясында  5сыныптарға арналған  «Тапқырлар тартысы» атты интелектуалды ойын өтті. Ойын оқушылардың тәуелсіз еліміздің тарихын білуге деген қызығушылықтарын арттыру, ой-өрісін шыңдау, есте сақтау, сөйлеу мәнерін,шығармашылық қабілетін дамыту, бір - бірімен достық,ынтымақтастықта болуға баулу мақсатын көздеді.Оқушылар қазақ тілі, әдебиет, ағылшын,тарих пәндері  бойынша алған  білімдерін көрсетіп, өнерлерін саралап, Ы.Алтынсарин өмірі мен шығармашылығы туралы жинақтаған білімдерімен бөлісті.

Оқушылар  5 турдан тұратын  сыннан сүрінбей өтті:

І  Таныстыру

ІІ  Кім жылдам?

ІІІ  Дода

ІV  Тіл - өнер

V Кім тапқыр?

Нәтижесінде   1-орын - 5»А» сыныбы « Қыран» тобы

                            2-орын- 5 «Д» сыныбы «Тұлпар» тобы

                             3-орын - 5 «В» сыныбы «Алғырлар»

12.02.2016ж

Астана қаласы №56 мектеп- лицейінде қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің апталығы аясында  9-сыныптар арасында Әлихан Бөкейхановқа арналған «Не? Қайда? Қашан?»  атты интеллектуалды ойын өтті. Ойын үш турдан тұрды. Сұрақтар алаш ардақтысының өмірі мен қоғамдық қызметін, білім алу жолын,  жастық шағын қамтыды. Сонымен қатар, 3-турдың сұрақтары оқушылардың  логикалық ойлау дағдыларын қажет етті.

Оын нәтижесі:

                          1-орын – 9 «Б» және 9 «А» сыныбы

                            2-орын – 9 «Г» сыныбы

                             3-орын – 9  «В» сыныбы

12.02.2016ж
«Әдептілік, ар-ұят - адамдықтың белгісі» атты 5 «Д» сыныбының ата - аналарының қатысуымен  ашық сынып сағаты өтті.Сыныптың анасы Тойбазарова Жадыра Тойлыбайқызы ұйымдастырған сынып сағаты тренинг - сабақ түрінде жүрді. Сынып «Ойланайық, пікірлесейік»айдарында « Менің атым Қожа» фильмінен үзінді көрсетіліп,Қожаның әрекеті туралы оқушылардың пікірі тыңдалды.

Не істеуге болмайды? Не істеу керек? сұрақтарының  шешімін табуға бағытталған жағдаяттық талдау беріліп, оқушылар ашық пікірлерін жеткізді.

Б.Момышұлы туралы Зейнеп Ахметованың «Шуақты күндер» атты естелік эсседен үзінді тыңдалды. Әркім өз ойларымен бөлісті.Қазіргі таңда өз жеке бастарында, мектепте, аулада кездескен оқиғаларын айтып ортаға салды, қорытынды жасады. Сынып анасы өз ақылын айтып,  сынып сағатын Ж.Баласағұнның: «Адамда жақсы қасиет болмаса, оған бақ та бақыт та қонбайды» деген тамаша сөзімен аяқтады.

«Жүректен жүрекке»  салтымен оқушылар түрлі түсті қағаздан жасалған жүрекшелерге өздерінің жүректерінен шыққан жылы лебіздерін жазып, бір - бірлеріне ұсынды.

Жадыра Тойлыбайқызына тағлымы мол, әсерлі сынып сағатын өткізгені үшін алғыс айтамыз.


29.11.2015ж



25.11.2015ж
Астана қаласы №56 мектеп-лицейі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ІІ деңгейлік бағдарламалар курсынан өткен жоғары санатты мұғалімі Какарманова Райгүл Ғалымқызы   оқытудың интербелсенді әдіс-тәсілдері мен стратегияларын пайдалана отырып, әріптестермен іс-тәжірибе алмасу мақсатында 6 «Б» сынып оқушыларымен әдебиет пәнінен «Алпамыс батыр» жыры арқылы жыршылықты дамыту» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында бірлескен топтық жұмыс арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын арттыратын тапсырмалар орындалды.

2015-2016 оқу жылы  қазан айы 

Астана қалалық колледж студенттері мен мектеп оқушылары арасында өткен  «Батырлар жыры-ұлт руханиятының өзегі» атты байқаудың жүлдегері 6 А сынып оқушысы Әлиасқар Гүлсезім және пән мұғалімі Какарманова Райгүл Ғалымқызы


sim1.png sim2.png sim3.png

Послание
Президента

blog1.jpg
Мектеп директоры:
Жұмағазы Әзенұлы Әлпішев
Біздің сайтқа баға беріңіз ???

Дауыс беру

Статистика

  • Осы айда : 806
  • Осы аптада : 194
  • Кеше : 18
  • Бүгін : 24
  • Желіде : 0

Полезные ссылки