Меню KDT
МЕНЮ

«№56 мектеп-лицей»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

logo.png

 Сәлеметсіз бе! №56 мектеп-лицей сайтына қош келдіңіз!
Меню школы

Жас ұлан

 

Жігіт сұлтаны-2018

 

  Мектебіміздің  8-10 сынып оқушылары арасында «Жігіт сұлтаны-2018» байқауы өтті.

 

Мақсаты: оқушылардың ұлттық салт-дәстүр негізінде білімін кеңейту. Адамгершілікке, ұлтжандылыққа, имандылыққа  тәрбиелеу, ұлттық дүниетанымын қалыптастыру. Татулыққа, ынтымақтыққа, бірлікке шақыру. I кезең Таныстыру (7 атасын таныстыру; кез-келген формада слайд,  өлең, қара сөз, көмекші оқушымен) II кезең Білім сайысы (мақал-мәтелді жалғастыру, фразеологизмнің мағынасын ашу, сұраққа жауап беру)

 

III кезең  Күш сайысы   

 

  1. Қол күрес
  2. Дене көтеру: 

 

ІV кезең Өнер сайысы

 

V кезең Түйме қадау (инені сабақтауы, жіпті түюі, түймені тігуі)

 

Сайысқа қатысушылар:

 

 Аушахман Мадияр 8 «Ә»

 

Жолдас Ернұр 9 «В»

 

Қуанышбеков Ерасыл 10 «Б»

 

Ғалелов Ғазиз 9 «Ә»

 

Абдухалық Мағжан 8 «Г»

 

Абылғазин Төлеген 10 «А»

 

Темірбай Диас 8 «В»

 

Еркінбек Ерасыл 8 «А»

 

Әбілда Нұрдәулет 9 «А» сыныптары. Сайыс нәтижесінде Бас жүлде- 8 «Г» сынып оқушысы Абдухалық Мағжан, 1-орын 8 «Ә» сынып оқушысы Аушахман Мадияр және 10 «Б» сынып оқушысы Қуанышбеков Ерасыл иеленді.

 
 
 
 
 






 

  

   


   Мектебімізде 16 желтоқсан «Тәуелсіздік күніне орай»  оқушыларды Республикалық  Бірыңғай  «Жас Ұлан» , «Жас Қыран»оқушылар ұйымының қатарына қабылдау салтанатты жиыны өтті. Ұйымға 3, 5 сыныптың озат, өнерлі, елінің патриоттары, мектепішілік, аудандық, қалалық  қылыми жоба, олимпиададан жетістікке жеткен оқушылар қабылданды.Салтанатты жиында оқушылар «Жас Ұлан» ережелерін жатқа айтып,топ басшысы ант берді және «Қазақ елі» әнін хормен шырқады. Салтанатты жиынға,  ұйым мүшелеріне галстук тағып, құттықтау үшін  Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткер, «Қазақ елі» монументінің авторы, суретші, мүсінші- Смағұлов Сембіғали Абзалбекұлы келді. Салтанатты жиыннан кейін мектептің «Абай-Шәкәрім» клуб-мұражайында «Ұрпақтар сабақтастығы» тақырыбында кездесу өтті. Мақсаты: «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру. Бабаларымыздың ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері мен ұрпақтың арасындағы сабақтастықты нығайту. Кездесуде  «Жас Ұлан» ұйымының оқушылары автордың шығармашылық жолымен және «Қазақ елі» монументі туралы кең мағлұматтар алып қана қоймай, өз шығармашылықтарымен бөлісіп, қайраткердің  батасын  алды. 



Республикалық бірыңғай "Жас Ұлан " балалар мен жасөспірімдер ұйымы


  



 

 
 




  


19.03.2016ж



03.03.2016ж

«Бармағынан бал тамған» атты байқау 1-наурыз күні, сағат 14:00-де, 220-кабинетте өтті.Жарысты өткізудегі мақсатымыз: қыздарға асхана тәртібі мен ұлттық құндылықтарымызды түсіндіре отырып, қыз баланың табиғатын ұғындыру болатын. Жауапты қызметкерлер: тәлімгер- Амирсеит Ақгүл Қайратқызы және информатика пәнінің мұғалімі -Үсіпбекова Назерке Дәуренбекқызы. Жарысқа әр сыныптан бір оқушы, яғни төрт қыз бала қатысты. Олар:

8 А сынып оқушысы Қайырбек Аяжан –ІІІ орын

8 Ә сынып оқушысы Мейрамбекова Аякөз- І орын

8 В сынып оқушысы Бердеш Маржан – ІІ орын

8 Б сынып оқушысы Теміртас Шынар – БАС ЖҮЛДЕ

02.03.2016ж

«Шаттық-2016» байқауының гала-концерті Конгресс-Холл өтті. Мектебіміздің абыройын «фото» байқауынан қорғаған Дарханбаева Аружан І орын, яғни алтын медальмен марапатталды. Жетекшісі: мектеп тәлімгері Амирсеит Ақгүл Қайратқызы. Құттықтаймыз!!!


27.02.2016ж

№ 62 мектепте жеті мектеп арасында «Құқық бұзушылықтың алдын алу» атты іс-шара өтті.  Біздің мектебімізден Ұланбасы және оның көмекшілері қатысып, 4 бөлімнен тұратын жарысқа белсене қатысты. Сол жарыста өздерінің алғырлығымен  Аружан Дарханбаева, Инкар Самғат, Қанайбекова Аймекен, Нүсіпқұл Бекжан қатысып жүлделі ІІ орынды жеңіп алды. Жетекшісі мектеп тәлімгері  Амирсеит Ақгүл Қайратқызы. Құттықтаймыз!!!


25.02.2016ж

25-ақпан қазақ тарихындағы қаралы күн. Бұл күні Сәкен Сейфуллин жаламен ату  жазасына ұшырап, дүниеден өтті. Тарихымызға таңба болған осы сәтті еске алу үшін мектебіміздің  10Ә сынып оқушыларымен «Сәкен Сейфуллин атындағы мұражайға» барып еске алу кешіне қатысып қайттық. «Өлді деуге сия ма, айтыңдаршы

Өлмейтұғын артында сөз қалдырған?!»- дегендей Сәкен мұрасы тұрған кезде ұрпағы оны ұмытпақ емес...



11.02.2016ж

«2016 –жылдың жарқын беттері- әдебиет әлемі төрінде» атты қазақ тілі апталығында қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Амирсеит Ақгүл Қайратқызы грамматикалық ойын өткізді. Грамматикалық ойынның тақырыбы «Алтын қақпа» деп аталады. Төрт бөлімнен тұратын бұл ойын тілдің жан-жақты тұстарын саралап, баланы жылдам ойландыруға шақырады. Өзінің ұшқырлығын көрсеткен оқушылар дүйсенбі күні саптық жиында марапатталады.

10.02.2016ж
«Махамбет пен Исатай көтерілісіне 170 жыл» атты тарих пен әдебиетті ұштастырған интелектуалды ойын ұйымдастырылды. Тарихпен негізгі байланысы қазақ даласында болған басты көтерілістерді атап өтіп, оны әдебиетпен байланыстыру. Жарысқа 5 Ә, 5 Б, 5 Г сыныбынан 3 топ қатысты. Байқау 4 бөлімнен тұрды. Өзінің білімділігі мен ұтқырлығын көрсеткен 5Ә сынып оқушыларынан құралған «Мергендер» тобы І орын, зеректіктерін байқатқан 5Г сыныбының «Махамбеттей ер болам...» тобы ІІ орын, талпыныстарымен ерекшелеген 5Б сынып оқушыларынан құралған «Батырлар» тобы ІІІ орын алды. Құттықтаймыз!!!

08.02.2016ж
«Қыз тәрбиесі – ұлт болашағы» деген қазақ даналығында терең мән бар. Осыны түсінген ұрпақ рет інде қыз тәрбиесіне арнап апта сайын жиналыс өткізіп, өзекті мәселелерді бірге талдап, мектеп ережесін талқылып, сол ережені сақтауға барынша күш салатын жиналыс-қыздар жиналысы. Сол жиналыстың кезекті бір көрінісі. Жиналыс тақырыбы «Қазіргі қазақ қызы»

06.02.2016ж

Әр аптаның жұма күні сынып белсенділерінің есебін тыңдауды әдетке айналдырғанбыз. Бұл, біріншіден, оқушының жауапкершілігін арттырса, екіншіден, мектептегі тәртіпті нығайтудың бірден бір жолы. Мектеп тәлімгері мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының қатысуымен өтетін бұл жиналыс осы аптада да өз орнымен өтілді.

02.02.2016ж

Бірінші ақпан күні Қазақ технология және бизнес университетінде «Менің мамандығым-менің болашағым» атты АПФ форматында дебат ойыны өтті. Осы пікір-сайысқа мектебімізден Хонжо Хайди мен Бидахметов Қайсар қатысып, сертификат алып қайтты. Іс-шараның мақсаты: болашақ талапкерлерді жарыстыру емес, мамандықтың болашаққа әсерін көрсету әрі дұрыс шешім қабылдауға үгіттеу.



25.01.2016ж

І жарты жылдықтың қорытындысын шығару барысында мектебіміздің оқушыларының күнделіктерін тексеру апталығы болды. Бұл тексерістің мақсаты: оқушыларды ұқыптылыққа, уақытылы бағасын қойдыруды дағдыға айналдыруға және мектеп пен ата-ананың қарым-қатынасының басты құралы екеніне көз жеткізу. Осы шараның соңында «Үздік күнделік» иегерлерін атап көрсеткіміз келіп отыр. Олар:

1)                 5 А сынып оқушысы Рахымберді Алуа

2)                5  А сынып оқушысы Ерсін Аружан

3)                5 Ә сынып оқушысы Мырзағабыл Шұғыла

4)                5 Ә сынып оқушысы Қойшыбай Салима

5)                5 Д сынып оқушысы Иманбек Айнель

6)                5 Д сынып оқушысы Бақытжан Жанель

7)                5 В сынып оқушысы Памсат Сымбат

8)                5 В сынып оқушысы Қарасаева Махаббат

9)                5 Г сынып оқушысы Абдрахманова Дильназ

10)  5Г сынып оқушысы Мұхаммед Аяулым

11)  6 А сынып оқушысы Қайрат Ботакөз

12)  6 А сынып оқушысы Даниярқызы Алуа

13)  6 А сынып оқушысы Мұхамбет Аяулым

14)  6 Б сынып оқушысы Есен Сандуғаш

15)  6 Б сынып оқушысы Ерсайынова Ұлпан

16)  6 Ә сынып оқушысы Үндістан Шұғыла

17)  6 Г сынып оқушысы Әкімхан Аружан

18)  6 Г сынып оқушысы Ермұханова Дильнұр

19)  7 Ә сынып оқушысы Ержанова Мөлдір

20)  7 Ә сынып оқушысы Рахымқұл Ақнұр

21)  7 Г сынып оқушысы Пернебек Алина

22)  7 Б сынып оқушысы Нығметжанова Дана

23)  7 Б сынып оқушысы Әділхан Әлихан




19.01.2016ж

Қаңтар айынан бастап мектебімізде қайырымдылық іс-шара қолға алынды. «ЖАН ЖЫЛУЫ» деп аталатын бұл акция «Белсенді оқушылар» ұйымы  мүшелерінің хабарлауынан бастау алып отыр. Іс-шараның мақсаты: өзімізге тар немесе артық  болған киім, дәптер, қалам , яғни шын ниетпен ұсынған заттар арқылы мейірімділікке жол салу. «ЖАН ЖЫЛУЫ» бір айға созылады. Сол үшін, құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар, жақсылық жасауға асығайық! Ұлы Абайдың сөзімен айтсақ: «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп...»

18.12.2016ж

«Жас Отан» ұйымының жастары мектебіміздің 10-11 сынып оқушыларына арнап «Бизнес құру жолдары» атты дәріс оқыды. Мемлекет қолдап отырған бұл бастама біздің лицейге де жетті. Алдағы уақытта оқушылар өз бастауларында осы дәрістен алары мол деп сенеміз!

 





 

30.11.2015ж 
Республикалық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты рәсімі өтті. Мектептің оқуда озат және тәртібіне талас жоқ оқушылар өткен бұл ұйымға арнап мектеп тәлімгерінің ұйымдастыруымен және мектеп әкімшілігінің, жоғарғы сыныптың озат оқушыларының қатысуымен галстук пен төс белгі мерекелік іс-шарада тағылды. Жалпы «Жас Ұландықтар» саны мектебімізде 32-ге артса, «Жас Қырандықтар» 42-ге көбейіп отыр.


2015 – жылдың 27-қараша күні өткен «мектеп Ұланбасын сайлау» рәсімінің қорытындысы шығып отыр. Үміткерлерге берілген дауыстың әділ саналуына мектебіміздің 10В сынып оқушылары Ерасыл Тұрғамбай, Қадыркеев Асыл және Қадыркеев Біржан мектеп тәлімгері Амирсеит Ақгүлдің қадағалауымен қатыстырылды. Сайлауға 7-11 сынып оқушылары қатысып, дауыс берді. Дауыс берген оқушылар саны жалпы – 343, ол 70%-дық өлшемді көрсетіп тұр. Сайлауға қатысқан үміткерлер тізімі төмендегідей:

1)Еркін Сая                             10 В сынып оқушысы

2)Аружан Дарханбаева           10 А сынып оқушысы

3)Ашенова Малика                 9 Б сынып оқушысы

4)Асылжан Айзада                  9 А сынып оқушысы

5)Аида Жүнісбекқызы           9Г сынып оқушысы

6)Тулеген Еркежан                 9 Б сынып оқушысы

7)Смағұл Жібек                       9 В сынып оқушысы

8)Үздембаева Перизат           8 А сынып оқушысы

9)Инкарбеков Ерасыл             8 В сынып оқушысы

10)Әділхан Әлихан                7 Б сынып оқушысы

11)Миралиев Нұрсұлтан       7 В сынып оқушысы

Аталған үміткерлер арасынан көпшіліктің (оқушылардың) қалауымен таңдалып, мектеп Ұланбасы атанған – 10А сынып оқушысы Дарханбаева Аружан. Құттықтаймыз әрі мектеп игілігіне қызмет етеді деген үміттеміз.



Қарашаның 27- жұлдызында оқу орнымыздың қоғамдық өмірінде елеулі орын алатын мектеп Ұланбасын сайлау рәсімі өтті. Үміткерлер оқушылар алдында өзінің бағдарламасын ұсынып, мектеп өміріне қаншалықты ат салысатыны туралы сыныптарды хабардар етті. Дауыс беруге 7-11 сынып оқушылары қатысты. Ұланбасы кім болады деген сұрақ жауабы 28-қараша күні мәлім болып, 30-қараша күні «мектеп Ұланбасын ұлықтау» салтанатты жиыны өтеді.



РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІРЫҢҒАЙ «Жас Ұлан» БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР

ҰЙЫМЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ
ЕРЕЖЕ

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1. «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі (бұдан әрі – «Жас Ұлан») Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған Қазақстан Республикасы балалар мен жасөспірімдердің қоғамдық ұйымы болып табылады.

1.2. «Жас Ұлан» - өскелең ұрпақты жоғары рухани-адамгершілік құндылықтар, гуманистік, толеранттылық пен демократиялық ұстанымдарға негізделген қазақстандық патриотизм рухында қалыптастыратын ұйым.

1.3. «Жас Ұлан» өзінің қызметін шығармашылық, спорттық, қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдармен және мемлекеттік мекемелермен бірлесе жүзеге асырады.

1.4. «Жас Ұлан» өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңнамасы және басқа да нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасында ратификацияланған халықаралық актілерді басшылыққа алады.

 

2. МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

2.1. «Жас Ұланның» мақсаты:

- өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру.

2.2.«Жас Ұланның» міндеттері:

- Қазақстан халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік әлеуетті қалыптастыру;

- балалар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділігі мен саналылығын арттыру;

- танымдық жұмыстарды ынталандыру;

- балалар мен жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуы үшін қолайлы жағдай жасау;

- жауапкершілік мен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған баланың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту.

 

3. ҚЫЗМЕТТЕРІ МЕН ҚАҒИДАЛАРЫ

3.1. «Жас Ұлан» келесі қызметтерді атқарады:

- тәрбиелік;

- танымдық;

- коммуникативтік;

- әлеуметтік;

- ақпараттық;

- шығармашылық.

3.2. «Жас Ұлан» қызметінің қағидалары:

- азаматтық сана-сезім және жалпы адами құндылықтардың басымдылығы;

- еріктілік және қол жетімділік;

- ұрпақтар сабақтастығы мен «Жас Ұлан» ұйымының дәстүрлерін сақтау;

- ұйымның негізгі мақсаты мен міндетін жүзеге асырудағы ересектер мен балалардың бірлігі;

- қызметтің патриоттық, толеранттық, рухани-адамгершілік бағыты.

 

4. МҮШЕЛІК, ОҒАН ҚАБЫЛДАНУ ЖӘНЕ ШЫҒУ ТӘРТІБІ

4.1. «Жас Ұлан» ұйымында мүше болудың екідеңгейлі жүйесі бар. «Жас Ұланның» жоғары буынына 5-10 сынып, ал «Жас Қыран» төменгі буынына – 1-4 сынып оқушылары, сонымен қатар «Жас Ұланға» өз үлесін қосуға және оның мүшесі болуға ерікті түрде ниет білдірген балалар мен жасөспірімдер қабылданады.

4.2. Мүшелерді ұйымға қабылдауды «Жас Ұлан» бастауыш ұйымы жүргізеді. Ұйымға қабылдау жылына 3 рет өткізіледі: 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні, 6 шілде – «Жас Ұлан» құрылған күні, 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні.

4.3. «Жас Ұланнан» ерікті түрде шығу үшін «Жас Ұлан» бастауыш ұйымының жетекшісіне жазбаша өтініш береді.

4.4. «Жас Ұлан» Ережесін бұзған ұйым мүшелеріне келесідей шаралар қолданылады: ұйымның жалпы жиналысында талқылау, ескертулер жасау, сөгіс жариялау, ұйымнан шығару туралы ескерту жасау. Ең қатаң шара – ұйымнан шығару.

4.5.Ұйымнан шығару мәселесі бастапқы ұйымның жалпы жиналысында қаралады. Шығару туралы шешім Мектеп комитеті мүшелерінің кемінде 2/3-і дауыс берген жағдайда ғана қабылданады және бекітілгеннен кейін күшіне енеді.

5. «Жас Ұлан» мүшелерінің құқықтары мен міндеттері

5.1. «Жас Ұлан» мүшелерінің құқықтары:

- «Жас Ұлан» қызметіне белсенді қатысу;

- «Жас Ұлан» басқару органының құрамына сайлану және сайлау;

- «Жас Ұлан» жұмысының бағдарламаларын жүзеге асыру барысындағы табыстары және ерекше жеке жетістіктері үшін мақтаулар мен мадақтаулар алу (грамоталар, дипломдар, жазғы және сауықтыру лагерлеріне жолдама, «Жас Ұлан» Алтын Кітабына ену»);

- «Жас Ұлан» органына өтініш, арыз, сұрақтар, бастамалар мен ұсыныстар беруге;

- Ұйымның барлық деңгейінде қызметі туралы ақпарат алуға;

5.2. «Жас Ұлан» мүшелерінің міндеттері:

- Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін сыйлау (Ту, Елтаңба, Әнұран), өз елінің патриоты болу;

- «Жас Ұлан» Ережесін және басқару органдарының шешімін орындау;

- «Жас Ұланның» өзге мүшелері мен олардың құқықтарын құрметтеу, мойындау;

- оқуда, қоғамдық жұмыстарда, еңбекте үлгілі болу; қоғамдық мүлікті сақтау, мәдениетті болу;

- салауатты өмір салтын ұстану, оны өз құрдастары арасында насихаттау;

- үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету.

 

6. РӘМІЗДЕРІ МЕН ЕРЕКШЕ БЕЛГІЛЕРІ

6.1. «Жас Ұлан» балалар ұйымының рәміздері: ұран, әнұран, ту, галстук, төсбелгі, эмблема болып табылады.

6.2. Ту – бұл балалар мен жасөспірімдер бірлігін бейнелейді. Ол республикалық ұйымда және оның барлық бөлімшелерінде (мектептік, аудандық/қалалық, облыстық) болуы қажет.

Ту - тік төртбұрышты 200×100 см өлшемдегі ақ түсті ортасында ұйым белгісі бейнеленген кездеме. Ұйым белгісі және атауы кестелік тігіспен, бояумен немесе матамен аппликациялау арқылы жазады. Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Кездеменің бойы алтын түстес шашақтармен жиектелген.

Ту ағаш сабына сүңгі арқылы бекітіледі. Сүңгі ұлттық өрнек нақышында жасалынады. Тудың ағаш сабының ұзындығы металл (пластмасса) сүңгінің ұзындығымен қоса 2 м 20 см биіктікті құрайды. Оған алтын түстес шашақты бау байланады.

Ту салтанатты рәсімдерде, шерулерде, мемлекеттік мерекелерде шығарылады. Ол арнайы ағаш тіреуде қаптаулы түрде сақталады немесе бөлменің отрасында Ұйымның салттық қабырғасында әйнекте тұрады.

Ерекше жағдайларда туға мәртебелі қарауыл қойылады, ол ту ұстаушыі мен екі атқосшыдан тұрады. Қарауыл кезегі әр 10-15 минут сайын ауысады. Алыс жолдарға туды қапталған күйде иыққа салып апарады. Ту ұстаушылардың киімі ұйымның ерекше белгілеріне сәйкес келеді. Міндетті түрдегі рәміздер: ленталар (аксельбанты), бас киім, ақ қолғап болып табылады. Лента мен бас киімнің түсі бірдей – көгілдір.

6.3. Галстук – бұл балалар ұйымының ерекше белгісі. Түсі – аспан түстес көгілдір. Галстук өлшемі 40×130 см. Галстуктың оң жақ бұрышында «Жас Ұлан» логотипі орналасқан. «Жас Ұлан» логотипінің диаметрі 4 см шеңбер түрінде жасалған.

6.4. Ұран – ұйымның ерекше белгісі. Ол ұйымның, бірлестіктің ең негізгі ойын, идеясын білдіреді.

6.5. «Жас Ұланның» ерекше белгілері болып ұйымның идеясын айқын жеткізетін төсбелгілер, барабан, айырмашылық белгілері (шеврондар) сияқты белгілі заттар мен белгілер саналады.

7. Құрылымы

7.1. «Жас Ұлан» негізі «Жас Ұланның» бастауыш ұйымы болып табылады.

7.2. Бастауыш ұйым мектептің деңгейінде еріктілік негізінде құрылады.

7.3. «Жас Ұланның» бастауыш ұйымы «Жас Ұлан» мектеп комитеті болып табылады.

7.4. «Жас Ұлан» бастапқы ұйымдары (бұдан әрі – Мектеп комитеті) «Жас Ұлан» мектеп комитетінің жалпы жиналысының шешімімен құрылады. Мектеп Комитетінің жалпы жиналыс шешімі, егер оған барлық сыныптардың көшбасшылары, ұйым бағыттарының жетекшілері қатысқанда ғана қабылданды деп есептеледі.

7.5. «Жас Ұлан» көшбасшысы – барлық деңгейде «Ұлан басшысы» деп аталады, ол 9-10 сынып оқушылары арасынан жалпы жиналыста ашық дауыс беру жолымен бір оқу жылына сайланады.

7.6. Атқарушы орган – Мектеп комитетін атқарушы хатшы басқарады, оны (педагог, тәлімгер, ұйымдастырушы - әдіскер мектеп ұстаздары қатарынан) Мектеп комитетінің жалпы жиналысында «Жас Ұлан» аудандық кеңесі және мектеп әкімшілігінің келісуі бойынша бекітеді.

7.7. Аудандық/Қалалық атқарушы хатшыны аудандық/қалалық Кеңестің шешімімен Аудандық/қалалық білім басқармасы және Облыстық Кеңестің келісімі бойынша бекітеді.

7.8. Облыстық атқарушы хатшыны облыстық Кеңестің шешімімен облыстық білім басқармасы және Республикалық Кеңестің келісімі бойынша бекітеді.

7.9. Аудандық/Қалалық Кеңес құрамына Мектеп комитеттерінің атқарушы хатшылары және «Ұлан Басшылары» кіреді.

7.10. Облыстық Кеңес құрамына Аудандық/Қалалық Кеңестердің атқарушы хатшылары және «Ұлан Басшылары» кіреді.

 

8. БАСҚАРУШЫ ОРГАНДАР

8.1. Жоғары кеңесуші органы - «Жас Ұлан» Республикалық Құрылтайы болып табылады. Құрылтай кемінде жылына бір рет өткізіледі.

8.1.1. Құрылтайды шақыру, күн тәртібін, регламент, өкілеттілік нормасы мен делегаттарды сайлау тәртібін Республикалық Кеңес анықтап, жариялайды. Оны төтенше және кезектен тыс шақырылымдарды есептемегенде, өткізілу күнінен екі ай мерзімге дейін уақытта хабарлауы тиіс.

8.1.2. Төтенше және кезектен тыс Құрылтай Кеңес төрағасы немесе Кеңес мүшелерінің 1/3-інің бастамасымен Кеңес шешімі негізінде шақырылады.

8.2. Басқару органы - Республикалық Кеңес.

8.2.1. Республикалық Кеңес отырысы жылына үш рет, соның ішінде күнтізбелік жыл соңында Кеңестің есеп беруі өткізіледі. Кеңес төрағасы өз бастамасымен немесе Кеңес мүшелерінің 1/3-інің бастамасымен кезектен тыс Кеңес отырысын шақыра алады. Кеңес шешімі оның мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады. Өткізу тәртібі мен дауыс беру түрін Кеңес мүшелері алдын ала жұмыстың басында белгілейді.

8.2.2.Кеңес құзіретіне келесілер кіреді:

- «Жас Ұлан» ережесін бекіту;

- ұйым бюджеті мен жылдық қаржылық есептерін бекіту;

- ұйым Жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу бастамасы;

-ұйымның бағдарламасы мен негізгі бағыттарын анықтау және оларды «Жас Ұлан» Құрылтайына ұсыну;

- «Жас Ұлан» Құрылтайының күн тәртібін бекіту;

- Төтенше және кезектен тыс Құрылтайды өткізу туралы шешім қабылдау;

- Кеңес Төрағасын 2 жыл мерзіміне сайлау;

- Ұйымның құрметті мүшелерін қабылдау;

- Ұйымның бөлімшелерін құру және қысқарту туралы шешім қабылдау, Ұйым бөлімшелері туралы Ережені бекіту;

- «Жас Ұлан» қызметіне байланысты басқа да мәселелер.

8.2.3. Кеңестің құрамы делегаттар қатарынан анықталып, сайланады (әр облыстан, Алматы және Астана қалаларының атқарушы хатшылары мен «Ұлан басшыларын» қосқанда 2 адамнан)

8.2.4. Кеңестің өкілеттілік мерзімі – екі жыл.

8.3. Кеңестің жалпы қызметіне Кеңес Төрағасы жетекшілік етеді.

8.3.1. Кеңес төрағасының өкілеттігі Құрылтайдың сәйкес шешімі болған жағдайда мерзімнен бұрын тоқтатылады;

8.3.2. Кеңес төрағасы келесідей қызметтерді атқарады:

- Құрылтайда есеп береді;

- төтенше және кезектен тыс Кеңес отырысын өткізу бастамасын айтады;

- Кеңестің қызметін үйлестіреді және Кеңес отырыстарына басшылық етеді;

- «Жас Ұлан» қызметін ұзақ мерзімді жоспарлау барысын үйлестіреді;

- мемлекеттік және басқада мекемелер мен ұйымдармен қарым-қатынаста «Жас Ұланның» ресми өкілі болады;

- ұйым қызметін басқару, штаттық кесте және лауазымдық нұсқаулықтарды атқарушы директордың ұсынуымен бекітеді;

- ұйым атынан сенімхатсыз әрекет етеді.

8.3.3. Кеңес төрағасының орынбасарлары болады. Орынбасарларды «Жас Ұлан» Кеңесі сайлайды.

8.4. Атқарушы орган – Атқарушы директорат. Оны Атқарушы директор басқарады.

8.4.1. Атқарушы директорды Төрағаның ұсынымы негізінде Республикалық Кеңес тағайындайды.

8.4.2. Атқарушы директор ұйым қызметін оперативті басқаруды жүзеге асырады, Құрылтайға, Кеңеске, Кеңес төрағасына есеп береді, олардың шешімін орындайды. Атқарушы директор ұйым алдында қызметінің нәтижесі мен заңдылығы бойынша жауапты.

8.4.3. Атқарушы директор құзіретіне:

- өз мүлкі аясында ұйым қызметіне қажетті материалды-техникалық жабдықтармен қамтамасыз етеді;

- жарғыдағы қызметті жүзеге асыру үшін қосымша қаржы көздері мен материалдық құралдарды тарту;

- Кеңес пен Құрылтайдың кезекті және кезектен тыс отырыстарын ұйымдастыру;

- бекітілген бюджетке сәйкес мүлік пен қаражатқа иелік ету;

- кадрлық мәселелерді шешу, орынбасарлары мен аппарат құрылымының жетекшілерін Кеңес Төрағасының келісімімен тағайындайды;

- ұйым қызметкерлерін жұмысқа қабылдау, олардың ауысуы мен жұмыстан шығу туралы бұйрық шығарады, атқарушы директорат құзіреті шеңберінде барлық қызметкерлерге орындауға міндетті талаптар жасайды, сонымен қатар келісім шарт негізінде қызметкерлерді қабылдайды;

- еңбекақы жүйесін анықтайды, сыйақы беру, мадақтау шараларын қарастырады және тәртіптік сөгіс жариялайды;

- ұйым атынан келісім-шарт жасайды;

- Кеңестің және Құрылтайдың құзіретіне кірмейтін басқа да өкілеттікті жүргізеді.

8.4.4. Атқарушы директор өз уәкілдігін немесе бір бөлігін өзінің орынбасарларына беруге құқылы.

8.4.5. Атқарушы директор өз қызметін жүзеге асыра алмағанда, оның қызметі жаңа директорды сайлағанға дейін орынбасарына жүктеледі.

8.4.6. Атқарушы директор қызметінен Кеңестің сәйкес шешімі болған жағдайда мерзімнен бұрын босатылады.

 

9. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖҰМЫСЫ

9.1. «Жас Ұлан» қызметі Бала құқықтары туралы Конвенция және Қазақстан Республикасының Заңнамасына қайшы келмейтін халықаралық үкіметтік емес ұйымдармен жас ұрпақты тәрбиелеу саласында өзара әрекеттеседі.

9.2. «Жас Ұлан» жасөспірімдер мен балалардың зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуына қолайлы жағдайлар жасауға, азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың жобаларына қатысады.


РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ «ЖАС ҰЛАН» БІРЫҢҒАЙ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ҰЙЫМЫ

Негізгі мақсаты:

         «Жас Ұлан» ұйымының негізгі мақсаты оқушылардың қоғамдық әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Міндеттері:

  • мектеп оқушыларының әлеуметтік тәжірибелерін байыту және дамыту, әлеуметтік-танымдық бастамаларды жүзеге асыру;
  • мектептің тәрбиелік әлеуетін жүзеге асыру.

Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы мүшелерінің АНТЫ

 

Мен, ____________________, Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:

 

-      Өз Отаным – Қазақстан Республикасының патриоты болуға;

-      Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;

-      Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге;

-      Ата-анамды қадірлеуге;

-      Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;

-      Білімге табандылықпен  ұмтылуға;

-      Салауатты өмір салтын ұстануға;

-      Табиғатты аялауға;

-       «Жас Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін.

Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі өнегесі негізінде ерлікке үйренуге жәнеОтанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде

АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН!

Ел Президенті патриоттық туралы

«Туған Отанымызды мақтаныш етумен бірге, оның мақтан тұтар ұландары болуға ұмтылу – сіздердің перзенттік парызыңыз.»

                                Н.Ә Назарбаев

 

«Біздің басты құндылығымыз –Тәуелсіз Отанымыз.»

                                        Н.Ә Назарбаев

 

«Туған елің дәулетті , туған жерің сәулетті  болса, сендер де әулетті, әлеуетті боласыңдар.»

                                    Н.Ә Назарбаев

 

«Өз Отаның - бұл дүниедегі жәннәтің мен шуағың. Сондықтан білімдерің мен қайрат-жігерлеріңді өз елдеріңнің мүддесіне жұмсаңдар.»

                                   Н.Ә Назарбаев

 

«Мен сендерге еліміздің тұғырлы ұрпағы, тамаша кәсіп иесі, адал патриоты болады деп үміт артамын. Сендерді мақтан ететіндей болайық, жас достар!»

                         Н.Ә.Назарбаев

 

«Біздің ел – Қазақстан,

Болашағы – Жас Ұлан!

Отаным – менің жүрегім»

sim1.png sim2.png sim3.png

Послание
Президента

blog1.jpg
Мектеп директоры:
Жұмағазы Әзенұлы Әлпішев
Біздің сайтқа баға беріңіз ???

Дауыс беру

Статистика

  • Осы айда : 806
  • Осы аптада : 194
  • Кеше : 18
  • Бүгін : 24
  • Желіде : 0

Полезные ссылки