Меню KDT
МЕНЮ

«№56 мектеп-лицей»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

logo.png?_=1509509150

№56 мектеп-лицей сайтына қош келдіңіз!
Меню школы

Название страницы

Қызықты деректердің ең ауқымды жинағы

    
bilim-all.kz сайтының ақпараттары

Әлеуметтік желі тәуелділігі

 

Технологияның қарқынды дамып жатқан замандамыз. Осы дамудың жемісі болған интернет, гаджет сияқты өнімдерді орынды, шектеулі қолданбаған жағдайда біршама келеңсіздіктерге жол ашатыны ақиқат. Соның бір мысалы ретінде соңғы кездердегі адамдардың «whatsapp», «Instagram» секілді әлеуметтік желілерге деген тәуелділігін атауға болады. Әлеуметтік желіге тәуелділікті қалай анықтауға болады? 

Мамандар мына тізімдегі ерекшеліктер қаншалықты сізге тән болса соншалықты тәуелді екеніңізді аңғаруға болатынын айтады:

● Күніне бір сағаттан астам уақыт әлеуметтік желіде отыру.

● Әр 5-10 минут сайын телефонды ашып қарау.

● Әлеуметтік желіде өтетін уақыттың бара бара аздық етуі.

● Ақпараттарды тым көп бөлісу, күнде жазба жариялап, оған адамдардың талдау жазуын күту, “лайк” күту.

● Әлеуметтік желіге кірмеген кезде өзіңізді жайсыз, ашулы, жабырқаулы сезіну.

● Қылт етсе, сәл мүмкіндік туса әлеуметтік желіге кіруді қалап тұру.

● Cабақта, жұмыста, отбасы ішінде күнделікті жауапкершіліктеріңіз бен міндеттеріңізді кешіктіруге себеп болу, т.б...

 

Болмашы көрінгенімен осы тәуелділікке бой алдырып, құтыла алмай жүрген қаншама адамдар бар. Маңыздысы адамдардың мұның тәуелділікке апаратындығын ұғынып, мұны болдырмау үшін әлеуметтік желілерді шектеулі, орынды қолдануға тырысуы керек.

Мамандар мына төмендегі ерекшеліктерді орындауға кеңес береді:

● Әлеуметтік желіде отырған уақытты белгілеп жүру, шамадан аспауын қадағалау.

● Әлеуметтік желі қосымшаларының ескертулерін дыбыссыз күйге келтіру.

● Негізгі беттегі әлеуметтік желі қосымшаларын көрінбейтін келесі бетке орналастыру.

● Әлеуметтік желіде өтетін уақыттың күніне 30 минуттан аспауын қадағалаңыз, мәселен түске дейін 15 минут, түстен кейін 15 минут. Мерзім толғанда дереу жауып тастаңыз.

● Адамдармен жазбаша түрде емес, қоңырау шалып немесе көзбе-көз кездесіп сөйлесіңіз.

● Спорт, кітап оқу, секілді өзіңіз ұнататын белсенділіктерге уақыт бөліңіз.

● Достармен кездесулерді жиілетіңіз.

● Осы аталғандарды орындағанмен де тәуелділіктен құтыла алмасаңыз психологтың көмегіне жүгініңіз.  



Миллионерлерден қандай жақсы әдеттер үйрену керек

 

  Жазушы Томас Корли бес жыл бойы өз күшімен дәулетке жеткен 177 миллионердің әдеттерін зерттеді. Ол олардың күнделікті әрекеттері бір-біріне ұқсайтынын байқады және дәл сол әрекеттер олардың табысқа жетулеріне ықпал еті деген қорытындыға келді.

 

 

Өміріңізге бүгіннен бастап қолдануға болатын миллионерлердің 17 әдеті:

 

1. Үнемі оқу

 Миллионерлер көңіл көтеру үшін емес, өзін-өзі дамыту үшін оқиды. Корли олардың 88%-ы «күніне өздігінен білім алу немесе өзін-өзі кемелдендіру үшін кем дегенде 30 минут уақытын оқуға бөледі» және «олардың көпшілігі көңіл көтеру үшін оқымайды» деп жазды.

 

«Байлар білім алу үшін немесе оны демеу үшін оқиды» дейді ол.

 

Сондай-ақ, Томас Корли миллионерлер әдебиеттің үш түрін таңдауға бейім екенін анықтады: табысты адамдардың өмірбаяны, тұлғаны дамыту туралы кітаптар және тарихи кітаптары.

 

2. Спортпен шұғылдану

 «Бай адамдардың 76%-ы күн сайын кем дегенде 30 минут бойы аэробты жаттығулар жасайды», — дейді Корли. Аэробты жаттығулар кардиоға байланысты барлық нәрселерді қамтиды: жүгіру, жүру және велосипед.

 «Кардио тек физикалық жағдайға ғана емес, сонымен қатар миға да пайдалы. Ол нейрондарды қалпына келтіруге көмектеседі», — деп жазады Корли.

 «Дене жаттығулары сонымен қатар глюкоза өндірімін арттырады. Глюкоза миға арналған отын. Сіз оған қаншалықты көп жанармай берсеңіз, ол соғұрлым жақсы жұмыс істейді және сіз ақылды боласыз» — дейді Корли.

 

3. Табысты адамдармен араласу

 «Сіздің жетістіктеріңіз Сіз жиі сөйлесетін адамдар қаншалықты табысты болуына байланысты. Миллионерлер әрқашан мақсатты, оптимисті, ынталы және жалпы позитивті ойлайтын адамдарды іздейді», — деп жазады Корли. Ол теріс көзқарасты адамдардан аулақ болу өте маңызды екенін баса айтады, өйткені «деструктивті сын сізді табысты болудан айырады».

 

4. Қайырымдылықпен айналысу

 Өздерін беделді адамдармен қоршау үшін көптеген миллионерлер қайырымдылық жұмыстарымен айналысады, дейді Корли. «Міне, сондықтан көптеген бай адамдар қоғамдық ұйымдарда өз еріктерімен жұмыс істейді. Бұл оларға басқа табысты адамдармен танысу желісін кеңейтуге көмектеседі», — деп жазады ол. Ол әдеттерін зерттеген миллионерлердің 72% ай сайын еріктілердің жұмысына кем дегенде бес сағат бөлген.

 

5. Армандарды тұжырымдау

 «Армандарды тұжырымдауға сіздің идеалды өміріңіздің сценарийін жасау кіреді. Сіздің барлық тілектеріңіз орындалады деп елестетіп, Сіз өзіңізді және болашақтағы өміріңізді суреттейсіз. Содан кейін бес жүзден мыңға дейін сөздерді қолданып қағаз бетіне түсіресіз.», — деп түсіндіреді Корли. Оның зерттеулеріне қатысқандардың 61%-ы осы әдісті қолданатындарын хабарлады.

 

6. Өз мақсаттарыңды көздеу

 «Өз қалауыңыз бен мақсаттарыңызға жетуге тырысып қудалау ұзақ уақыттық бақыт пен үлкен байлыққа қол жеткізуге мүмкіндік береді», — деп жазады Корли. Көптеген адамдардың жіберетін қателігі басқа біреудің арманына жетуге тырысу, мысалы, ата-аналарының арманы, табысты адамдар өздерінің мақсаттарын анықтайды және оларға жету үшін бар күшін салады.

 «Құмарлық жұмысты жағымды етеді. Құмарлық сәтсіздіктер мен қателіктерді жеңу үшін қажет қуат пен табандылықты береді», — деп жазады Корли.

 

7. Жеті сағаттан аз ұйықтамау

 «Ұйқы сәттілік үшін өте маңызды», — дейді Корли. Оның зерттеуіне қатысқандардың 89%-ы жеті сағаттан аз ұйықтамайтындарын айтты. «Ұйқы көптеген беймағлұм тапсырмаларды орындайды» оның ішінде есте сақтау қабілетін жақсарту да бар, — дейді ол.

 

8. Ерте тұру

 Әдеттері зерттелген миллионерлердің шамамен 50%-ы жұмыс күні басталғанға дейін үш сағат алдын оянатындарын айтты. Осылайша  олар ұзақ уақытқа созылатын жиналыс, көлік кептелісі немесе ауырып қалған баланы мектептен алып кету сияқты сөзсіз болып тұратын жағдайлармен күреседі.

 «Бұл тосын жағдайлар бізге психологиялық әсер етеді. Олар түпсанаға еніп, біздің өмірімізді басқара алмаймыз деген сенім қалыптастыруы мүмкін. Бір күнде аяқтағыңыз келетін үш негізгі нәрсені аяқтау үшін таңғы бесте тұру сізге бақылауды қалпына келтіруге көмектеседі. Ол сізге шынымен өмірді басқаратындығыңызға сенімділік береді», — деп жазады Корли.

 

9. Бірнеше кіріс көзіне ие болу

 «Өз күшімен дәулетке жеткен миллионерлер бір табыс көзіне сүйенбейді. Олар бірнеше ақша ағындарын дамытады», — деп жазады жазушы. «Үш саны менің зерттеуімде сиқырлы санға айналғанға ұқсайды», — деп жазады Корли, респонденттердің 65%-ы «алғашқы миллионына қол жеткізгенге дейін кем дегенде үш табыс көзіне ие болғанын» атап көрсетті. Осы қосымша ақша ағындарының мысалдарына: жалға жылжымайтын мүлікті беру, қор нарығында инвестициялардың болуы және қосымша бизнесте жартылай меншік иесі болу жатады.

 

10. Тәлімгерлерді табу

 «Тәлімгер табу байлықты жинау процесін тездетеді», — дейді Корли. «Тәлімгерлер сізге тек оң әсер етпейді. Олар үнемі және белсенді түрде сіздің жетістіктеріңізге қатысады, не істеу керек және не істемеу керек деп кеңес береді. Олар өздерінің тәлімгерлерінен немесе өмірдің қатал мектебінен алған құнды сабақтарымен бөліседі».

 

11. Басқаларға жетістікке жетуге көмектесу

 «Жетістікке ұмтылған адамдарға көмектесу өзіңізге де жетістікке жетуге мүмкіндік береді. Мұны мақсаттас адамдар тобының қолдауынсыз ешкім жасай алмайды. Команда құрудың ең жақсы тәсілі — басқа өршіл адамдарға көмек ұсыну. Жетістікке ұмтылатын, өмірге құштар, мақсатты, позитивті және шабыттандыратын адамдарға көмектесуге баса назар аудару керек» — дейді Корли.

 

12. Әрқашан позитивті ойлау

 «Әлемге позитивті көзқараста болғанда ғана ұзақ мерзімді жетістікке жетуге болады. Менің зерттеуімде барлық миллионерлердің ерекше белгісі позитивтілік болды», — деп жазады Корли. Оның пікірінше, адамдардың көпшілігінің проблемасы — олар оң да, теріс те болсын өз ойларын сезінбейді. «Егер сіз өз ойларыңызға көңіл бөліп зердесіне жетсеңіз олардың көпшілігі негативті екенін байқайсыз. Бірақ сіз оларды зерделегенде ғана олардың мұндай екенін түсінесіз. Зерделеу — бұл кілт», — дейді жазушы.

 

13. Көпшіліктің артынан ермеу

 «Біз көпшілікпен бірігіп, көпшіліктің қатарына қосылғымыз келеді, сондықтан одан шықпау үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз», — деп санайды Корли. Сондықтан «көптеген адамдардың жетістікке жете алмауларының себебі өзін тобырдан бөле алмауы», — дейді ол. Жазушының айтуынша, табысты адамдар өздерінің топтарын құрып, ізбасарларын тартады.

 

14. Этикет ережелерін үйрену

 «Өз күшімен дәулетке жеткен миллионерлер белгілі бір этикет ережелерін игерген, сіз де жетістікке жетуді қаласаңыз, оларды игеруіңіз керек» деп жазады Корли.

 Бұл ережелерге алғыс хаттарды жіберу, үйлену және туған күндер сияқты маңызды оқиғаларда құттықтау, дастарқан басында әдеп ежелерін сақтау және іс-шараларға дұрыс киімді таңдау кіреді.

 

15. Күніне 15-30 минут ойға шому

 «Ойланып-толғану табыстың кілті», — дейді Корли. Бай адамдар күнде таңертең кемінде 15 минутын жалғыздықта ойға шомуға бөледі.

 Жазушының айтуынша, «олар күн сайын жеке қалып көптеген мәселелерді қамтитын ми шабуылдарын өткізеді» — мансап пен қаржыдан бастап денсаулық пен қайырымдылыққа дейін.

 Олар «Көбірек ақша табу үшін не істей аламын?», «Жұмысым мені бақытты етеді ме?», «Мен көп жаттығамын ба?», «Мен тағы қандай қайырымдылық жобаларына қатыса аламын?» деген сияқты сұрақтар қояды.

 

16. Кері байланыс іздеу

 «Сыннан қорқу — бұл кері байланысқа жүгінбеуіміздің себебі. Бірақ ол не дұрыс болып жатқанын, қай жерде қателіктер кеткенін түсіну үшін қажет. Кері байланыс сізге дұрыс жолда екеніңізді түсінуге көмектеседі. Жақсы да, жаман да пікірлер оқу мен өсудің маңызды элементі болып табылады», — дейді Корли.

 Сонымен қатар, кері байланыс сізге бағытты өзгертуге және жаңа жұмыс немесе кәсіппен тәжірибе жасауға мүмкіндік береді. Корли айтқандай, «кері байланыс кез-келген бастамада жетістікке жету үшін қажетті ақпаратты береді».

 

17. Ешқашан берілмеу

 «Өз күшімен дәулетке жеткен миллионерлер табанды. Олар ешқашан өз армандарынан бас тартпайды. Олар кемені тастап кеткеннен гөрі кемемен бірге суға батып кетер еді», — деп жазады Корли. Оның зерттеуіне қатысқандардың төрттен бірінен көбі бизнесте кем дегенде бір рет сәтсіздікке ұшырап, қайтадан оралғандарын айтты. «Егер сіз жетістікке жеткіңіз келсе, шексіз болып көрінетін бақытсыздықтарға қарсы төзімді болуыңыз керек», — деп жазады жазушы.

 Керімсал Жұбатқанов, тарих ғылымдарының кандидаты



Тізбекті хаттар

 «...осыны 18 адамға таратпасаң алдыңнан қиыншылықтар шығады...» немесе «...үш күннің ішінде 20 адамға жібер, жолың ашылады...» дегенге ұқсас хаттар алдыңыздан шыққан болар...

 Тізбекті хаттар — электрондық немесе қарапайым пошта арқылы (сондай-ақ интернеттегі жедел хабар алмасу желілерінде, әлеуметтік желілерде т.б) алушыны хабарламаның көшірмесін одан әрі таратуға шақыру немесе талап ету арқылы бірнеше адресатқа жіберілетін хабарламаларды білдіретін термин. Ол хаттар интернеттің танымал болуынан әлде бұрын пайда болған. Қолмен жазылған хаттар, әзіл түрінде достардың арасында таратылатын. Мәтінді еш өзгеріссіз көшіріп алу керек болған.

 Тізбекті хаттардың түрі көп. Ең танымалдарының бірі — таныстардың белгілі бір санына жібергеннен кейін өмірдің барлық салаларында әлауқатқа қол жеткізуге кепілдік беретін «бақыт хаттары». Екінші нұсқасы — «бақытсыздық хаттары», қорқынышты оқиғалар (террористік шабуылдар, індеттер, табиғат апаттары) туралы ескертетін хаттар, бұл хабарламаларды сіз өзіңіздің жақын адамдарыңызға таратқыңыз келіп тұрады.

 «Тізбекті хаттардың» мәтіні уақыт өте келе, одан әрі тарату уәждемесі үшін өзінің нанымды тұжырымдарын күшейте отырып, өзгертілуі мүмкін. Кейде алушы мәтінге әдейі өзгерістер енгізеді, немесе кездейсоқ қателіктер нәтижесінде өзгерістер орын алады.

 

 

Тізбекті хаттың тарихы

 Ең алғаш «құдайы» немесе «қасиетті хаттар» деп аталатын хабарламалар (нем. Himmelsbriefe) орта ғасырларда пайда болды.

 1910 жылы Христианияда (Норвегия) «Иерусалим дұғасы» деп аталатын үлкен дүрлікпе байқалды, алушы тоғыз күн бойы мәтінді көшіріп таныстарына жіберіп отыруы керек болған.

 ХХ ғасырдың басындағы революциялық Ресейде үгіттеу парақшалары мен астыртын газеттер «Өзің оқы да — басқаға тарат» деген ұранмен тарала бастады.

 Электрондық коммуникациялардың дамуымен (электрондық пошта, жедел хабар алмасу жүйесі, әлеуметтік желі және т.б.) осындай хабарламаларды тарату спам сипатына ие бола отырып, неғұрлым жылдам әрі жаппай таратылатын болды. Кейбір электрондық пошталардың қызмет провайдерлері өз пайдаланушыларына осындай хаттарды жіберуге тыйым салады.

 

Уәждеме типологиясы

 Математик және бұрынғы әскери талдаушы Даниель Ван Арсдейл (Daniel W.VanArsdale), 1973 жылдан бастап «тізбекті хаттары» феноменін зерттеп, 600-ден астам үлгіден тұратын коллекцияны жинаған. Осындай хабарламаларға тән келесі тоғыз уәждемелік категорияларды: «дін жолындағы», «сәттілік әкелетін», «қайырымдылық», «петиция», «байытатын», «алмасу», «әлемдік рекорд», «пародия» және «электрондық хаттар» деп, олардың пайда болуының хронологиялық тәртібімен бөлді.

 

«Дін жолындағы хаттар»

 «Киелі хаттардың» мәтінін «Құдай» немесе басқа «Құдайдың елшісі» жазған делінеді. Әдетте олар хат алушыны сәтсіздіктен құтқаруға уәде береді. Еуропада мұндай хаттар көп жылдар бойы айналымда жүрді, сондай-ақ Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде де қайта басылып шығып жүрді. «Қасиетті хаттар» «тізбекті хаттардың» жалпы анықтамасына сәйкес келмейді, өйткені мұнда одан әрі тарату туралы талаптар жоқ. Дегенмен, «жариялау» үндеулері мен олардың күшіне сенбеген адамдарға қауіп-қатерлер болуы мүмкін екені ескертілді. Осындай хаттар сәттілікті уәде ететін хаттардың бастамасы болды.

 

«Сәттілік әкелетін хаттар»

 

Бұл категориядағы хаттар жалған сенімдер мен ырымдарға жүгініп: егер хатты көбейтіп таратса иесіне сәттілік, ал кері жағдайда бақытсыздық әкеледі деген желеумен таралады. Мұндай хатты көбінесе «дұғалы» деп атаған, өйткені ерте кезде осы категориядағы хаттар Інжілден алынған мәтіннен басталған болатын. Мұндай хаттар 1898 жылы Roman Catholic Novena devotion-ның дұғаларын тарату туралы талаптың   немесе қасиетті хаттардағы уәделер мен қауіп-қатерлерді секуляризациялаудың нәтижесінде пайда болды деген болжам бар. XX ғасырда көбейтіп басу техникасының пайда болуымен осындай хаттар алдымен қағаз түпнұсқалардан көшіріле бастаған, содан кейін сандық түрге көшіп, электрондық пошта арқылы таратыла бастады.

 

[Секуляризация — [лат. saecularis - зайырлы] — саясаттың діннен азат етілуі, оның табиғи-тарихи үрдіске айналуы. Биліктің секуляризациялануының нәтижесінде саяси ұйымның құндылықтары, беделі, қызметтері өзінің сакралды, табиғаттан жоғары, тылсым күштік мазмұнын жоғалтады.]

 

«Қайырымдылық хаттары»

 Мұндай хаттардың мәтінінде қайырымдылық, саяси немесе мемориалдық мақсаттар үшін белгілі бір мекен-жайға ақша немесе заттарды жіберу туралы өтініш жазылады. Осы тектес ең алғашқы хаттардың ішінен 1888 жылғы «Камберлендз ауданының ақ кедейлерінің» білім алуына ұсақ-түйек түрінде қайырымдылық жинаған хатын атап өтуге болады. Хаттың мәтіні алдыңғы нұсқаның адаптациясы болып табылатынын, сондай-ақ алушыға өзі танитын төрт адамға хаттың көшірмесін жіберуін өтініп жазған. Хат марапат ретінде адресатқа: «...біз үшін өлуге дайын болғандардың батасын аласың» деген уәде берген. 1889 жылы бір америкалық студенттің хаты 10 центтен жинап, көшірмесін он данадан жіберуді сұраған. Хаттың мәтіні онда көрсетілген санға дейін көбейтіп көшіруді және көшірмені де санмен белгілеуді, сондай-ақ көшірме саны белгілі бір мөлшерге жеткенде таратуды тоқтату туралы өтінішті қамтиды. Мұндай тәжірибе 1916 жылға дейін сақталған. Бірақ, хат «іске қосылған» уақыттан бірнеше жыл өткеннен кейін белгіленген максимумы өзгертілген көшірмелер қалып қойған. Көбіне осындай хаттардың мәтінінде тізбекті жалғастырудан бір мәрте бас тартудан болуы мүмкін салдарды тым әсірелеп жазған. Кейінрек пайда болған «қайырымдылық» хаттарында хатты таратуды тоқтату жөніндегі нұсқаулар болмаған және ақша талап етілмеген. Мысалы, Крейг Шергольфтың хаты (Craig Shergold) хәл үстіндегі балаға сауығып кетуіне ниет білдіріп, тілек жазылған ашықхаттарды жіберулерін сұрады. Ондағы бар мақсаты: Гиннесс рекордтар кітабының сол кездегі рекордтарын басып озу еді. Хат 1989 жылдың қыркүйегінде факс, электрондық және қарапайым пошталар арқылы «іске қосылды». 1990 жылдың желтоқсанына қарай 33 миллион ашық хат келіп түсті. Бұл процесті тоқтатуға қанша талпыныстар жасалғанымен, ашықхаттар келуін әлі де тоқтатар емес. Қайырымдылық хаттар «тізбекті хаттарының» дамуына себепші болды, және қырық жылдан кейін «ақша хаттарының» пайда болуына алып келді. Мұндай хаттар интернетте кеңінен таралған, бірақ олардың көпшілігі алаяқтық екені белгілі. Сондай-ақ, қайырымдылық хаттарының санатына жалғыз белгілі мысал — 1905 жылғы миссионерлер үшін дұға ету туралы өтініш жазылған хат та кіреді.

 

«Петиция»

 Қазіргі заманғы петиция хаттары (қолтаңбаларды) көшіру, тарату және жіберу туралы өтініштерді қамтиды. Ерте кездегі осы санаттағы хаттар қатаң талаптармен шектеліп отырған. Атап айтқанда, 1903 жылы АҚШ Конгресіне жас балаларға темекі сатуға тыйым салу туралы талаппен петицияға қосу үшін аты және мекен-жайы туралы деректерді «Америка мораль қоғамдығына» жіберулерін сұраған. Кейінірек мұндай хаттардың мәтіндері күрделеніп, петицияға мәтіні де жазыла бастады. Мысалы, Республикалық партиядан Президент лауазымына Калвин Кулидждің (Calvin Coolidge) кандидатурасын қолдау туралы хаты. Саяси науқандарда осындай хаттарды кеңінен пайдалану 1912 жылдан бастау алды. Петицияның басқа мысалдары: Чехияның тәуелсіздігі туралы петициясы (1949), ядролық қарусыздану (1985), апартеид туралы наразылықтар (1988) және Procter & Gamble компаниясының бойкоты жайлы (1986). Бірде «Комсомольская правда» газеті «әлемді жаруға жол бермейміз» (ағылш. No to world Holocaust!) атты үндеу жариялап, оқырмандарға оны қиып алып, АҚШ президентіне ашықхат ретінде пошта арқылы жіберуін сұрады; Ақ үйдің пошта қызметі сансыз хаттардың астында қалды. Мұндай хаттар интернетте де кездеседі, мысалы, National Public Radio (1996) қолдау туралы үздіксіз петиция.

 

 

 

«Байытатын хаттар»

 «Ақша» хаттары алушыға болашақта пайда табатынын алға тарта отырып, алдыңғы бір немесе бірнеше адресатқа қаржы жіберуге үндейді. Хатта аты-жөні мен мекен-жайы көрсетіледі. Алғаш рет мұндай хаттар АҚШ-та 1935 жылы пайда болды, олардың ішінде бірінші болып «тиын жібер» («Send-a-Dime»), сондай-ақ «байлық клубы» («Prosperity Club») (Denver) деген атпен белгілі хаттар болды. Даниель Ван Арсдейл бұл хаттардың тарихына үңіле отырып, хатқа 1933 жылғы «сәттілік хаты» үлгі болды деген қорытындыға келеді. «Ақша» хаттары 1950-ші жылға дейін (мүмкін одан кейін де) «сәттілік хаттарының» мазмұны мен таралуына әсер етіп отырған. Олар бұрынғысынша қағаз түрінде (2002) және кейінрек электронды түрде де (2001) жиі кездеседі. Мұндай пошта қаржы пирамидаларының схемалары АҚШ-та (USPS) заң бұзушылық болып есептеледі.

 

«Алмасу хаттары»

Мұндай хаттар бір немесе бірнеше хат алушыларға кішігірім затты (рецепті бар парақша немесе ашық хат) жіберу туралы өтінішті қамтиды. Мәтінде алушы тізбекті үзбеген жағдайда, өз заттарының орнына жақын арада басқа да көптеген заттарды алатыны жазылады. Алғаш рет мұндай хаттар 1935 жылы пайда болды. Осы хаттар «тиын жолда» деген сияқты хаттарға үлгі болды. Бірнеше жылда мұндай хаттардың көптеген түрлері пайда болды, және бұл өз кезегінде адресаттардың тізімінің қысқаруына ықпал етті (1937). «Сәттілік хаттарына» қарағанда,  «алмасу хаттарында» жіберу үшін сұралған көшірмелердің саны мен мекен-жай сандары әрбір келесі хатта ерекшеленіп отырады. «Алмасу хаттары» бұрынғысынша қағаз түрінде (1996) айналымда бар, өте сирек жағдайда — электронды түрде де кездеседі.

 

 Жан-жануарлар төлдерінің атаулары

Түйе — бота

Доңыз — торай

Жылқы — құлын

Сиыр, қодас — бұзау

Қасқыр — бөлтірік

Ит — күшік

Қой — қозы

Түлкі — жаутаң

Таутеке, ешкі — лақ

Мысық — мысықай, марғау

Есек, құлан — қодық

Аққу — көгірлір

Арқар — қозықа

Қаз — балапан

Киік — құралай

Тауық — шөже

Бұғы — бұғышақ

Үйрек — шүрегей

Құндыз — құнай

Марал — лақ

Қоян — көжек

Жолбарыс — шөнжік

Аю — қонжық

Арыстан — алан, абдан

Суыр — шөңделей

Қаз — мамыр

Марал — қодыға

Елік — еңлік

Тауешкі — жусақ


Қытайдағы әлеуметтік желілердің дамуы

Даму деңгейі жағынан әлемдік көште ілгері келе жатқан күншығыс елінде заң қатал тәртіппен орындалатын өзгермес қағида екені бізге мәлім дүние. Алайда, аспан асты елінің бұл талаптары тек ұрлық-қарлыққа емес, сонымен қатар адамды өзінің ажырамас бөлігі етіп алған әлеуметтік желілерге де қатысты болса керек. Мысалы, көптеген елдерде мыңдаған, миллиондаған көрермен мен оқырман жинап жүрген «Youtube» және «Facebook», «Whatsapp» секілді желі  парақшаларын қытайлықтар мүлдем қолдана алмайды. «Сіз «facebook» желісінде тіркелгенсіз бе?» деген сұрақ олардың құлағына түрпідей тиіп кетуі мүмкін. Ақпарат майданында барынша сақтықты талап ететін көршілес мемлекетте аталмыш өзгешеліктер орын алып отыр.

Алайда, қытайлықтар біз секілді репост жасап, суреттерге лүпіл басып, күнделікті жаңалықтарымен бөлісіп отырмайды деген сөз емес. Интернет жүйесіне «Алтын қорғаныс» орната білген бұл елде  миллиондаған оқырмандар жинаған желілер де жетерлік. Олар: «Qzone», «QQ», «Pengyou», «Wechat», «Weibo», «Renren», «Douban».

«Qzone» — оқырмандар саны жағынан әлем бойынша үшінші орында тұрған желі. 2014 жылғы мәлімет бойына сайт қолданушалрының саны 625 миллионды құраған. Қытай және ағылшын тілдерінде қызмет атқарады.

«QQ» — Tencet компаниясының 1999 жылы жарыққа шығарған әлеуметтік медиа жүйесі. 300 миллионға жуық белсенді тұтынушылары бар «QQ» заман ағымына орай түрлі жаңартулар енгізіп отыруды дәстүрге айналдырған.

«Pengyou» де Tencet компаниясының жобасы. Қытайда достармен интернет арқылы қарым-қатынас жасауға келгенде таптырмас құрал. Алайда белсенділік тұрғысынан өзге желілерге қарағанда төмен статистиканы көрсетіп отыр.

«Wechat» — біздің елдегі «WhatsUpp» желісіне қатты ұқсас. Видео, аудио және смс хабарлама арылы байланысуда ел тұрғындары аталмыш желіні жиі қолданады.

«Weibo» «Instagram» — ның тағы бір нұсқасы. Репост, хэштег жасау арқылы қолданушылар жаңалықтармен бөлісе алады.

«Renren» қытай тұрғындары «қытайлық фейсбук» деп атаған желі түрі. Қазіргі таңда 22 миллион белсенді қолданушылары бар.

«Douban» — кітап, фильм, музыка рецензияларын жазуға қызығатындар үшін жарық қөрген. Интеллектуалдық деңгейін жоғарылатуға ұмтылған жастардың басым бөлігі осы желіде тіркелген.

Ел тұрғындарының 47 пайызы әлеуметтік желіде тіркелген деген мәліметтер бар, яғни 627 миллион аккаунт тіркелген.


Креативтілікті шыңдаудың шынайы 7 әдісі

 Креативтілік — жауабы табылмаған жұмбақ. Нейроғылымның үлкен жетістіктеріне қарамастан, ғалымдар күні бүгінге дейін адамдарға қалай таптырмас идеялар келетінін түсіндіре алмай дал. Бір қызығы, ерекше идеялар тасқыны саябырсымақ емес. Ең маңыздысы — біз шығармашылық әрекетке озық ғылыми білімдерді қолдана отырып, әсер ете аламыз. Мидың ерекшеліктерін қолданып, креативтілікті қалай арттыруға болады? — толығырақ мақалада.

 

 

1 - Өзіңізге шектеу орнатыңыз

Зерттеуге сәйкес [Ward, Thomas B.,1994: https://eric.ed.gov/?id=EJ494059], креативтілікке қарсы үлкен тосқауылдардың бірі — адамдардың мидың қызметін аз мөлшерде пайдаланатын жолды таңдай отырып, бұрын-соңды жасалған идеяларға арқа сүйеуі.

Ғалымдардың пайымдауынша, ерікті шектеулер қоя білу креативтілікті жақсартады. Себебі, бұл бағыт шығармашыл адамдардың өзін қалыпты, жайлы зонасынан шығып жұмыс жасауға итермелейді.

Мысалы, сізге әлденені 1000 сөзбен сипаттау қажет болса, әуелі 500 сөзбен дәл солай жасауға тырысып көріңіз. Осылайша сізге аз сөзге ауқымды ақпаратты сыйдырудың оңтайлы жолын іздеуге тура келеді.

Мұны «100 идея» атты креативті әдістің көмегімен іске асыруға болады. Әуелі, проблемаңыздың шешімін табу үшін кез келген 100 идеяны ойластырасыз. Тіпті, ақылға қонымсыз, қиял-ғажайып идеяларды да бұл тізімге қосып қойсаңыз болады. Аталған әдіс сізді қалыпты шеңберден шығуға итермелейді.

 

2 - Мәселені қайта қарастырыңыз

Ғалымдардың шығармашылыққа бейім адамдардан байқаған тағы бір ерекшелігі — мәселені қайта-қайта қарау үрдісі. [Csikszentmihalyi M., 1971: https://www.ncbi.nlm.nih.gov/pubmed/5558339]

Креативті адамдар проблеманың шешу жолдарын (креативтілігі аз әріптестері сияқты) белсенді түрде ойлағаннан гөрі, тапсырмамен әрлі-берлі ойнап, жан-жақтан қарастырып, уақыт өткізетін көрінеді.

Мысалы, сізді не саларын білмей отырған суретші делік. Ол көрерменге эмоция тудыратын әлдене жасағысы келеді. Суретші қанша ойланса да, оған ауыз толтырып айтарлықтай бір де бір идея келмейді. Бұл жағдайда суретші проблемаға басқа қырынан қарап, «Қандай визуалды образ жалғыздық сезімін тудыруы мүмкін?» деудің орнына, «ерекше эмоционалды дүниені қалай саламын?» деген пікірге ойын шоғырландырады.

 

3 - Менталды қашықтық жасаңыз

Тапсырмадан немесе мәселеден алыстау, шығармашылық түйінді шешуге және түсінуге көмектесетіні бұрыннан белгілі. Бірақ, уақытша алшақтаудан басқа, «кеңістікті» алшақтауды да қолданып көруге болады.

Мысалы, мына зерттеуге [Lile Jia, Edward R, 2009: https://www.sciencedirect.com/science/article/pii/S0022103109001267]  қатысқандардан мәселеге жақынан емес, алыстағы нәрсе сияқты қарап көруді тапсырғанда, адамдар екі есе көп тапсырманы орындай алған.

Сізге жүктелген тапсырма сіздің өзіңізден және орналасқан жеріңізден қашықтағы нәрсе ретінде елестетіп көріңіз. Зерттеуге сүйенсек, бұл тәсіл проблеманы түбегейлі түсінуге және оны шешуде креативтілікті көбірек танытуға көмектеседі.

 

4 - Қиялға берілместен бұрын, білек сыбана еңбек етіңіз

Ұйықтау немес армани күйде болу шығармашылық барысына жақсы әсер етенінін ғылыми зерттеулердің көбі растағанымен, айта кетерлік тағы бір жайт бар.

Зерттеудің біріне  [Zhong CB, 2008: https://www.ncbi.nlm.nih.gov/pubmed/18947357] сүйенсек, көбінесе, проблемаға қаншалықты аз күш жұмсаған болсаңыз, қиял деңгейіндегі армандардың да сізге тиер көмегі аз болмақ. Яғни армандаудың әсері шығармашылық күшіңізді ерекше салған жобаңызда тиімдірек болмақ.

Сол үшін де еркін ойға берілмес бұрын, шығармашылық әрекетпен қаншалықты байланыста екеніңізді анықтап алыңыз. Сонда ғана ауқымды нәтижеге қол жеткізетін боласыз.

 

5 - Санаңызды абсурд тұңғиығына батырыңыз

Зерттеуге сәйкес [Travis Proulx, 2009: https://journals.sagepub.com/doi/abs/10.1111/j.1467-9280.2009.02414.x], абсурдты немесе сюрреалист дүниені оқу/уайымдау шығармашылық ойды ынталандырады екен.

Мысалы, жоғарыдағы зерттеуге қатысқандар Франс Кафканың (Франц Кафка — XX ғ. ең негізгі неміс тілді жазушылардың бірі. Шығармалары абсурд пен сюрреализмге толы.) шығармасын оқыды. Алайда, психологтар сонымен қатар басқа кітаптарды, мәселен, «Алиса ғажайыптар елінде» шығармасын оқуға да кеңес береді.

Ғалымдар ақыл үнемі көріп тұрған нәрсесін ұғынуға тырысады деген шешім шығарды. Ал сюрреалисттік немесе абсурдты шығармашылық қысқа уақытқа миға аса көп жұмыс беріп жібереді: ол не нәрсеге қарап тұрғанын немесе не оқып жатқанын нақты түсінуге тырысады.

Егер сіз шығармашылық мәселеңіздің тығырығына келіп тірелсеңіз, Сальвадор Далидың картинасын тамашалаңыз, немесе Уильям Берроуздың, болмаса, Кафканың шығармаларын оқыңыз.

 

6 - Интенсивті көңіл-күйде болғанда шығармашылықпен айналысыңыз

Ұзақ уақыт бойы қуаныш — шығармашылық үшін таптырмас көңіл-күй деп есептеліп келді.

Десе де, Америка психологиялық қауымдастығы 2007 жылғы зерттеуінде эмоцияның жағымдысы да, жағымсызы да ұлғайған кезде креативтілік жақсарады деген тоқтамға келді.

Сондықтан, сіз энергиясын шығармашылыққа бағыттай отырып, ең күшті негативіті сезімдеріңізді де пайдаңызға жарата аласыз.

 

7 - Қимылдаңыз

Физикалық жаттығулар тек денеге ғана емес, сонымен қатар миға да пайдалы.

Қазіргі таңда көптеген зерттеулер креативті ойлауға белсенді қозғалыстың пайдасы зор екенін алға тартуда, соның бірі мынау. [Lorenza S.Colzato, 2013: https://www.frontiersin.org/articles/10.3389/fnhum.2013.00824/full]

Ғалымдардың пайымдауынша, бұл әсер мидың қанмен қамтамасыз етілуінің жақсаруы мен көңіл-күйдің жоғарылауынан пайда болады. Махаббат жайлы ойлау креативтілікті ынталандырады деген зерттеулер де осыған ұқсас. Мұндағы мәселе әрекеттің өзінде емес, көңіл-күйдің өзгеруінде.

Бос уақытыңызда физикалық жаттығулар жасаңыз — бұл сізге қандай да бір инсайт берері сөзсіз. Сондай-ақ, бұл инкубация (психологияда термин) әсерін де іске қосу мүмкін.

 

Түйін

Креативтілігіңізді шыңдау үшін төмендегі ғылыми негізделген әдістерді қолданыңыз:

— Миыңыздың бейстандарт ойлауы үшін, өзіңізді комфорт аймағынан алып шығыңыз.

— Мәселеге әр тараптан қарауға көбірек күш жұмсаңыз.

— Түйткілді мәселеден ойша арылып, басқа, алыс жерге апарып тастаңыз. Сосын оған жоғарыдан қарап көруге тырысыңыз.

— Жұмыс барысында түпсананы қоспас бұрын, алдымен, берілген тапсырманы рационалды мимен орындап көріңіз.

— Миды біраз сілкіп алу үшін, абсурдты дүниемен жұмыс жасауға итермелеңіз.

— Қуанышта да, өкініште де шығармашылықпен айналысыңыз. Кез келген интенсивті қобалжу сіздің креативтілігіңізді жақсарта түспек.

— Көбірек қимылдаңыз. Бұл миға қанның дұрыс баруын қамтамасыз етеді және көңіл-күйді жақсартады.

 

bilim-all.kz, Назерке Әсетова

    

 

17 жаста үш аптада қалай миллион теңге табуға болады?

 

 Даниял Умбеталов — Алматы қаласының тұрғыны. 18 жаста. Жас болғанына қарамастан оның компаниясы бар. Атамекен ұйымдастырған жас кәсіпкерлер байқауында үздіктер қатарынан көрініп 505 000 теңге грантқа ие болды. Біз жас кәсіпкермен сұхбаттасып Даниялдың 7 жастан бастап қалай ақша тапқандығын, компания құрудағы қиындықтары және өмірін өзгерткен еңбек жайлы сұрап білдік.
 

 

Кәсіпкерлікке келуі жайлы

 

Кәсіпкерлік салаға келуіме себепші болған нәрсе — энергетик. 7 жасымда энергетик сатып алғым келді. Бірақ ақшам болмады. Ал ата-анам энергетик зиян деп қаражат бермеді. Бір нәрсеге тыйым салса сол затты алғың келеді ғой. Солай ақша табудың жолдарын іздедім. Осылайша жеті жасымда видеокассеталар сатып бастадым. 11 жасымда оқушыларға арналған жапсырмалар (наклейка) саттым. Біз типографиядан оқушыларға ұнайтындай түрлі нұсқаларын басып шығарып қызықты жобалар жасадық. Осыдан кейін шарға көштім. Қаланың парктеріне барып шардан әртүрлі фигуралар жасап сол жақтағы отбасыларға саттым. Солай сатумен айналысып жүргенмін.  Бір күні достарыммен бірге Шымбұлаққа барғым келді. Алайда олармен бірге баратындай қалтамда ақшам жоқ. Ал әке-шешем маған соншалықты ақша бере алмады. Не істерімді білмей отырып алып қалай ақша табуға болатындығын ойландым. Ойлана келе миыма бір идея келді. Менің техникалық білімім бар сәйкесінше компьютермен жақсы жұмыс істей білемін. Осы қабілетімді пайдаланып мектептерге барып компьютерлеріне бағдарлама (программа) орнатып беретіндігімді айтып қызметімді ұсындым. Солай ең алғаш 30 000 теңгемді жинап e-mail жіберілім (рассылка) жасадым. Солай күндер өтіп 15 жасымда «18-ге толғанға дейін миллион табамын» деп алдыма мақсат қойдым. Биыл наурыз айында 17 жасымда 3 аптаның ішінде 1,5 млн теңге таптым. Қалай десеңіз, инфомаркетингтен арқылы. Инфомаркетинг — бұл Е-майл жіберілім (рассылка) мен серіктестің тауарын сатудың қосындысы. Мен клиенттер базасын жасап серіктестердің тауарларын MR-жіберілім (рассылка) бойынша саттым. Оған қоса сол аралықта «Яндекс.Директ», контекстік және таргетингтік жарнамалар жасауды үйрендім. Бұл интернет бизнес болды. Өз-өзіме жұмыс істедім. Мен ол кезде ЖОО тұрмақ, әлі мектепті бітірмегенмін. Бұның бәрін ғаламтордан өз бетімше үйрендім. Үйде отырып алып, телеграм канал ашып, курстарды жүктеп алып оқыдым. Интернет бизнес саласында өзіме керекті дағдыларды өз бетімше солай үйрендім.

 

 

Біраз уақыттан кейін типографиялық қызметпен айналысуды шештім. Соның ішінде кең тараған — басып шығарумен айналыстым. Себебі маған типография саласы ұнайды. Біз постер жасадық, мерекелерге арналған баннерлер басып шығардық. Сыртқы жарнамамен шұғылдандық. Ақша түсті, бірақ көп емес еді. Кәсіп жүргізіп отырғандықтан «Атамекен» жобасына қатысып көруді жөн көрдім. Жоба аясында бизнес жоспар әзірлеп, оны қалай дұрыс құру керектігін меңгердік.

 

Speed digital agency веб-дизайн студиясы  

 

Осы жаз айында Атамекеннің «Жас кәсіпкер» байқауына қатыстым. Бұл байқау жайлы инстаграмнан көрдім. Байқауға бүкіл Қазақстан бойынша 2000 жуық адам қатысты. Егер мемлекет сенің шынымен де ақша тапқың келетінін көретін болса онда саған ақша бөледі. Мен бұл байқауда 505 000 тг көлемінде грант ұтып алдым. Сол Атамекен жобаларының бірінде білікті программист пен SMM маманымен таныстым. Біз бірігіп Speed digital agency веб-дизайн студиясын аштық. Мен сатылымға ал олар өнімге жауап береді. Бұл ақшаны бизнесті дамыту үшін жаңа техникалар алуға жұмсаймыз. Әрі қарай да қол астыма қызметкерлерді жалдап, клиентке күшті эффект жасау үшін жарнамаға көп көңіл бөліп, соған бюджетті жұмсаудамын. Атауына тоқталсам, біздің компанияның ұстанымы бұл — мерзім, сондықтан speed. Біз сайт, мобильді қосымша, телеграм бот жасаймыз, сайтқа дизайн, копирайтинг қызметін ұсынамыз. Сонымен қатар контекстік және таргетингтік жарнамамен де айналысамыз.

 

Мен клиентиерді үш тәсілмен тартамын. Бірінші контекстік жарнама. Екінші таргетингтік жарнама. Ал үшінші әртүрлі бизнес шеберлік сағаттары мен семинарлар. Спикерлер өзің жайлы айтуды сұрағанда мен өнімді таныстырып сайт жасаумен айналысатынымды айтамын. Сонда 100 адамның ішінде міндетті түрде екі адам маған келеді.

 

Қиындықтары жайлы

 

Мен тапсырманы бөлуді үйренбедім. Жұмысты менен артық ешкім орындамайды деп ойлайтынмын. Бірақ бір кезде шаршап ешнәрсеге үлгермейтінімді түсіндім. Сондықтан қол астыма қызметкерлер алдым. Өз ісінің маманы болған адамдар бар, олар сыртынан көрініп тұрады. Біз келісім-шарт жасасқанда ең қиыны олардың маған жұмыс істейтіндігін айту болды. Маман өз жұмысын жақсы істей алғанымен өнімді өткізіп сата алмады. Сондықтан да фриланста көп қаражат таппады. Ал мен адамдармен байланысып келісе аламын. Солай біз-бірімізді таптық. Қазіргі уақытта менің кәсібімдегі кедергілер — компаниямның танылмағандығы ғана. Әзірге осы. Осы мәселені шешу үшін инстаграмды дамытып жатырмыз.

 

Биыл мектепті бітірдім. Университетке түспедім. Жоспарымда жұмыс істеу. Әзірге университетке тапсыру жоспарымда жоқ. Тіпті ойламаймын да. Себебі білім беру жүйесі ескірді әсіресе бизнес үшін ескірген деп есептеймін. Егер университет бітірген маркетолог пен мені салыстыратын болса біздің арамызда кәдімгідей үлкен айырмашылық бар. Мен практикпін әрі сата аламын. Бәлкім, теорияны білмейтін шығармын. Бірақ жұмыста клиентке теория емес практика қажет.
 
«Бүгін басқалар қаламаған нәрсені жасасаң, ертең басқалар сүре алмайтындай өмір сүресің»

 

Істеуге қорқып, өмір бойы өкінгенше істеп көріп оған өкінбеу керек. Бүгін басқалар қаламаған нәрсені жасасаң, ертең басқалар сүре алмайтындай өмір сүресің деген сөз бар ғой. Сол сөз маған күн сайын мотивация береді. Ең алғашқы кітап яғни оқығаннан кейін кәсіпкер болуға ой тастаған кітап Роберт Киосакидің «Бай әке, кедей әке» еңбегі. Бұл еңбек менің өмірімді өзгертті. Ал ең сүйікті кітабым «Вавилондағы ең бай адам». VQTeens кәсіпкерлік қауымдастығына кіремін. VQTeens — бұл жас кәсіпкерлерге арналған орта. Біз әр сенбі сайын тренингте кездесеміз. Нарықта бизнес тренерлер көп. Мен VQTeens тренингтеріне ғана қатысамын.

 

Оқуға кеңес береміз:

 

Роберт Киосакидің пікірінше Актив пен Пассив деген не?

 

«Вавилондағы ең бай адам» кітабы

 

Соңғы қоңырауға дейін байып үлгерген 7 оқушы
 
Болашаққа жоспарым қаржылық тәуелсіздікте өмір сүру. Мен үшін қаржылық тәуелсіздік деген ол менің отбасым ешнәрседен мұқтаждық көрмейді. Мен спарталық жағдайда өскен болсам, ал менің балам оқуы мен дамуы үшін қалағанының бәрін ала алатын болады.

 

Қания Табыс

    

Неліктен әуежайда зарядтаудың USB-станцияларын пайдалануға болмайды

 

Біз қандай да бір қызметті төлей отырып, қиындық туғызған мәселелерді шешуге үміттенеміз. Мысалы, әуежайда тасымалдаушыға ақысын төлей отырып, біз ауыр чемодандарды көтеруден құтыламыз. Бірақ, өкінішке орай, қоғамдық орындарда қызмет әрқашан тиісті дәрежеде көрсетіле бермейді: әуежайда қалтаңыздан ақы төлеп, ұялы телефоныңызды зарядтай отырып басыңызға бәле тілеп алуыңыз ғажап емес. 

 

 

Қаскүнемдер қоғамдық USB-станцияларды қорғаудан ілік таба отырып, телефонға оп-оңай қосыла алады, сонымен қатар оған түрлі зиянды бағдарламалар орнатып, тіпті сіздің жеке мәліметтеріңізді жүктей алады.

 

IBM Security-дегі X-Force Threat Intelligence-нің  вице-президенті Калеб Барлоу: «көпшілікке қолжетімді USB-портқа қосылу жолда біреудің тіс щеткасын тауып, оны пайдаланғаныңызбен пара-пар. Сіз оның бұрын соңды кім пайдаланып, қайда жатқанын білмейсіз ғой. Қоғамдық  порттар деректерді жібере алатынын ескере жүріңіздер» — дейді.

 

Айта кету керек, 2019 жылы жарияланған көрсеткіштерге сәйкес, киберқылмыскерлер соңғы бірнеше жылда қоғамдық USB-станцияларды қорғаудағы кемшіліктерді белсенді түрде пайдалана бастады. 2018 жылдың қаңтарынан бастап телефон зарядтау станциялары арқылы 566 миллион дерек ұрланған екен.

 

Ал бұндай келеңсіздіктен құтылудың жолы бар ма? Әрине бар. Зарядтау шнурына дейін зарядтау құрылғысына салынған арнайы адаптер бар және ол арқылы деректерді жіберу бұғатталады, ол арқылы тек ток өтеді. Бірақ өзіңізбен бірге портативті зарядтау құрылғыларын алу немесе әуежайда бос тоқ көзін тауып, өзіңіздің зарядтағышыңызды пайдаланғаныңыз жақсы. Сондай-ақ Калеб Барлоу әуежайдағы  әлдебіреудің ұмыт қалдырған зарядтау құрылғысын қолданбағаныңыз жөн екенін атай кетті. Зарядтау сымына түрлі зиянды бағдарламаларды телефонға тарататын чипті енгізіп қоюы да мүмкін. Ал алаяқтар мұндай бағдарламалардан құтылу үшін қаржы талап етуі ғажап емес.

    

Әлемдегі ең қымбат тағамдар

Кейде деликатестер мен сирек өнімдерді тату үшін он есе артық төлеуге дайын тұратынымыз бар. Алайда, бірнеше мың доллар тұратын тағам құнын ақтау үшін қандай болуы керек? Кез келген әмиянды жұқарта алатын ең қымбат түрлі тағам мен өнімдерді назарларыңызға ұсынамыз.

 

Ең қымбат тұшпара

 

 

Ең қымбат тұшпаралар Бронкс ауданында орналасқан, орыс эмигранттарына арналған Golden Gates мейрамханасында беріледі. Тағамның қымбат болуы оның құрамындағы бұзау, бұлан және шошқа етіне, сонымен қатар терең суда мекен ететін алау-балықтың теміріне байланысты. Дәл осы темірдің әсерінен тұшпара көк-жасыл жарық шығарады. Сегіз тұшпара порциясы 2 400$, ал 16 тұшпара 4 400$  тұрады.

 

Ең қымбат картоп

 

Картоптың өзі деликатес бола алады, егер ол La Bonnotte сорты болса. Ол Атлант мұхитындағы Нурмуатье деп аталатын Француз аралында өсіріледі екен. Оның құндылығы дақылдардың күту тәсіліне байланысты қымбат бағаланады. Картоп алқаптары ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырған технология бойынша өсіріледі — теңіз балдырларымен ғана тыңайтылады. Бұл сортты тек қолмен отырғызады және жинайды, оның килограммы шамамен 500 еуроны құрайды.

 

 

La Bonnottе-ден жағымды жаңғақ дәмі мен лимонның хош иісі аңқып тұрады. Сортты 1930-шы жылдары шығарды, бірақ алғашқы онжылдықта ол сұранысқа ие болған жоқ. 1995 жылы сирек картоптың айналасындағы дүрлікпе пайда болды: сол кездің өзінде 1 кг картоп үшін бірінші рет рекордтық баға — 475 $ орнатылды, содан бері бағасы өсуде.

 

Ең қымбат саңырауқұлақ

 

 

Ақ трюфельдер — әлемдегі ең қымбат тағам болып есептелінеді. Осындай бір саңырауқұлақтың бағасы екі мың еуроны құрайды. Бұл трюфельдердің ерекше иісі бар, бірақ иісіне қарамастан бұл саңырауқұлақпен барлық тағамдарды қосып жей береді. Жаһандық жылыну мен инсектицидтерді пайдаланудың кесірінен трюфельдер азайып келеді, сол себепті қолжетпес азыққа айналуда.

 

Ең қымбат сиыр еті

 

 

Жапондық мәрмәр сиыр етінен дайындалатын Wagyu стейкі — әлемдегі ең дәмді, танымал және қымбат деликатестердің бірі. Ол таңғажайып хош иісті, мәрмәрлігі А4-ке тең ( ең жоғарғы көрсеткіш А5) және керемет майлы текстураға ие. Жапонияда Вагю тұқымының таза қанды бұқашықтарына асқан сыйластықпен қарайды: оларға массаж жасайды, сырамен суарады, классикалық музыка қойып береді. 1 кг ет құны 450 долларға дейін жетеді.

 

Ең қымбат ірімшік

 

 

Ең қымбат ірімшіктердің бірі — бір жерде ғана — Швециядағы Moose House фермасында өндірілетін бұлан сүтінен алынған ірімшік. Оны дайындау үшін бұлан сүті қолданылады. Бұланның ірімшігінің түсі ақ, сырттай фета ірімшігіне ұқсайды. Мұндай ірімшіктің 1 кг-ы 1 000 еуро тұрады және ол шектеулі мөлшерде өндіріледі.

 

Ең қымбат уылдырық

 

 

Құртпа (қортпа)-альбинос — Каспий теңізін мекендейтін үлкен бекіре балығы. Оның құнының асқақтаған себебі құртпа-альбинос алтын түсті уылдырығын 100 жылда бір рет шашады екен. 1 кг уылдырық 8500 евро тұрады.

 

Ең қымбат сорпа

 

 

Қарлығаштың ұясы өсімдік қоспаларысыз тек сілекейден ғана тұрады. Сондықтан олардың ұясы — қытай асханасында деликатес саналады. Қарлығаштың ұяларын жинау — өте қауіпті жұмыс, сондықтан болар тағамның бағасы асқақтап тұр. Құстар ұяларын биік жартастарға салады. Ал жартасқа өрмелеу оңай іс емес. Мұндай деликатестің құны 1 кг үшін 3 000$ дейін бағаланады.

 

Ең қымбат кофе

 

 

Копи-лювак кофесінің дәндерін өндіру процесі: виверр тұқымдас мусанг аңы — кофе ағашының піскен жемістерін жейді, кофе дәндерін қорытады да сыртқа шығарады, содан кейін адамдар оны жинап, жуады, содан кейін күнге кептіреді. Копи-лювактың ерекше ащы дәмі мусангтардың асқазан сөлдерінің кейбір ақуыздарды ыдыратып жіберуінен пайда болады.

 

Блэк айвори сорты Таиландта шығарылады. 450 граммы 500 доллардан асады. Арабика дәндері пілдің асқорыту трактісі арқылы өтеді. Сатылымнан түскен табыстың 10%-ы пілдерге ветеринарлық көмекке және дәрі-дәрмек сатып алуға бағытталады.

 

Ең қымбат дәмдеуіш

 

 

Бұл дәмдеуіштің құны 1 кг үшін 400-ден 1 000$-ға дейін бағаланады. Себебі запырангүл (шафран) тек күзгі уақытта және жылына жеті күн ғана гүлдейді. Оны жинау және одан әрі өңдеу жұмыстары қолмен жүзеге асады. Ал 1 кг запырангүлді жинау үшін жинаушылар осы өсімдіктің 300 мың гүлін теріп алуы керек екен.

 

Ең қымбат пицца

 

 

4200$ тұратын «Рояль 007» пиццасын бас аспаз Доменико Кролла дайындады (бұрын өз мейрамханасында атақты адамдардың портреттері бар пиццалар дайындағандығымен танымал болған), және бұл әлемдегі ең қымбат тағамдардың бірі. 30-сантиметр пиццада коньякпен маринадталған лобстер тілімдері, шампанға малынған уылдырық, шотландтық ысталған албырт, ұзақ уақыт ұсталған бальзам сірке суы, бұғы етінің тілімдері, прошутто болса, ал үстіне — 24 караттық жеуге жарамды алтын жалатылған.

    


»  1 кг лимонда 1 кг құлпынайдан да артық шекер бар.

»  Қолтырауындар түстерді ажырата алмайды.

»  Тек қана еркек тотықұстар сайрайды.

»  Жарты кг бал алу үшін аралар 2 млн-нан аса гүлді өсімдіктер шырынын өңдеуі қажет.


»  Бүйелер екі жарым жыл қоректенбестен өмір сүре алады.

»  Інжулер сірке суында ериді.

»  Сәбізге рең беретін каротин (сарғыш-қызғылт пигмент).

»  Шолпан – сағат тілі бағатымен айналатын ғаламшар.

»  Ең көп асфальтты жолға ие болған өлке – Франция.


»  Эйфель мұнарасының төбесіне шығу үшін 1792 баспалдақтан өту керек.

»  Адам өзінің шынтағын жалай алмайды.

»  Адамдар өте қатты түшкіретін болса, қабырғалары сынуы мүмкін.

»  Доңыздар дене бітімдерінің салдарынан бастарын жоғары көтеріп, аспанға қарай алмайды.

»  Әлемдегі халықтың 50% мүлдем телефонмен сөйлеспеген.

»  1 сағат құлаққап (наушник) тыңдағанда құлақтағы бактериялардың саны 700 %-ға артады.


»  Ұшқын сіріңкеден бұрын табылды.

»  Саусақ іздері сияқты тіл іздері де адамға тән ерекшелік болып табылады.

» 2 500 м тереңдікте және 300oC ыстықта өмір сүретін бактериялар да бар.

» Ішектерімізде 400 ден аса бактериялар бар. Бұл бактериялардың ішектеріміздегі саны жасушаларымыздың санынан да көп.

» Азық үшін адамға бас салатын жалғыз жануар – аю.

» Қасқырлар 30 км қашықтықтан бөлтірігіне азық тасиды.


» Шалғынды қасқырлардың (койот) ең сүйікті тағамы – қауын.

» Пираниялар (жыртқыш балықтар) үш тістегенде адамның қолын білегінен жұлып алады.

» Суық климатта өмір сүретін тұщы су тасбақаларына жататын тасбақалар күзде терең тыныс алып, су астына түсіп, көктемге дейін өмір сүреді. Үш ай оттегісіз ортада көмірсулардың (негізінен глюкозаның) ыдырауынан энергия алады. Олардың жүректері минутына бір рет соғады.

» Ұрғашы көк киттердің ұзындығы 34 м және күніне 3.000000 калория алады.

» Эдисон электр шамына қажетті материалды табуы үшін 3000 рет тәжірибе жасаған.

 

» Бірінші дүниежүзілік соғыста 2 500 000 ат қолданылды.

 

» Темекінің құрамындағы шайырлы (смола) затқа жасалған тәжірибенің нәтижесінде тышқанның арқасына жағылған жерден қатерлі ісік пайда болған.

 

» 1971 жылы Жапонияның Исигаки аралында болған биіктігі 85 метрге жеткен толқын – дүние жүзіндегі ең үлкен толқын болып табылады.

 

» Ашық аспанды түнде 1000-нан аса жұлдызды көруге болады.

 

» Кез келген мұхиттан ең қашық жер - Қытай.

 

» Дүние жүзінде минут сайын аз қарқындылықпен жер сілкініп тұрады.

 

» Үндістанда жылына дүниеге келетін балалар саны Автрияның жалпы халық санынан артық.



    

bilimdinews.kz сайтының ақпараттары
Қазақстандағы АҚШ Елшісі Уильям Мозер Америка Құрама Штаттарындағы
жоғары оқу орындары туралы құнды ақпаратпен бөлісті


Мен, Қазақстан Республикасындағы АҚШ елшісі ретінде, Америка Құрама Штаттарындағы 4700-ден астам аккредиттелген жоғары оқу орындарының бірінде оқу жылын бастаған барлық қазақстандық студенттерді құттықтағым келеді.  Америкалық оқу орындарының түлектері дүние жүзінде әр түрлі салалар бойынша жаңалық ашып, көшбасшылық танытып келеді, сіздер де бүкіл АҚШ жеріндегі кампустердің сапасы, ашықтығы мен динамизмінің арқасында өмірлері күрт өзгеретін  жастардың қатарына қосылғандарыңызды мақтан тұтуларыңыз қажет. Бүгінгі таңда, бір милионнан астам студент халықаралық студенттерге білім алу мүмкіндігін беретін АҚШ-тың әлемдегі көшбасшы ел екендігін дәлелдейтін, көне дәстүрін сақтап келген америкалық оқу орындарда білім алуда. Бұл – шет елдік студенттер мен олардың отбасы мүшелері үшін америкалық жоғары білімнің деңгейі теңдесі жоқ сапаға ие екенінің дәлелі.  Шет елдерден келген студенттер АҚШ пен әлемнің барлық елдерінің арасындағы байланысты нығайтып, жаһандық мәселелерді шешуге қажетті адамдар арасындағы қарым-қатынасты дамытады. Біз, қол жетімділікті бағалаймыз және кампустарымызда әртүрлі деңгейдегі студенттерді белсенді түрде қолдаймыз. Америка Құрама Штаттарындағы колледждер мен университеттер халықаралық немесе шет елдік студенттерді оқу орнының қабырғасында да, сабақтан тыс уақытта да олардың ерекшеліктері үшін және әр түрлі көзқарастары үшін аса бағалайды. Американың университеттері мен студенттері шетелдік студенттерге, олардың білімі мен таланттарына, бәрімізді ортақ және табысты болашаққа дайындауға көмектесетін адамдар деп қарайды. АҚШ колледждері мен университеттері барлық студенттерін қауіпсіздікпен және жақсы жағдаймен қамтамасыз ететінін мақтан етеді, бұған қосарым, сіздерді де Америка Құрама Штаттары қуана қарсы алуға дайын дегім келеді. Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Нұр-Сұлтан және Шымкенттегі EducationUSA кеңесшілері АҚШ-та білім алу туралы сұрақтарыңызға жауап беруге дайын. Қазіргі уақытта өтініш беруді қарастырып жатқан азаматтарға EducationUSA кеңесшілері нақты шешім қабылдау үшін құнды ресурстар ұсына алады. АҚШ-тың барлық 50 штатында аккредиттелген 4700-ден астам оқу орындарының ішінде әр адамға өз көңілінен шығатын америкалық колледж немесе университет табылады. Оқу бағасының түрлі нұсқалары бар, атап айтқанда, «2 қосу 2» моделі бойынша жергілікті колледждер мен төрт жылдық оқу орнын біріктіретін бакалавр мамандықтарын оқытатын қол жетімді оқу түрі де бар. Жақында Нұр-Сұлтан, Атырау және Алматыда өткен EducationUSA білім жәрмеңкелеріне барып, АҚШ-тың 20-дан астам университетінің өкілдерімен кездескен қатысушылар осы колледждер мен университеттерді мұқият қарастырып, өтініш береді деп үміттенеміз. Қазақстандағы АҚШ елшісі ретінде, араларыңызда осы мүмкіндікті жібермей, АҚШ-қа оқуға баруға дайындалып жатқандарыңызды құттықтаймын, ал оқимын деушілерге айтарым: америкалық жоғары оқу орындарына түсулеріңізге тілектеспін! Іске сәт!  Сәттілік!  

Уильям Мозер
Қазақстандағы АҚШ Елшісі

    

Казахстанский гений Абзал Мырзаш планирует закончить университет в 15 лет


В последние дни весь мир обсуждает особенные способности девятилетнего белгийца Лорана Симонса. Молодое дарования, обучающийся по специальности электротехника, удивляет людей своими способностями к быстрому обучению, пишет bilimdinews.kz со ссылкой на пресс-службу МОН РК
И в нашей стране есть много одаренных детей. Один из них, четырнадцатилетний студент третьего курса КБТУ Абзал Мырзаш готовится получить степень бакалавра в следующем году. Молодой гений одновременно с основной специальностью изучает несколько других. Сегодня Абзал учится по направлению информационные технологии, а после вуза планирует поступать в магистратуру в Массачусетский технологический институт. Мы верим, что Абзал оставит свой след в мире науки.




Послание
Президента

blog1.jpg?_=1510120441

Біздің сайтқа баға беріңіз ???

Дауыс беру

Статистика

  • Осы айда : 1459
  • Осы аптада : 60
  • Кеше : 9
  • Бүгін : 7
  • Желіде : 1

Полезные ссылки