Меню KDT
МЕНЮ

«№56 мектеп-лицей»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

logo.png?_=1509509150

№56 мектеп-лицей сайтына қош келдіңіз!
Меню школы

Бастауыш бірлестігі



20.02.2020

3-4 сыныптар арасында Зерделі Ақыл-ой Дамыту Орталығымен бірлесе өткізілген "Алтын сақа" математикалық олипиадасының мектепішілік кезеңінің марапаттау рәсімі өтті. Олимпиадаға барлығы 63 оқушы қатысты. Оның 32-сі Дипломдар мен Грамоталармен марапатталды.





04.02.2020

Абайдың 175- жылдығына орай ұйымдастырылған республикалық қашықтық «Абай оқуларынан» ең үздік деп танылған 1 «А» сынып оқушылары Завгарин Ернур мен Асатулла Марлен І дәрежелі дипломмен марапатталды.



13.01.2020
«Абайды оқы – таңырқа!» атты 
іс – шара

Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған іс – шараның жоспары бойынша барлық сыныптан тыс сабақтар өз деңгейінде өтілді. Нәтижесінде бастауыш сыныптар бойынша 228 оқушы және 35 ата – ана қамтылды. Атап айтқанда 4 сынып  оқушылары арасында өтілген «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!» танымдық кеші  «Шәкәрім» клубында оқушылардың Абай шығармаларына деген қызығушылықтарын оятуда өте мазмұнды өтті.

Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған іс – шараның жоспары бойынша барлық сыныптан тыс сабақтар өз деңгейінде өтілді. Нәтижесінде бастауыш сыныптар бойынша 228 оқушы және 35 ата – ана қамтылды.Абайды оқы – таңырқа! Ата – аналармен өтілген «Абай, Мұхтар, Шәкәрім- қазақтың інжу - маржаны» атты танымдық сайыстан.



10.01.2020

3- сыныптар арасында 1001 мақал,  101 жұмбақ сайысы өтті. Сайысқа әр сыныптан 2 оқушыдан қатысты. Сайыс 3 кезеңнен тұрды.

 

Сайыстың кезеңдері:

 

Мақалдардың жалғасын табу. Жұмбақтарды шешу және жауабын 3 тілде айтып жауабын латын графикасымен жазу.

 

Суреттер сөйлейді.





      

Халықаралы ғылым мен білімді қолдау орталығының ұйымдастыруымен «Абай дана – Абай дара қазақта!» атты оқушылар арасында өткен республикалықбайқауына «Көркем жазу» номинациясы бойынша қатысып Маликова Дильназ бен Темірхан Аянат   І дәрежелі дипломмен  Серикпаева Айтолқын ІІ дәрежелі дипломмен  марапатталды.


      

1 «Ә» сыныбында Тәуелсіздік мерекесіне орай «Тәуелсіз елім Қазақстаным» атты тәрбие сағаты өтті.Тәрбие сағатында оқушыларға көптеген маңызды мәліметтер айтылып, видео , слайдтар көрсетілді.



      


11-желтоқсан күні 2-сыныптар арасында  «Зерделі»  математика мен логикаға негізделген  «Жас математик» атты сайыс өтілді.

Сайыстың мақсаты: Оқушылардың математикалық білім қабілеттерін тексеру барысында, логикалық ойлауын, алған білімдерін пысықтау. Мұндағы сөз жұмбақтар, ребус, математикалық есептер, логикалық тапсырмалар шешу арқылы логикалық ойын дамыту.

 

Сайыс түрі танымдылық ойын сайысына негізделіп құрылды. Сайыс өз деңгейінде өтті, оқушылар өте қатты қызығушылықпен қатысты. Сайыс бес бөлімге негізделген. Жиыны жеті сынып қатыстырылды. Әр сыныптан екі оқушы алынды. Сайыс барысында оқушылардың математика, логикаға деген аса қызығушылықтары байқалды. Олардың ойын барысында сөзжұмбақтың жылдам әрі тез табуы, бейнелі сөзді құруға, кім жылдам ойыны арқылы өздерінің шеберліктерін көрсете білді. Сайыс өз мақсатына жетті. Алғыр деген топтар көзге түсіп І, ІІ, ІІІ орындарға ие болып мақтау қағаздарымен марапатталды.

      

25 мен 29-қараша күндер аралығында 1-желтоксан Тұңғыш Президент күніне орай бастауыш сынып арасында көптеген іс-шаралар өтті.

26-қарашада 1-сынып оқушылары «Елін сүйген Елбасы» тақырыбында Тұңғыш Президентке кәдесый дайындады. Оны көрмеге қойып, мектеп оқушылары мен мұғалімдерге тамашалауға қойылды. 1 –сыныптардың кәдесыйлары өте керемет жасалынған. Әсіресе 1б,1ә,1д сыныптарыныкі талаптарға сай және эстетикалық талғамға сай жасалынған.1-орын 1б және 1д, 2-орын 1а ,1 ә , 1 г сыныптары жүлделі орындарға ие болды.

27-қарашада 3-сынып оқушылары «Егер мен Президент ... » тақырыбында эссе жазып тапсырды. Әр сыныптан ең үздік жазылған оқушының эссе-шығармасы қабылданды. Мұнда үздік шығарма жазған 3 «А» сынып оқушысы Хамид Алуа, 3 «Ә» сынып оқушысы Сейтхан Ақниет  және 3 «Г» сынып оқушысы Сапа Темірлан 1-орынды иеленді. 2-орынды 3 «Б» сынып оқушысы Баяш Бекзат, 3 «В» сынып оқушысы Темірхан Аянат  және 3 «Д» сынып оқушысы Құлшығас Тоғанас бөлісіп алды.

28-қарашада 4-сыныптар арасында «Алтын қақпа» сайысы өтті. Әр сыныптан « үздік оқушы қатысты: 4 «А»-  Арсен 4 «Ә»- Ақмалыш Ерасыл, 4 «Б» - Алибек Аяжан, 4 «В» - Әлібек Айназ  4 «Г» - Нығмет Махаббат, 4 «Д» Мұхтарқызы Аяулым4 «Е» Рүстембек Аружан Тағайындалған әділ-қазы алқасы сайыстың әр кезеңінде қатысушыларды бағалап, 1,2,3-орындар иелерін марапаттап тағайындады.

 

29-қарашада 2-сыныптар оқушыларының арасында ақындардың Елбасына арналған өлең шумақтарын үзінді жаттап, мәнерлеп оқудан сайысы өтті. Сайысқа қатысқан оқушылардың қатысу барысында сайыстың жеңімпазын әділ-қазылар бағалап, орын берілді.Оқушылар және сынып етекшілері барынша белсенділік танытты. Бастауыш сынып түгел қатысты. Бұл мерекеге орай өтілген шаралардың қатысушылар түгел марапатталды.

      

2 «Г» сыныбында «Айнала алтын күз» атты ашық тәрбие сағаты өтті.Ата –аналар түгелдей қатысып, кері байланыстарын берді. Күз туралы білгендерін ашық сұрақтар арқылы оқушылар өз ойларын өте жақсы жеткізе алды.                                                                                                                                                    
Сынып жетекшісі: Кабдолданова Ж.А.

 


2 «Ә» сынып оқушысы Айдаров Даниал  жыл сайын Алматы қаласында өтетін  балалар мен үлкендер арасындағы  бразилиялық джиу- джитсу бойынша ашық Халықаралық чемпионаттан алтын медальмен оралды.

                                           Cынып  жетекшісі: Ошақбаева З.И.

              


           №56  мектеп – лицейдің  4 «Д» сынып оқушысы Сұлтан Мөлдір  қараша айында Қарағанды қаласында өткен халықаралық спорттық биден жүлделі 2-ші және 3 –ші орын иегері. Оқу озаты атанды, әдемі де сүйкімді қызымызды осы тұғыры биік сайыста жетістікке жетуімен құттықтаймыз!


Сынып жетекшісі:  Мұрат Б.М.


«ОҚУ МЕН ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ТӘСІЛДЕР » тақырыбына коучинг  

« Ойлы болсаң,озып көр» тақырыбы бойынша танымдық сайыс 

«Ұшқыр ой мен шешен тіл»


 
 

Послание
Президента

blog1.jpg?_=1510120441

Біздің сайтқа баға беріңіз ???

Дауыс беру

Статистика

  • Осы айда : 1454
  • Осы аптада : 55
  • Кеше : 9
  • Бүгін : 2
  • Желіде : 0

Полезные ссылки