Меню KDT
МЕНЮ

«№56 мектеп-лицей»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

logo.png

 Сәлеметсіз бе! №56 мектеп-лицей сайтына қош келдіңіз!
Меню школы

Бастауыш бірлестігі

БАСТАУЫШ СЫНЫП ӘДӘСТЕМЕЛІК БІРЛЕСТІГІНІҢ АПТАЛЫҒЫ АЯСЫНДА  ӨТКІЗІЛГЕН ІС-ШАРАЛАРДАН КӨРІНІС


  

 


2 «Г» сыныбында «Айнала алтын күз» атты ашық тәрбие сағаты өтті.Ата –аналар түгелдей қатысып, кері байланыстарын берді.Күз туралы білгендерін ашық сұрақтар арқылы оқушылар өз ойларын өте жақсы жеткізе алды.
                                                                                                                                                    Сынып жетекшісі: Кабдолданова Ж.А.


 


2 «Ә» сынып оқушысы Айдаров Даниал  жыл сайын Алматы қаласында өтетін  балалар мен үлкендер арасындағы  бразилиялық джиу- джитсу бойынша ашық Халықаралық чемпионаттан алтын медальмен оралды.

                                           Cынып  жетекшісі: Ошақбаева З.И.

       

           №56  мектеп – лицейдің  4 «Д» сынып оқушысы Сұлтан Мөлдір  қараша айында Қарағанды қаласында өткен халықаралық спорттық биден жүлделі 2-ші және 3 –ші орын иегері. Оқу озаты атанды, әдемі де сүйкімді қызымызды осы тұғыры биік сайыста жетістікке жетуімен құттықтаймыз!


Сынып жетекшісі:  Мұрат Б.М.




«ОҚУ МЕН ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ТӘСІЛДЕР » тақырыбына коучинг  

« Ойлы болсаң,озып көр» тақырыбы бойынша танымдық сайыс 

«Ұшқыр ой мен шешен тіл»



 
 
23.02.2017ж.

    №56 мектеп-лицейінде «Жаңалық пен нәтиже – бір талпыныс,бір жүйе» атты бастауыш сынып  апталығының аясында  3-4 сыныптар оқушыларының қатысуымен Мұхтар Әуезовтың «Көксерек» әңгімесі төңірегінде оқырмандар конференциясы өтті. Жұмыстың мақсаты –оқушыларға әңгіменің идеясын жан - жақты талдай отырып ашу; Адамдар мен көк бөрінің іс - әрекеттерін саралай отырып, адамзаттың табиғатпен психологиялық тепе - теңдікті сақтау керектігін түсіндіру мен балаларды барынша көркем әдебиет оқуға жұмылдыру  болып табылды.

 Оқырмандар конференция жұмысы мынадай бөлімдерден тұрады:

  1. М.Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына тоқталу
  2. М.Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына тоқталу
  3. Мәтіннің қатты әсер еткен тұстары
  4. Сұрақ – жауап арқылы қорытындылау.

Оқырмандар бөлмесіне жиналған оқушылар ұйымдастырылған іс-шараға белсенді дайындықпен келіп, ашық ойларын ортаға сала білді.Оқиғадағы сюжеттерді суреттеп, оқиға желісінің дамуын шебер айта білу арқылы, сөйлеу машықтары қалыптасқан  жас оқырмандар сөз бен ойларын таластыра білді.

Белсенді қатысып ой - толғаған   жас оқырмандарымыз: Тұрғымбай Еңлік, Кеңеспай Аяжан ,Әмірбекова Іңкәр,Амангелді Альбина,Смаилова Асия,Алтынбеков Мақсат,Абдрахманов Ерасыл,Көшербай Ұлпан,Төлехан Жанайым, Танирбергенова Мадина,Амангелды Асида,Есен Айзия,Қайыржанқызы Қарақат, Айбек Дінмұхамед, Гауан Ұлан, Балташева Айғаным,Ермек Мерейлім,Куандык Аянат,Қазақбай Айсұлу, Дүйсенбек Еңлік.Мамырбек Ақерке.

     Конференциядан көріністер:


Послание
Президента

blog1.jpg
Мектеп директоры:
Жұмағазы Әзенұлы Әлпішев
Біздің сайтқа баға беріңіз ???

Дауыс беру

Статистика

  • Осы айда : 696
  • Осы аптада : 225
  • Кеше : 31
  • Бүгін : 19
  • Желіде : 1

Полезные ссылки