Меню KDT
МЕНЮ

«№56 мектеп-лицей»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

logo.png

 Сәлеметсіз бе! №56 мектеп-лицей сайтына қош келдіңіз!
Меню школы

Ата-аналарға


                                                                                       П     
    Мүгедек бала бағып отырған отбасыға қандай жәрдемақы төленеді... 

     Аз қамтылған және толық емес отбасыға мемлекеттен қандай қолдау бар... 

    Қазақстанда көпбалалы аналарға қандай көмек көрсетіледі... 



 




                 



 

 
 

Ата-аналар назарына!

 

 

1, 9, 10, 11 сыныптар үшін сағат 10:00-де Алғашқы коңырау болады. 5-8 аралығындағы сыныптар үшін сағат 11:30-да Білім күніне арналған тәрбие сағаты болады.

Жаңадан келген оқушылардың ата-аналары үшін сағат 11:30-да 306 кабинетте (3 қабат) жиналыс болады.

 

 

 

Мектеп әкімшілігі



 


Астана қаласының коммуналдық МББМ жүзеге асыратын мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарынан тыс ақылы білім беру қызметтерін ұсыну туралы



Ата-аналар назарына!!!
Астана қаласы ІІД Жергілікті полиция қызметі кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мектеп учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Елубаева Сания Серікқызы қызмет көрсететінін хабарлайды.
Байланыс телефоны: 8775 172 23 17


 Құрметті ата-аналар!
2017-18 оқу жылының 1-қыркүйегінен бастап мектептерге бірыңғай мектеп формасы енгізілді.

№56 мектеп - лицей логотипі

  

Бекітілген бірыңғай мектеп формасы





Уважаемые
родители!    

           Теперь вы можете подать заявку на поступление/перевод в школу онлайн, через единый образовательный портал города Астаны. Для этого Вам надо перейти на портал отдела образования http://astana-bilim.kz/, затем в меню выбрать пункт «Заявка в школу», где Вам необходимо заполнить форму и прикрепить фотографию документа, подтверждающий адрес проживания ребенка (адресная справка) и фотографию свидетельства о рождении ребенка. При заполнении формы вы можете выбрать школу, класс и язык обучения. После заполнения заявки она отправится непосредственно в саму школу, где будет вынесено решение, которое придет на почтовый ящик, указанный при заполнении формы.

 



Құрметті ата-аналар!

 

         Біз  Сіздердің осы бір сиқырлы сөздерді «сәлеметсіз бе», «өтінемін», «рақмет», «кешіріңіз» деген сөздерді балаңыз ОТБАСЫНДА   үйренетінін естеріңізге саламыз.

 Жинақылыққа, жақсы  қарым-қатынасқа, шыншылдыққа, үлкендерді сыйлауға ОТБАСЫНДА үйренеді.

 

 

 Тек ОТБАСЫНДА  ғана қоқыс тастамауға, дөрекі сөйлемеуге, тамақтану кезіндегі мәдениеттілікке үйренеді.

 

 
ОТБАСЫНДА ғана ұйымшылдыққа, өз заттарына ие болуға, біреудің затына тиіспеуге үйренеді.

 

 Біз мектепте балаңызға тілдер мен математиканы, тарих пен географияны, физика мен химияны, дене шынықтыруды үйретеміз!

 

Мектеп- ата-ана тәрбиесін өзгертпейді тек шыңдайды!!!

  Сіз қалай ойлайсыз? (Өз ойыңызды білдірсеңіз, біздің алдағы жұмыс жоспарымызға сіздің ойыңыз маңызды)

 

  

Орта білім беру ұйымындағы  міндетті мектеп формасына арналған бірыңғай нұсқаулық

(Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 14 қаңтар 2016 жылғы №26 бұйрығына сәйкес)

 
     2007 жылғы 27 шілдедегі  5-бабының 14-1 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының  міндетті мектеп формасын енгізу туралы;

Бірыңғай мектеп формасын енгізудің мақсаты: білім алушылар арасындағы әлеуметтік теңдікті қалыптастыру мақсатында құрылған.

Мектеп формасы:

  1. Мектеп формасы класикалық үлгіні ұстанады;
  2. Түсі-қою көк
  3. Әр мектептің өзіне тән төсбелгісі
  4. Ер балаларға: пиджак, желет, шалбар (ұзындығы тобықты жауып тұрады, кең пішілген), ақ жейде (мерекелік және күнделікті), аяқ киім үлгісі- классикалық  қара туфли

Қысқы кезеңге тоқыма желет.

  1. Қыз балаларға: пиджак, желет, белдемше, шалбар (ұзындығы тобықты жауып тұрады, кең пішілген), классикалық үлгідегі жейде (қысқы кезеңде тоқыма желет, сарафан), аяқ киім үлгісі- классикалық  қара туфли немесе балетка
  2. Белдемше офистік (классикалық) үлгіде,  ұзындығы тізеден 5 см  артық жоғары болмауы керек.
  3. Мектеп формасында діни киімдердің элементтері  және түрлі әшекей бұйымдар болуына рұқсат етілмейді.
  4. Спорт киімі ер балалар мен қыз балаларға: спорттық костюм, спорттық аяқ киім (кроссовка, кеды) жатады.
  5. Спорттық аяқ киім мектеп формасымен киюге рұқсат етілмейді.
  6. Оқушының мектеп формасымен қамтамасыз етілуі ата-ананың міндеті.

 


    


ХАБАРЛАНДЫРУ!

 

       2017-2018 оқу жылына 1 сыныпқа келетін 6 жастағы балалар үшін (балабақшадан өтпеген) мектепалды даярлық «Бүлдіршіндер мектебі» жұмыс атқарады.

  Басталу уақыты: 

Күні: 01 – 18 тамыз аралығы.

Уақыты: 09:00 – 12:00.

              

                                                                                                                                                     Мұғалімдер: Серікбаева Айдана Маратқызы

                                                                                                                                                                              Ақмырзаева Айгүл Ізбасарқызы

 Ескерту: келетін оқушы міндетті түрде мектептің мөлтек ауданында тіркелген болу керек.

  

Мектеп әкімшілігі










 
 

 
 
 

         

 


 




25.11.2015ж

Астана қаласы №56 мектеп-лицейінде Республикалық олимпиаданың І кезеңі, яғни мектепішілік кезеңі өткізіледі. Сенбі күні ІІ кезеңі өткізіледі. Қатысатын оқушылар тізімі. 

16 қазан 2015ж

АТА – АНАЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!

         Астана қаласының Білім басқармасы, Сіздің назарыңызға Астана қаласы әкімдігімен келісіп белгіленген, қысқы кезеңдегі ауа-райының қолайсыз жағдайларына байланысты қала бойынша білім ұйымдарындағы (жалпы білім беретін мектептер, колледждердің 1-2 курс студенттері үшін) сабақты тоқтату параметрлерін ұсынады.

       Оқу жылының қысқы кезеңінде білім алушылардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау мақсатында, білім ұйымдарындағы сабақты тоқтатудың  параметрлері:

       1-4 сыныптарда ауаның температурасы минус 25 градус және одан төмен тиімділігінде (атмосфералық ауаның температурасы желдің жылдамдығына сәйкес) болғанда;

       1-9 сыныптарда ауаның температурасы минус 30 градус және одан төмен тиімділігінде (атмосфералық ауаның температурасы желдің жылдамдығына сәйкес) болғанда;

       1-11 (12) сыныптарда, колледждерде (1-2 курс студенттері) үшін ауаның температурасы минус 35 градус және одан төмен тиімділігінде (атмосфералық ауаның температурасы желдің жылдамдығына сәйкес) болғанда;

        Сонымен қатар, егер желдің күші 15-20 м/с болғанда ауа температурасы күшейеді (қатты жел, боран, көру деңгейінің төмендеуі).

 

Сіз сабақты тоқтату туралы ақпаратты 6.45-тен 7.00-ге дейін (І ауысым) және 12.15-тен 12.30-ға дейін (ІІ ауысым) келесі ақпарат көздерінен алуға болады:

 

        - «Алма ТВ» кабельдік жүйесіне қосылған болсаңыз, «31-арна», «СТВ»  арналарының жүгіртпе жолында, «АлмаТВ», Астанателеком «Digital ТВ» кабельді телевизиялық жүйесінің ақпараттық каналынан жазбаша түрде хабарлама беріледі;

        - «Хабар», Қазақстан-1», «ОРТ Қазақстан», «Астана ТВ» , «КТК», «НТК» телеарналарынан «дауысты хабарлама беріледі;

        - «Радио-Астана», «Ретро-ҒМ», «Қазақстан-РВ», «Авто-радио», «Шалқар» радио толқындарынан  «дауысты хабарлама»  беріледі;

        -  169 (ақылы), 109 (ұялы телефоннан ақысыз) телефондарына қоңырау шалуға болады;

        -  Астана қаласы әкімдігінің www.astana.gov.kz сайтында беріледі;

        -  Білім басқармасының bilim.astana.kz сайтында сабақты тоқтату параметрлері туралы ақпарат берілген;

       -  ата – аналар үшін балалары оқитын мектептің кезекші телефонына, сынып жетекшісіне, мектеп әкімшілігіне  хабарласуға болады;

 Ескерту:  Ата-аналардың есіне, сабақты тоқтату туралы ақпарат көрсетілген уақытта беріледі. Сабақты тоқтату туралы ақпарат берілгенше күтіңіздер, өйткені  ақпарат беру мекемелердің жұмыс кестесіне байланысты. Қыс мезгілінде ауа-райының суықтығын ескеріп балаларыңызға жылы киінуді, ақпаратты уақтылы тыңдауын қатаң тапсыруларыңызды өтінеміз.

 

 

 Ата-аналардың (заңды тұлғалардың) және басқа тұлғалардың

мектепте болу тәртібі

 Білім беру мекемесінде болу мектеп әкімшілігімен немесе педагогтармен алдын ала келісім бойынша рұқсат беріледі.

  1.  Белгіленген кездесу туралы мектеп қызметкері алдын ала күзет қызметіне жазбаша түрде хабарлайды.
  2. Сынып жетекшілері сыныптың ата-аналар жиналысы, ата-аналар комитетінің отырыстары және бөгде адамдардың қатысуымен өтетін өзге де іс-шаралар туралы мектепке келушілерді есепке алу журналына міндетті түрде жазып, алдын ала мектеп әкімшілігіне және кезекші күзетшіге хабарлауға міндетті.
  3. Бастауыш сынып мұғалімдері оқу күнінің аяқтау уақыты туралы ата-аналарға алдын ала айтуы керек, сабақ аяқталған соң балаларды киіндіріп, мектептен бірге шығарып салады.
  4. Балаларын мектепке сабаққа, қосымша сабақтарға (секциялар, үйірмелер, факультативтер) алып келген немесе алып кетуге келген ата-аналар балаларын мектептің 1-қабатындағы вахтаның жанында холлда күтіп тұрады.
  5. Мектепте болу кезінде мыналарға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:
  • қоғамдық тәртіпті бұзуға;
  • өзімен бірге оқ атылатын, газ, пневматикалық және суық қару, пиротехника, арнайы қорғаныс құралдарын, есірткі заттарын алып жүруге,
  • спирт ішімдіктерін өзімен алып келуге және ішуге, темекі шегуге;
  • мектеп қызметкерлеріне, оқу үдерісіне кедергі жасауға;
  • өзімен бірге жануар ертіп келуге;
  • сауда жасауға және жарнама жұмысымен айналысуға.
  1. Мектеп қызметкерлері мектепке келушіні мынадай тәртіп бұзған жағдайда шығарып жіберуге құқылы:
  • қоғамдық тәртіпті бұзған және объектіге қауіп туғызған жағдайда;
  • мектеп аумағында мақсатсыз жүргенде және объектінің қалыпты қызметіне кедергі жасағанда;
  • мектеп ішіндегі және сыртындағы мүлікке қол сұққан жағдайда;
  • мектеп қызметкерлері мен оқушыларына дөрекілік танытқанда;
  • мектепке келуші өз іс-әрекетіне жауап бере алмағанда, жанжал туғызғанда, басқа келушілердің ар-намысына тигенде.
  1. Шұғыл жағдайдағы барлық мәселелерді кезекші әкімші шешеді.

 

 

  1. Ата-аналардың мектепке кіруіне мектеп әкімшілігімен немесе педагогтармен алдын ала келісім бойынша рұқсат беріледі.
  2. Мектептің басқа қызметкерімен кездесу үшін мыналар қажет:
  • кездесу уақыты мен орны туралы алдын ала келісу;
  • мектепке белгіленген уақытта жеке басын куәландыратын құжаттармен келуі;
  • вахтерге келіп , өзінің келгенін тіркеуі керек: аты-жөнін айту, келу мақсатын, кездесу белгіленген мектеп қызметкерінің аты-жөнін айту, жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуы;

 Естеріңізде болсын! Мұғалімдермен кездесу тек оқу үдерісі аяқталған соң ғана жүргізіледі!

Сабақ кезінде мұғалімді және оқушы шақырып алуға тыйым салынады!

* қоғамдық тәртіпті бұзуға;

* өзімен бірге оқ атылатын, газ, пневматикалық және суық қару, пиротехника, арнайы қорғаныс құралдарын, есірткі заттарын алып жүруге,

* спирт ішімдіктерін өзімен алып келуге және ішуге, темекі шегуге;

* мектеп қызметкерлеріне, оқу үдерісіне кедергі жасауға;

* өзімен бірге жануар ертіп келуге;

* сауда жасауға және жарнама жұмысымен айналысуға.

Мектеп қызметкерлері мектепке келушіні мынадай тәртіп бұзған жағдайда шығарып жіберуге құқылы:

* қоғамдық тәртіпті бұзған және объектіге қауіп туғызған жағдайда;

* мектеп аумағында мақсатсыз жүргенде және объектінің қалыпты қызметіне кедергі жасағанда;

* мектеп ішіндегі және сыртындағы мүлікке қол сұққан жағдайда;

* мектеп қызметкерлері мен оқушыларына дөрекілік танытқанда;

* мектепке келуші өз іс-әрекетіне жауап бере алмағанда, жанжал туғызғанда, басқа келушілердің ар-намысына тигенде.

* Шұғыл жағдайдағы барлық мәселелерді кезекші әкімші шешеді.

 

Ата-аналардың мектепте болу тәртібі


Ата-аналардың мектепке кіруіне мектеп әкімшілігімен немесе педагогтармен алдын ала келісім бойынша рұқсат беріледі.

Мектептің басқа қызметкерімен кездесу үшін мыналар қажет:

* кездесу уақыты мен орны туралы алдын ала келісу;

* мектепке белгіленген уақытта жеке басын куәландыратын құжаттармен келуі;

* вахтерге келіп , өзінің келгенін тіркеуі керек: аты-жөнін айту, келу мақсатын, кездесу белгіленген мектеп қызметкерінің аты-жөнін айту, жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуы;

 

Естеріңізде болсын! Мұғалімдермен кездесу тек оқу үдерісі аяқталған соң ғана жүргізіледі!

Сабақ кезінде мұғалімді және оқушы шақырып алуға тыйым салынады!

 
Ата-аналардың мектепке тіркелмей кіруіне тек мына жағдайларда ғана рұқсат беріледі:

* Ата-аналар жиналысы;

* Ашық есік күндері;

* Мерекелік іс-шаралар.

 

Бөгде тұлғаларды  мектепке  кіргізу

*Бөгде тұлғаларды мектепке кіргізу (бөгде тұлғалар деп білім беру үдерісін тікелей іске асыруға байланысы жоқ және мектепте оқымайтын немесе олардың ата-анасы (олардың заңды өкілдері)емес азаматтар, оларға тек білім мекемесі әкімшілігінің келісімі бойынша рұқсат беріледі.

*Мектеп әкімшілігінің рұқсатымен бөгде тұлғаларды кіргізу тек мектеп вахтасындағы журналға келу мақсатын міндетті түрде жазып, жеке басын анықтаған, соң ғана кіргізу мүмкін болады.




 2014-2015 оқу жылында құжаттарды қабылдау 1 маусым айынан басталады.

1сыныптар үшін

Оқушының іс-құжаты (1-сынып)

1

Жеке  іс қағазы

2

Тұрғылықты жерінен анықтама  (дом.книга копия)

3

Туу туралы куәлік көшірмесі(нотариус заверен.)

4

№ ИНН көшірмесі

5

Отбасы құрамы туралы анықтама  (состав семьи)

6

Ата-анасының жұмыс орнынан анықтама

7

Баланың денсаулық парағы  (мед.карта) Ф-63

8

3х4 форма суреті (2 штук)

9

файл



2-11 сыныптар үшін

Оқушының іс-құжаты

1

Жеке  іс қағазы

2

Тұрғылықты жерінен анықтама  (дом.книга копия)

3

Туу туралы куәлік көшірмесі (нотариус заверен.)

4

№ ИНН көшірмесі

5

Отбасы құрамы туралы анықтама  (состав семьи)

6

Ата-анасының жұмыс орнынан анықтама

7

Баланың денсаулық парағы  (мед.карта) Ф-63

8

3х4 форма суреті (2 штук)

9

Оқу үлгерімі табельдері

10

1-ші  сыныпқа қабылданған өтініші

11

Кету қағазы

12

файл

Мектепке міндетті  түрде мектептің   ықшам ауданына жататын  көшелер  қабылданады.

 Абай көшесі 8,Күмісбеков көшесі 1-43,Репин көшесі,Айпара көшесі 1-17,Кенесары көшесі 1,4 ЖК «Эмират»,Шевченко көшесі 4 ЖК «Тархан»,Пионерская көшесі 4а,19 8,8/1,8/2,10,10/1,10/2,10/3,10/4, Бигельдинов көшесі 5,6,6а,7,8,8/1,9,11,10,12, Сарыарқа д-лы 14,16, Кенесары көшесі 13,15,19,21,25. (Орыс тілінде №35МЛ)

Сарыарқа д-лы 1,1А,3,8,11 ЖК «Монблан», (Орыс тілінде №1МЛ)

№1 МЭЛ шағын ауданы бойынша төмендегі көшелердің (қазақ сыныбы)  оқушылары қабылданады.

Сарыарқа даңғылы 12,14,16,Жеңіс даңғылы 2,4,5,5/1,6,6/1,6/2,6/3,7,8,8/1,9,10.

А.Букейхана 2,2/1,4,6,8,8/1,8/2,8/3,10,12,14,16,2620/1,22.

«Комсомольская көшесі жаңа атауы-Желтоқсан көшесі 1,2,2/1,2/2,2/3,2/4,6,7,8,9,10,10а,11,13,72. Гумар Қараш  көшесі жаңа атауы-Акмолинская көшесі 3,10. Кенесары көшесі 3,14,15,16,17,18,19,20,21,22,23,24,25,26,27,28,29,30,31,31/1,32,33,34,35,36,37,39,41,43,43/1. Бейбитшилик көшесі 1,3,5. Рыскулова көшесі 21,22,24,25,26,26/1,26/2,26,/3.

Бигельдинов көшесі 6,6а,8,8/1,10,12,13,14а,14б,14в,14г,14д,50.

Пионерская көшесі 4а,19

Ата-аналардың назарына!

           Астана қаласының Білім басқармасы Сіздердің назарларыңызға қысқы кезеңдегі ауа-райының қолайсыз жағдайларына байланысты қала бойынша білім ұйымдарындағы (жалпы білім беретін мектептер, колледждердің 1-2 курс оқушылары) сабақтарды тоқтату параметрлерін ұсынады.

          Оқу жылының қысқы кезеңінде білім алушылардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау мақсатында білім ұйымдарында сабақты тоқтатудың төмендегідей  параметрлері Астана қаласы әкімдігімен келісіп белгіленді:       

         1-4 сыныптарда ауаның температурасы -25 градус және одан төмен тиімділігінде (атмосфералық ауаның температурасы желдің жылдамдығына сәйкес) болғанда;

         1-9 сыныптарда ауаның температурасы -30 градустан төмен болғанда;

         1-11(12) сыныптарда, колледждерде (1-2 курс оқушылары) үшін - 35 градустан төмен болғанда;

         Сонымен қатар, егер желдің күші 15-20 м/с болғанда ауа температурасы күшейеді (қатты жел, боран, көру деңгейінің төмендеуі).

 

Сабақты тоқтату туралы ақпарат

  - «Алма ТВ» кабельдік жүйесіне қосылған болсаңыз, «31-арна», «СТВ»  арналарының жүгіртпе жолында сағат 6.45-тен - 7.00-ге дейін (І ауысым) және 12.15-тен - 12.30-ға дейін (ІІ ауысым), «АлмаТВ», Астанателеком «Digital ТВ» кабельді телевизиялық жүйесінің ақпараттық каналынан жазбаша түрде хабарлама беріледі;

-  «Нетринг сервис» кабельдік жүйесіне қосылған болсаңыз,  «31 - арнаның» жүгіртпе жолында сағат 6.45 - 7.00-ге дейін (І ауысым) және 12.15 - 12.30-ге дейін (ІІ ауысым) беріледі;

-  «Хабар», Қазақстан-1», «ОРТ Қазақстан», «Астана ТВ» , «КТК», «НТК» телеарналарынан «дауысты хабарлама» сағат 6.45 – 7.00-ге дейін (І ауысым) және 12.15-12.30-ге дейін (ІІ ауысым) беріледі;

- «Радио-Астана», «Ретро-ҒМ», «Қазақстан-РВ», «Авто-радио», «Шалқар» радио толқындарынан  хабарлама  сағат 6.45 - 7.00-ге дейін (І ауысым) және 12.15-12.30-ге дейін (ІІ ауысым) беріледі;

-     118-01 (8.00 ден – 18. 00 ге дейінгі аралықта),  169 (ақылы), 109 (ұялы телефоннан ақысыз) телефондарына қоңырау шалуға болады;

- Астана қаласы әкімдігінің www.astana.gov.kz сайтынан сағат 6.45-тен (І ауысым), 12.15-тен (ІІ ауысым) бастап ақпарат беріледі;

-  Білім басқармасының bilim.astana.kz сайтында сабақты тоқтату параметрлері туралы ақпарат берілген;

-  ата – аналар үшін балалары оқитын мектептің кезекші телефонына, сынып жетекшісіне, мектеп әкімшілігіне  хабарласуға болады;

Ескерту:  Ата-аналардың есіне, сабақты тоқтату туралы ақпарат жаднамада көрсетілген уақытта беріледі. Сабақты тоқтату туралы ақпарат берілгенше күтіңіздер, өйткені  ақпарат беру мекемелердің жұмыс кестесіне байланысты. Қыс мезгілінде ауа-райының суықтығын ескеріп балаларыңызға жылы киінуді, ақпаратты уақтылы тыңдауын қатаң тапсыруларыңызды өтінеміз.

 

Сынып жетекшісінің міндеттері
Сыныпта қолайлы моральдік–психологиялық ахуал қалыптастыру үшін, сынып ерекшеліктерін ескере отырып, сыныптың жылдық тәрбие жоспарын жасайды.

      1. Сыныпта қолайлы моральдік–психологиялық ахуал қалыптастыру үшін, сынып ерекшеліктерін ескере отырып, сыныптың жылдық тәрбие жоспарын жасайды.
      2. 2.Әр жаңа оқу жылы басталғанда сыныптың, сынып ата-аналарының ұйымдастыру жиналысын өткізіп, сынып оқушыларын, ата-аналарды оқушы мен ата-ананың  құқықтары мен міндеттерімен,мектептің ішкі ережесімен таныстырады.
      3. 3.Сынып оқушылары мен ата-аналарының мектептің ішкі ережесіне бағынып, өз міндеттерін  дұрыс атқаруын  назарда ұстап, талап етіп отырады.
      4. Сабақ уақытынан 20 минут бұрын оқушыларын күтіп алады, сабақ аяқталғанна кейін шығарып салады, сынып оқушыларының сабаққа қатысуын қадағалайды
      5. 5.Сынып ұжымының бірлескен іс-шараларын ұйымдастырады.
      6. 6.Мектеп психологымен бірігіп оқушының қоғамдық өміріне түзетулер жасайды.
      7. 7.Отбасымен бірігіп, баланың дамуына, оның даралық қасиеттерін қалыптастыруына жағдай жасау үшін жан-жақты  байланыс орнатады.
      8. 8.Сынып оқушыларының психологиялық-әлеуметтік жағдайын жақсы біледі.
      9. 9.Сыныппен тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыру үшін, сынып жетекшісі өз оқушыларын, олардың ерекшеліктерін, дара қасиеттерін біледі.
      10. Сынып оқушыларының этикалық-эстетикалық мәдениетін үнемі назарда ұстайды. (мектеп формасын сақтау, екінші аяқ киімнің болуы, оқушының сырт келбеті- шаша, тырнағы, артық әшекей бұйымдар тақпау, асханада өздерін ұстауы т.б)
      11. Үнемі практикада педагогика, психология мәселелеріне байланысты өзінің білімін жетілдіру.
      12. Оқушылардың денсаулығы және психологиялық жағдайы туралы мағлұмат алып отырады
      13. 12.Сынып жетекшісі – сыныбының сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырып, үйлестіріп, келістіріп өткізеді.
      14. Уақытында көмек көрсету мақсатымен оқушылардың оқудағы жетістіктері мен кемшіліктері туралы толық мағлұмат жинап отырады.
      15. Кіші педкеңестер, консилиумдер өткізу арқылы сынып оқушыларына тәрбиелік ықпал жасайтын пән мұғалімдерінің жұмысын ұйымдастырады.
      16. Сыныптағы қыздармен, ұлдармен, ата-аналармен өткізетін жұмысты мектеп психологы, әлеуметтік педагогтар, дәрігер немесе медбикелермен бірге жоспарлайды.
      17. 15.Сынып белсенділерінің жұмысын жүйелі түрде жолға қойып, өткізеді.
      18. 16.Сынып оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымымен бірлесе жұмыс жасауына жағдай жасайды.
      19. 17.Тоқсан сайын сыныптың оқу үлгерімі, түрлі байқауларға (мектепішілік, қалалық) қатысу пайызы мен нәтижесі туралы оқу-тәрбие орынбасарларына есеп беріп отыру.
      20. 18. Мектепішілік ағымдағы жұмыстар мен қосымша жұмыстарға  жауапкершілікпен қатысу.

1.Мынадай іс-қағаздар жүргізеді:

- Сынып журналы;

-Сынып бұрышын жасау, мектепішілік  ақпараттарды жариялап, көрсетіп отыру;

- Тәрбие жұмысының жоспары;

- Оқушының күнделіктері;

- Тәрбиелік шаралар жинақталған папка;

- Оқушының жеке құжаттары;

-Ата-анамен байланыс дәптері;

- Оқушыларды зерттеуге арналған психологиялық-педагогикалық карталар;

- Сынып жетекшінің циклограммасы.Сыныптың даму көрсеткіштері(тоқсан сайынғы оқу үлгерімі, үйірмелерге, қолданбалы курстарға қатысуы туралы мәлімет, ұйымдастырылған түрлі байқаулар мен оған  қатысу көрсеткіштері салыстырмалы түрде көрсетіледі, нәтижесі диаграмма түрінде көрсетіледі, әлеуметтік жағынан аз қамтылған, көпбалалы жанұя балаларына берілген көмек түрін, сыныпта демеушілік көрсетіп отырған ата-аналар туралы мәліметтерді кесте түрінде көрсету)

  1. 1.Мынадай іс-қағаздар жүргізеді:

-          Сынып журналы;

  1. -Сынып бұрышын жасау, мектепішілік  ақпараттарды жариялап, көрсетіп отыру;

-          Тәрбие жұмысының жоспары;

-          Оқушының күнделіктері;

-          Тәрбиелік шаралар жинақталған папка;

-          Оқушының жеке құжаттары;

  1. -Ата-анамен байланыс дәптері;

-          Оқушыларды зерттеуге арналған психологиялық-педагогикалық карталар;

-          Сынып жетекшінің циклограммасы.Сыныптың даму көрсеткіштері(тоқсан сайынғы оқу үлгерімі, үйірмелерге, қолданбалы курстарға қатысуы туралы мәлімет, ұйымдастырылған түрлі байқаулар мен оған  қатысу көрсеткіштері салыстырмалы түрде көрсетіледі, нәтижесі диаграмма түрінде көрсетіледі, әлеуметтік жағынан аз қамтылған, көпбалалы жанұя балаларына берілген көмек түрін, сыныпта демеушілік көрсетіп отырған ата-аналар туралы мәліметтерді кесте түрінде көрсету)

  1. II. Күнделікті атқаратын қызметі
  2. Оқушыларды қарсы алу және шығарып салу;
  3. Сабаққа кешігіп келген, немесе сабаққа келмей қалған оқушының себебін анықтау, ата-анамен байланыс дәптеріне түсіріп отыру, тәрбие орынбасарларын хабардар ету;
  4.  Оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру;
  5. Сыныпта кезекшілік ұйымдастыру;
  6.  Оқушылармен жеке-дара жұмыс.
  7. Оқушылардың асханадағы
  8. III. Апта сайынғы жұмысы
  9. Оқушының күнделігін тексеру;
  10. Сыныппен жоспар бойынша іс-шара өткізу;
  11. Ата-аналармен жұмыс;
  12. Пән мұғалімдерімен жұмыс;
  13. Оқушылардың ауырғаны туралы анықтамасын жинақтау.
  14. ІҮ. Ай сайынғы жұмыс
  15. Өз сыныбындағы сабақтарға қатысу;
  16. Мектеп психологымен кездесу;
  17. Ата-аналар комитетімен кездесу;
  18. Тәрбие жұмысы бойынша жиналыстарға қатысу.
  19. Ү. Тоқсан сайынғы жұмыс
  20. Сынып журналын толықтыру;
  21. Сынып жетекшілерінің семинарына қатысу;
  22. Тоқсан сайын тәрбие жұмысын қорытындылау жаңа тоқсанға жоспарды толықтыру;
  23. Ата-аналар жиналысын өткізу.
  24. ҮI. Жылына 1 рет:
  25. Ашық іс-шара өткізу;
  26. Оқушының жеке құжаттарын толтыру;
  27. Сынып жұмысынын жоспарын талдау;
  28. Сыныптың  өтілген оқу жылында атқарылған жұмысына толық сараптама жасау.



«Ата-аналар  бақылауында» 
онкүндіктің іс-шара жоспары.

03-13 наурыз 2014 ж.

іс-шара атау

түрі

мерзімі

жауапты

1

Мектеп ережесін сақтауы

/сабақты босататын, кешігетін, мектеп формасын сақтамайтын оқушыларды бақылау/

 

рейд

03-13.03.14ж

Тәрбие орынбасарлары.

Ата-аналар комитеті.

2

«Анамызға мың алғыс!»

/мерекелік концерт/

концерт

 

Тәрбие орынбасарлары.

Өзін-өзі басқару ұйымы

 

3

Тәрбие сағаттарына қатысу

 

сынып сағаты

03-13.03.14ж

Ата-аналар комитеті

4

Қорытынды отырыс

 

жиналыс

 

Тәрбие орынбасарлары.

Ата-аналар комитеті.

Өзін-өзі басқару ұйымы

 


21 ақпан   2014 жылы №56 мектеп-лицейінің ата-аналар комитетінің жалпы  жиналысы  өтеді.  Жиналыста
  1. «ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ -2050: БІР МАҚСАТ, БІР МҮДДЕ, БІР БОЛАШАҚ»  атты   Жолдауына сәйкес алда тұрған міндеттер мен оларды жүзеге асыру жолдары талқылданады.
  2. 6-16 наурыз арасында онкүндіктің іс-шара жоспары бекітіледі.
2014 жылғы Жаңа жыл мерекесіне байланысты өткізілетін ертеңгіліктер кестесі
 Өткізілу орны: мектептің акт залы
 Ұйымдастыруға жауаптылар:
  1. Джиентаева Л.Т   - тәрбие орынбасары
  2. Кемелбекова Ж.С - тәрбие орынбасары
  3. Байбулатов Б.Қ   - АӘД пәні мұғалімі
  4. Маликқызы Л     -   мектеп инспекторы
  5. Абишев Ш         -   д/ш пәні мұғалімі
  6. Усіпбекова Н      -   сынып жетекші
  7. Парманова А.Қ   -   сынып жетекші
  8. Уали У.              – ата-аналар комитеті    
 
сыныптар
өткізілетін мерзімі
жауапты
1
1А,1Ә,1Б,1В,1Г,1Д
 26.12. 10:00 -11.00
Нурсолтанова А.Тоқтарова Ш.
2
4А,4Ә,4Б,4В,4Г  26.12. 11.30- 12.30 Жүмаділова ШОтарова А
  2А,2Ә,2Б,2В,2Г  26.12. 14.30 -15.30 Қажікенова Б.Толеген М
3 3А,3Ә,3Б,3В,3Г,3Д  26.12. 13.00- 14.00 Досаева С.Бөлекбаева А
4 5А,5Ә,5Б,5В,5Г,5Д  27.12 . 14.00- 15.30 Тажикова Ж.Б.
5 6А,6Ә,6Б,6В,6Г  27.12.   16.00- 17.30 Амишева А.
6 7А,7Ә,7Б,7В,7Г  26.12.   16.00- 17.30 Шалова А.Ө
7 8-11 сыныптар 27.12. 18:00-21.00  сынып жетекшілер

 Орындаушы:Джиентаева Л.Т /87753527197/ Кемелбекова Ж.С /87755385830/

 
*** *** ***
14 желтоқсан 2013 жыл

Білім басқармасының елорда мектептерінде сабақтың тоқтатылуы параметрлері туралы хабарламасы Астана қаласының Білім басқармасы Сіздердің назарларыңызға қысқы кезеңдегі ауа-райының қолайсыз жағдайларына байланысты қала бойынша білім ұйымдарындағы (жалпы білім беретін мектептер, кәсіптік лицейлер және колледждердің 1-2 курс оқушылары) сабақтарды тоқтату параметрлерін ұсынады.

Оқу жылының қысқы кезеңінде оқушылардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау мақсатында білім ұйымдарында сабақты тоқтатудың төмендегідей параметрлері Астана қаласы әкімдігімен келісіп белгіленді:

1-4 сыныптарда ауаның температурасы -25 градус және одан төмен (атмосфералық ауаның температурасы желдің жылдамдығына сәйкес) болғанда;

1-9 сыныптарда ауаның температурасы -30 градустан төмен болғанда ;

1-11(12) сыныптарда, кәсіптік лицейлерде, колледждерде (1-2 курс оқушылары үшін - 35 градустан төмен болғанда;

-желдің жылдамдығы 2 м/с аспаған жағдайда, температура мөлшері -5 градусқа ұлғаяды.

Сабақты тоқтату туралы ақпаратты:

- «31арна» телеарнасының жүргіртпе жолында сағат 6.30-тен 8. 00-ге дейін (бірінші ауысым үшін) және 12.15-тен 13.00-ге дейін (екінші ауысым үшін);

- сондай-ақ сабақты тоқтату туралы ақпаратты 118-01 (9. 00 ден – 18. 00 ге дейінгі аралықта), 169 (ақылы) қызметі телефондарынан алуға болады.

- ата – аналар үшін балалары оқитын мектептің кезекші телефонына, сынып жетекшісіне, мектеп әкімшілігіне хабарласуға болады.

Сабақ тоқтату параметрлері туралы astana-bilim.kz сайтынан оқуға болады.

 

Құрметті ата-аналар!

Астана қаласы №56 мектеп – лицейі «е-learning» электронды оқыту жүйесіне эксперимент түрде енген болатын. Сіздің балаңыздың бағалары журналына қол жеткізу, күнделікті бағалар мен үй тапсырмасын белгілеу туралы СМС-хабарламаға жазылу, білім ұйымдарының порталы арқылы сынып жетекшілері мен оқытушылармен байланысу ЭОЖ пайдаланудың негізгі мүмкіндіктері болып табылады. Төмендегі жадынаманы ұсынып отырмыз.

Электрондық оқыту жүйесін (ЭОЖ) пайдалану жөніндегі
ата-аналарға арналған жадынама
  1. 1)Қалай ЭОЖ пайдаланушысы болуға болады?

Ата-аналардың есептік жазбасы (логині) оқу ісі меңгерушісі оқушының ата-анасының деректерін енгізумен автоматты түрде құрылады және сынып жетекшісімен беріледі.

Ескерту: Құру кезінде барлық логиндер үшін пароль – 12345. ЭОЖ-ға алғаш кірген кезде парольді өзгерту қатаң ұсынылады.

  1. 2)Пайдаланушылардың нұсқаулығы қайда орналасқан?

ЭОЖ пайдаланушысының нұсқаулығын қарау үшін Сізге мыналарды орындау қажет:

  1. 1.https://e.edu.kz сілтемесі бойынша білім ұйымының порталына өтіңіз
  2. 2.«Нормативтік құжаттар» бөлімін таңдаңыз
  3. 3.«ЭОЖ пайдаланушылардың нұсқаулығы» қосымша бетін басыңыз
  4. 4.Тізімнен ата-налар үшін пайдаланушы нұсқаулығын таңдаңыз
  5. 3)Күнделікті бағалар туралы СМС-хабарлама мен үй тапсырмасын белгілеу туралы хабарламаға қалай жазылуға болады?

Жазылуды жүзеге асыру үшін мыналарды орындау қажет:

  1. 1.«Басқару» бөлімінде өзінің есептік жазбасымен авторлануы тиіс
  2. 2.«Қосымша» - «Хабарламалар менеджеріне» басу керек
  3. 3.Пайда болған терезеде мобильдік телефон нөмірін көрсету, хабарлама түрін таңдау, «Сақтауды» басу керек
  4. 4.«СМС теңгерімін толтыру» түймешігін басу қажет
  5. 5.Ащылған терезедегі нұсқауларды сақтау және СМС теңгерімін толтыру керек.
  6. 4)ЭОЖ арқылы сынып жетекшілерімен/оқытушылармен қалай байланысуға болады?
  7. Мәтіндік хабарлама құру және жіберу үшін мынадай әрекетті орындау қажет:
  1. 1.https://e.edu.kz сілтемесі бойынша білім ұйымының порталына өтіңіз
  2. 2.«КІРУ» бөлімінде өзінің есептік жазбасымен авторлануы тиіс
  3. 3.«ӨТУ»қосымша бетін басу керек
  4. 4.Ашылған тізімнен «ЖЕКЕ КАБИНЕТТІ»таңдаңыз
  5. 5.«Жаңа хабарламаға» басыңыз
  6. 6.Кімге жолында оқытушының ТАӘ теріңіз, кейіннен хабарлама терезесінде мәтінді теріңіз  және «Жіберуді» басыңыз. Жіберілетін хабарламаға файлды қосымша тіркеуге болады
  7. 5)Пайдаланушылармен кері байланыстар үшін Біздің байланыстар:
  8. Сіз екі тәсілді жақсарту бойынша сұрақтар қоя аласыз және ұсыныс қалдыра аласыз:

1. 1414 немесе 8 800 080 7777 (Қарағанды қаласы үшін 8 800 080 7777) анықтама қызметіне тегін қоңырау шалу

2. «ҰАТ» АҚ жергілікті өкілдігіне қоңырау шалу, ЭОЖ бойынша жауапты қызметкерінің байланыс деректерін https://e.edu.kz/63 сілтемесі бойынша табуға болады

 

(Толығырақ мәліметті сынып жетекшісінен немесе №56 мектеп-лицейінің №211 кабинетіне келіп білуіңізге болады)

Мектеп директоры: Ж.Ә.Әлпішев

 


 

31 тамыз 2013 ж

№56 мектеп-лицейінде алғашқы қоңырау салтанатты жиынына 1, 9, 10, 11 сыныптар қатысады.

Қалған сыныптар үшін "Білім күніне" арналған сынып сағаттары сағат 11.00 де өз сыныптарында өткізіледі. Сынып сағат тақырыптары: «Бір халық-бір ел-бір тағдыр»

 


 Баланы асырап алған ата-аналарға кеңес

 Әрбір кішкентай баланың үйлесімді жеке тұлға ретінде дамуын қамтамасыз ететін негізгі төрт қажеттілік бар: өмір сүру құқығы, сүйікті болу талабы, біреуге қажетті болу талабы, автономияға (тәуелсіздік) құқығы. Бұл қажетіліктер тек отбасында жүзеге асырылады.

Өз отбасында баланы тәрбиелеуге алу туралы шешім- игілікті қадам, бірақ үлкен жауапкершілік болып есептеледі. Бәлкім сіздердің көпшілігіңіз қорқыныш пен күдік сезімін басыңыздан өткізетін шығарсыз. Біз келешекте бала асырап алатын ата-аналарды толғандыратын ең өзекті сұрақтарға жауап беруге тырысамыз.

Отбасында қай жастағы және қандай жыныстағы баланы алған дұрыс?

Келешекте бала асырап алатын ата-аналар баланы асырап алу туралы шешім қабылдаған кезде көбінесе баланың бейнесін-қыз немесе ұл екенін, жасын, көзінің түсін, шашын суреттейтіні жиі кездеседі. Шын мәнісінде, тап сіз армандаған сәбиді табу өте қиын. Көбінесе балалар үйіне келгенде немесе бала туралы ақпаратты газеттен әлде теледидардан көргенде ата-аналар дәл осы баланың өздерінікі екенін түсінеді, сүйтіп баланың жынысы неиесе жасы туралы өз шешімдерін өзгертеді.

Бала неғұрлым кішірек болса, оның бейімделуі соғұрлым жеңіл өтеді, асырап алған ата-ана мен баланың арасында жақындасу, бауыр басу тез басталады. Бірақ сіз бұл жағдайда өзіңіздің күшіңіз бен мүмкіндігіңізді есептеуіңіз керек, өйткені сәби күтімі көп уақытты талап етеді.

Үлкенірек балалардың дағдылануы бір жылдан бір жылға екі жылға дейін ұзағырақ өтеді. Алайда мұндай балалар өзін-өзі билей алады, көп нәрсені біледі және істей алады, олармен қарым-қатынас оңайырақ орнайды. Баланың тұқым қуалайтын ауруларының білінуі қаупі аздау (егер ондай болса, ендігі білінер еді).

Бала туралы және оның даму жөнінде барынша көп ақпарат жинауға тырысыңыз: биологиялық ананың жүктілігі қалай өтті, қалай босанды. Биологиялық ата-аналарының жасы және олардың денсаулығының жағдайы. Бұл ақпарат сізге баланың эмоционалдық көңіл-күйін және мінез-құлқын түсінуге көмектеседі.

 

          Менің туыстарым / жақындарым/ достарым не ойлайды?

Туыстарыңыз бен достарыңыцз сіздің шешімізге қарсы шығуы мүмкін. Бәлкім, олардың дәлелдері сіз үшін қауіптену, күдік, бала асырап алуға қатысты қалыптасқан таптауырын көзқарастар негізінде құрылған шығар. Ендеше, өз ұстанымыңызды сабырмен, ізгі ниетіңізбен түсіндіруінің керек, олардан өзіңізді бірден түсініп, Сәбиініңізді қабылдауын талап етпеңіз. Бала асырап алған ата-аналардың тәжірибесі-бала деген махаббаты мен оны сөзсіз қабылдау- бара-бара жақындардың жүректерін жұмсартады. Ал егер сіз туыстар мен достарыңыздан қлдау таппасаңыз. Бұл жағдайға сабырлы болыңыз. Өйткені барлық адамдар сіз сияқты ойлап және сезе алмайды. Қалай болғанда да уақытында бәрі өз орнына келеді және достарыңыз, жақындарыңыз мұндай күрделі шешім қабылдағаныңыз үшін сізді қадірлеп, қолдау көрсетеді.

 


 Өз балаңызды отбасыңызға жаңа мүшенің
қосылуына қалай дайындау қажет?

 Ең алдымен, өз балаңызбен ашылып сөйлесіп, жетім баланы тәрбиелеуге алған себебіңізді түсіндіріңіз. Оны өзіңізге серіктес етіп алыңыз. Асырап алған балаңыздың жасы туған балаңыздан кіші немесе жастары бірдей болған жөн. Екі балаңызға да бірдей болғаны жөн. Екі балаңызға бірдей уақыт және көңіл бөліңіз. Егер өз балаңызбен шешілмеген проблемаларыңыз болса, басында онымен ашық және сенімді қарым-қатынас орнату қажет. Тек содан соң асырап алатын балаңыз туралы шешеім қабылдаңыз.

 

                  Баланың тексіздігі «геннің нашарлығы» кейін байқала ма?

     Бұл – бала асырап алған арасында көп таралған қауіп. Балалардың көбісі ата-аналардың ішімдікке салынып, қылмыс жасағаны үшін ата-ана құқығынан айырылу салдарынан балалар үйіне тап болады. Нашар отбасында өмір сүру баланың мінез-құлқы мен тәртібінде өз ізін қалдырғанымен, оның қандай ортада тәрбиеленіп жатқаны, сіздің шыдамдылығыңыз және жан жылуыңыздың рөлі өте зор. Тұқым қуалаушылық адамның қандай болатынын жорамалдайды. Асырап алған баланың қандай болатыны көбінесе оның тәрбиесі мен қоршаған ортасына байланысты болады.

  

Бала неге өзін-өзі біз күткендей ұстамайды және
мұндай жағдайда не істеу керек?

 Бала отбасындағы өмірдің жаңа тұрмыс жағдайына тап болғанда тыңдамау, ызақорлық, қорқыныш секілді күйзелісті, іштей ширығуды басынан өткізеді. Сіз баламен қарым-қатынас жасауда жүйелілікті сақтап, сабырлылық танытуыңыз қажет. Отбасы өміріндегі жаңа ережелердің анықтығы мен сіздің баланы қабылдауыңыз оның тезірек үйренуіне және бейімделуіне көмектеседі. Бала сіздің махаббатыңыздың және қамқорлығыңыздың бейнесі екенін есіңізге сақтаңыз. Сонымен қатар баланы оның барлық кемшіліктері мен лайықты мінезімен, үрейі және үмітімен, оның өзі қандай болса, сондай болу құқығымен қабылдаңыз.

 

                Егер бала өзімен-өзі болып тұйықталып
                             қалса не істеу керек?

 Мұндай мінез- құлық негізінде көбінесе айналадағы әлемге сенімнің бұзылуынан туындайды. Сенімді қалпына келтіруде бала мен үлкендер арасында дененің жақындығы, «көзге-көз» түйістіру, бірлескен ойындар, уақыт өткізу, әңгімелесу, жеңіл және байсалды дауыс ырғағы маңызды рөл атқарады.

 

                 Баланы тәрбиелеуде дұрыс жол таңдағанымызды
қалай анықтау қажет?

  Егер бейімделу процесі жемісті өтсе, біраз уақыттан соң баланың бұрынғыдан еркін бола бастағаны, еш қысылып бөгелмейтін көзқарасы, бетіне қызғылт рең жүгіргені байқалады және баланың жүзіне жиі күлкі үйіріле бастайды. Ол өзінің өткен өмірін қиалмай есіне алады, отбасы өміріне белсенді араласады. Егер баламен байланыс сезімі және эмоционалдық жақындық орнаса, онда сіз дұрыс жолдасыз.

 


                 Балаға оны асырап алғаны туралы айту қажет пе, 
қашан және қалай айту керек?

Кейбір ата-аналар асырап алғаны туралы деректі баладан жасырады, бұл жағдай баланы күйзелістен қорғайды деп сенеді. Солай бола тұрса да, психологтар балаға оны асырап алғаны жайлы айтудың бірнеше салиқалы себептері бар деп санайды. Біріншіден, отбасында жасырын сырдың (отбасылық құпия) болу және сақталуы отбасының барлық мүшелерінің эмоционалдық денсаулығына және өзара қарым-қатынасына жағымсыз әсер етуі мүмкін, бұл ата-ананың күйзелісін туғызады.

Екіншіден барлық жасырын сырлар күндердің күнінде белгілі болады.

Сондықтан, ең дұрысы, баланың ақиқатты бөгде адамдардан жағымсыз жағдайда емес, сүйікті адамдардан білгені дұрыс. Сонымен бірге бала үшін бұл ең жақсы қорғаныш болмақ, өйткені жақсы көретін ата-анасы баланың өзін- өзі бағалау қабілетіне зиян келтірмей, оның эмоцианалдықтұрғыда қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Үшіншіден, баланың ата-анам мені алдады деген сезімді олардың арасындағы сенімнің деңгейін төмендетеді.

Егер ата-аналар мен отбасының басқа мүшелері үйде баланың пайда болуына «айрықша», «дұрыс емес» жағдай ретінде емес, қалыпты түрде қараса, онда бала өзі туралы ақпаратты еркін, осы ата-анасынан туғандай қабылдайды. Балалар өмірді ата-аналардың көзімен көретіні даусыз.

Сөйтіп , сіз балаға оны асырап алғаныңыз туралы неғұрлым ертерек айтсаңыз, соғұрлым жақсы. Ең бастысы, бұл ақпарат баланың түсінуіне жететіндей мөлшерде блу керек. Бала неғұрлым өскен сайын соғұрлым оның тегі, тарихы туралы ақпаратты көбірек беруге болады. Өз тарихын білуге әрбір адам, тіпті кішкентай бала құқылы.

 Ата-аналар дайындығының және хабардар болуының жетіспеушілігі көбінесе олардың балалардың мінез-құлқын дұрыс түсіндірмеуіне немесе жағымсыз түсіндіруіне әкеледі. Бүл жайт баланың отбасына бейімделуінің қиындауына себеп болады. Сондықтан бала асырап алған ата-аналардың тәрбиенің негіздері мен бала психологиясымен танысуы қажет. 

                               

 
sim1.png sim2.png sim3.png

Послание
Президента

blog1.jpg
Мектеп директоры:
Жұмағазы Әзенұлы Әлпішев
Біздің сайтқа баға беріңіз ???

Дауыс беру

Статистика

  • Осы айда : 806
  • Осы аптада : 194
  • Кеше : 18
  • Бүгін : 24
  • Желіде : 0

Полезные ссылки